Ресейдің мұнайы мен газына салынған эмбаргодан кейін баға шарықтады

Ресейдің мұнайы мен газына салынған эмбаргодан кейін баға шарықтады

Әлемдік нарықта энергия тасымалдаушылар құны аспандап барады. Еуроодақ Ресей мұнайы мен газына эмбарго жариялағаннан кейін баға шарықтап кетті. Бұл халықтың қалтасын қаға бастады. Жұрт жеке көлікпен қатынау қиынға соққанын айтады. 

АҚШ-та мұнай, газ бен бензин бағасы шарықтап барады. Кейінгі бір айда газ 48 центке өскен. Нью-Йорк, Иллинойс, Аризона штаттарында бір галлон газдың орташа бағасы 5 доллардан асса, Калифорнияда 6 доллардан асып кетті. Ал Еуроодақ Ресей мұнайына эмбарго жариялаған күні Brent маркалы қара алтынның бағасы 1,2%-ке қымбаттады. Инфляцияның шарықтауы халықтың қалтасын қақты. Таяуда Нью-Йорк штатының билігі жыл соңына дейін 1 галлон газ үшін төленетін салықты 16 центке төмендету туралы шешім қабылдады.  

- Әр центты санап қалдық. Мен 80 долларға жанармай құямын. Тапқан табысымыз көлігімізге кетеді. Жағдайымыз қиындап кетті.  

Бельгия

Ресейге қарсы қабылданған санкциялардың салқыны Еуропалық компанияларға кері әсерін тигізе бастады. Еуроодақ Мәскеуге қарсы 5 санкциялар пакетін жариялаған. Экономикалық шектеу шараларынан инфляциялық қысым күшейіп кетті. Бұл экономикалық мәселелердің ушығуына әкеп соқты.

Фредерик Балдан, CEBIZ консалтинг компаниясының бас директоры: - Санкциялар кесірінен инфляция күшейді. Енді АҚШ-тан импортталатын энергия көзін қымбат бағамен сатып алуға мәжбүрміз. Бұдан Құрама Штаттары ұтып отыр. Өйткені Американың өзі газ бен мұнайдың бір бөлігін Ресейден сатып алып, бізге жібереді. Бұл ақылға қонымсыз. Біз комиссияға екі есе артық төлеуіміз керек.

Испания

Инфляцияның өсуі Еуропаның барлық елінде сезіледі. Мысалы, Испаниядағы инфляция мамырда 8,7 процентті құрады. Елде энергия тасымалдаушылар құны шарықтап барады. Жанар-жағармай мен азық-түлік қымбаттады. 

Германия

Германияда да жағдай мәз емес. Инфляция 7,9 процентке жетті.  Ал, энергия тасымалдаушылар 38 процентке, азық-түлік құны 11 процентке артты. Енді Германиядағы 4 млн жуық отбасы электр қуаты мен газ үшін екі есе артық төлейді. Кірісі төмен тұрғынар үшін билік субсиция енгізді. Оған қазынадан  15 млрд еуро бөлінді. 

Оңтүстік Африка Республикасы

Жаһандық энергетикалық дағдарыс Оңтүстік Африка, Уганда мен Зимбабведе де қатты сезіледі. Жанармай құнынының аспандауына Украина мен Ресей арасындағы соғыс себеп дейді мамандар. Аймақта азық-түлік, электр қуаты мен транспорт құны удай. Бұл аздай Оңтүстік Африкада жұмыссыздық белең алды. Қазір оның көрсеткіші 35 процентке жуықтаған. 

Янни Россоу, профессор, экономист: - Кейінгі бірнеше айда Оңтүстік Африкада жанармайдың қымбаттауы Украинадағы соғыспен тікелей байланысты. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының күрт өсуінен елге импортталатын жанар-жағармай құны өсіп кетті.  

Пәкістан

Бензин Пәкістанда да қымбат. Баға 20 процентке өседі деген хабар тарағаннан кейін жағармай құю бекеттерінде көлік кептелісі түзілді. Кей өңірлерде халық наразылық акциясын ұйымдастыра бастаған. Жуырда ғана ХВҚ Исламабадқа 900 млн доллар көмек бөлінетінін хабарлады.

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста