Рекордтық астыққа заманауи қойма жетпейді

Америкалық технологиямен салынатын заманауи элеваторлар бізге де жеткен. Бүгінде ел аумағында он шақтысы жұмыс істейді. Жеңіл металдан құрастырылған цилиндр формалы мұндай қойма температура өлшейтін құралдармен жабдықталады. Соның арқасында кез келген ауыл шаруашылығы өнімдерін ұзақ уақыт сақтауға болады.
Оны құрастыруға да небәрі бес-алты ай кетеді екен. Әрі бетон құрылғыға қарағанда, өзіндік құны да екі есе арзан. Заманауи қоймада 40 мың тоннаға дейін дәнді дақыл сақтауға болады. Былтырдан бастап осындай қоймалардың құрылысы астықты өңірлерде қолға алына бастады.
Бірақ қойма тапшылығының күн тәр­ті­бінен түсетін түрі жоқ. Қазір бүкіл елде 14,5 мың тонна сыятын 260 астық қоймасы бар. Дәнді дақыл өсіруші облыстардағы лицензияға ие астық қабылдау кәсіп­орын­дарының қоймасына 10,6 млн тонна астық сыя­ды. Қырмандар мен шаруалардың қой­ма­сында 1,5 млн астық сақтауға болады. Осылайша, солтүстіктегі қойма тапшы­лы­ғы 1,5 млн тонна деп айқын­далған. Бұл – Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлі­меті. Министрлік «биылғы астық түсімі — 18,9 млн тонна» деп болжап отыр. Оның 15 мил­лионға жуығы – солтүстік өңірде. Сон­дық­тан биылғы астық түсімінің тағы да бас ауыртатын түрі бар. Мұны ауыл шаруа­шы­лығы министрі Асылжан Мамытбековтің өзі де жасырмайды. «Бүгінде орташа түсім 16 центнерді құрайды. Бұл жинау кезінде де қиындық туғызып отыр. Тіпті заманауи деген комбайнның жылдамдығы өте тө­мен. Бірақ, соған қарамастан, жиын-терін науқаны қарқынды жүруде. Барлығы 75 па­йызы жиналып қойды», – дейді министр.
Әрине, мемлекет тарапынан түрлі шаралар қолға алынған. Сыртқа сатылатын астық тасымалына субсидия беріледі. Биыл осы мақсатта бюджеттен 5 млрд теңге бөлінді. Ал «Азық-түлік корпорация­сы» 5 млн тонна сатып алатынын мәлімдеп тастады. Бұл бидай нарығындағы сұ­ранысты тепе-теңдікте ұстауға мүмкіндік береді. Элеваторлардың құрылысы мен кеңейтуге несие желілері ашылды. Оның жылдық пайызы – 6% және қайтарымы – 10 жылға дейін. Өз кезегінде Премьер-министр Кәрім Мәсімов бидайды экс­портқа шығару нарығын кеңейту қажеттігін атап айтты. Осы орайда Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай, Парсы шығанағы елдеріне бағыттау міндеті тұр.
Сондай-ақ өнімді өткізуге келгенде де кедергі көп. Айталық, сыртқа 6 млн тонна бидай экспортталады. Елдің ішкі сұранысы – тұқымды қосқанда, 8 млн тонна. Сон­дықтан өндіріске деген жалпы қажеттілік – 14 млн тонна. Біздегі өндіріс көлемі одан көп. Сондықтан астық түсімі көбейген жылдары оны сақтау мәселесі алдыдан шығады. Өндірушілер бидайды оның сапасы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін орындарда сақтауға мәжбүр. Оның кесірінен бидайды сатып алу бағдар­ламасына қатыса алмай қалуы да мүмкін. Бұл шаруалардың несие қарызын жабуына, көктемдегі егістік жұмыстарына дайын­дығына кедергі келтіретіні сөзсіз.
Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы:
– Меніңше, астық қоймасы деген мәселеге басқаша көзқарас қажет сияқты. Жалпы, бізде кеңес дәуірінен қалған 16 млн тонна сақтауға жеткілікті қойма болуы керек. Алайда кезінде жекешелендірілгеннен кейін бұрынғы қоймалар сақталған жоқ деп ойлаймын. Содан қойма сыйымдылығы азайып кетті. Енді бұл түйткілді шешу үшін уақытша қоймалар құрылысын жүргізген дұрыс болар еді. Ондай болса, шаруа қожалықтары өнімін жинап алған соң, оны өткізгенге дейін сақтай алатын еді. Ірі астық қоймаларына жеткенге дейін шаруа қожалықтары дең­гейінде сақтауға арналған қоймаларға мемлекеттік инвестицияны қолға алу керек. Шаруа қожалықтары өнімін жинап алған соң, оны ірі қоймаға жеткізгенше, не сатқанға дейін сақтайтын осындай қоймалар салынса, көп мәселе шешілер еді. Міне, сақтауға байланысты біздегі астық өндірушілер өнімін жылдамдатып, көтерме бағамен сатып жібереді де, пайда таба алмай қалады. Өйткені әрбір қожалықтың өзіне арнайы қойма салатын мүмкіндігі жоқ екені белгілі.

Кеше ұлттық тасымалдаушы – «Қазақ­стан теміржолы» астық тасымалдауға арналған көліктің тапшылығы туралы хабарлады. «Қыркүйекке 23 мың бидай тасымалдаушыға тапсырыс берілген. Бидай тасымалдаушының жетіспеушілігіне және Үкіметтің шешімін орындауға байланысты бидай тасымалы ішкі нарыққа бағытталады», – дейді олар. Тасымалдан қиындық көретін отандық трейдерлерге ресейлік компаниялар ұсынып отырған жеке вагондар паркін пайдалануға кеңес берілді. Қазір тәулігіне 350 вагонға астық тиеу жоспарланған. Оның ішінде «Азық-түлік корпорациясының» өтініші бойынша 200 вагон деп белгіленген.
Бір қызығы, Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл жиналатын астықтың жалпы түсімін «соңғы 60 жылдың ішінде бол­маған рекордтық өнім» деп бағалап отыр. Еске түсірсек, алдыңғы жылы да 20,8 млн тонна бидай мен дәнді дақыл жинал­ғанда, «рекордтық» деген баға берілген-тұғын. Ол кезде өнімнің бір бөлігінің ашық аспан астында қалғаны жұрттың есінде. Ал 2009 жылғы «сценарий» қайталанбас үшін не істеу керек?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста