Ресей астық мәмілесінің тоқтатылғанын хабарлады
Қара теңіз келісім-шарты іс жүзінде тоқтатылды, Ресейге қатысты астық мәмілесі бойынша шарт орындалмады. Бұл туралы Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
"Шын мәнінде, Қара теңіз келісім-шарты бүгін өз жұмысын тоқтатты. Ресей Федерациясының президенті бұған дейін айтқандай, оның мерзімі 17 шілдеде аяқталуы тиіс еді. Өкінішке орай, осы Қара теңіз келісіміндегі Ресейге қатысты бөлік әлі орындалған жоқ", - деді Кремль өкілі. - Астық мәмілесі тоқтады. Ресей бөлігі орындалып жатса ресейлік тарап бұл мәмілені жүзеге асыруға дереу оралады".
Ресей Түркияны, Украинаны және БҰҰ Хатшылығын астық мәмілесін ұзартуға қарсылық білдіргені туралы ресми түрде хабардар етті, деп мәлімдеді РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова.