Рубльдің әлсіреуі экономикамызға қалай әсер етеді?
Рубль 4 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қаржыгер Расул Рысмамбетов осындай болжам айтты.
Сарапшылар Ресей валютасының әлсіреуінің себебін көрші елдегі бюджет тапшылығымен түсіндіреді.
Яғни, шығын кірістен асып түседі. Қазір көрші елде экспортқа қарағанда импорт көп.
Экономист Арман Бейсембаевтың айтуынша, мұндай жағдайда Қазақстанда 2014 жылғы жағдай қайталануы мүмкін.
Бағаның төмендеуіне байланысты адамдар ресейлік тауарларды көбірек сатып ала бастайды. Ал бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен қауіп төндіреді. Ұлттық банк бұған жол бермеу керек дейді.
Бауыржан Исабеков, экономист:
- Егер де осындай девольвация бола берсе, баяғыда өздеріңіз білесіздер 2015 жылы теңгенің құны рубльге шаққанда 3 теңгеге дейін болып, шекараға жақын, бүкіл қазақстандықтар Ресейге тұтыну тауарларын алуға көшкен болатын. Бұл бір жағынан жақсы. Арзан бағамен тұтынушы тауарлар, соның ішінде көліктерге дейін тиімді болып, белгілі бір деңгейде өздерінің тұрмыстық жағдайын оңтайландыруға қол жеткізді. бірақ сонымен бірге өзіміздің тауар өндірушілерге теріс әсерін тигізеді. Біз өзімізде міндетті түрде өндірістік тауарлар нарқын қолға алуымыз керек. Ол үшін валютаның тұрақтылығы керек және монетарлық саясатты, яғни экспорттық-импорттық қатынасты тиімді ұстай білу керек.