Қызылорданың «Ақмаржаны» тұрғанда Қытай мен Вьетнам күрішіне неге құмармыз?

Сырт көз Сыр жұрттын күрішшілер елі деп атайды. Бұлай болатын жөні бар. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап дария бойында күріш егіліп келеді. Содан бері елдегі еңбеккерлер талай дүниені көзі көрді. Әлемдік рекорд та жасалды. Қаншама тонна қамбаға астық құйылды. Ыбырай атаның ізбасарлары ілкімді ісімен жалпақ жұртқа жайылды. Қазір ше? Сол көркем көріністі тек елестетін күйге түстік. Нарық дедік. Ол бұл салаға салмағын салды. Тіпті кейбір кезеңде өгей баланың күйін кешкендей болды. Әйтеуір, әлеумет әрі-сәрі күйге түсіп қалғаны жасырын емес. «Алаш айнасы»
Кезінде облыстың 250 мың гектары инженерлік жүйеге келтірілді. Оған қаншама қайрат жұмсалды. Қыруар қаржы да құйылды. Кезінде оның пайдасын диқандар көрді. Астық та бітік шықты. Ауылдағы ағайынның ешқандай уайымы жоқ еді. Егісін ексе жетіп жатыр. Ағыл-тегіл астығын жинап алады. Есепке жүйрік нарық заманы ондайға көне қоймады. Әрбір іске есепке керек болды. Күріш шаруашылығының күрмеулі мәселелері көлденеңдеп шыға келді. Не керек, бас-аяғы бес-он жылдың беделінде сан алуан проблема қордаланып қалды.
Әңгіме әлқиссасын тұқымнан басталық. Күріш тұқымының жаңармағанына биыл 31 жыл толып отыр. 1983 жылы жергілікті ғалым Құрманбек Бәкірұлы өндіріске «Ақмаржан» сортын енгізген еді. Содан бері талай заман өтті, елдегілер содан кейін жаңа сортты көрген емес. Ғылым саласына осының өзі өте ұзақ уақыт саналады. Өйткені, күріш егетін кейбір мемлекеттер осы уақыт ішінде 10-15 сортты жаңартып тастаған. Мәселен, көршілес Ресейдің Краснодар өлкесінде көптеген сорттар бар. Қайсыбір жылдары сол жақтан жаңа сорттар жеткізілген. Жергілікті диқандар оны егіп те көрді. Бірақ оларға «Ақмаржан» секілді болу қиын секілді. Жерсініп кете алған жоқ. Ал «Ақмаржан» Қызылорданың жеріне әбден бейімделген сорт екені белгілі.
Рас, жергілікті диқандар тәжірибе алмасу мақсатында алыс-жақын шетелдерге барып та қайтты. Оңтүстік Кореяға ат шалдырып қайтты. Қытайды да көрді. Сосын Италияны аралап келді. Оларда барлығы жүйеленіп қойған екен. Шаруалар тек егін еккенді біледі. Бұл біз үшін таңсық. Қолдан келсе, біз соның барлығын өзіміз жасай аламыз ғой. Бірақ соның барлығын жүйелей алмай келе жатқанымыз жасырын емес.
Қызылорданың күрішімен Қазақстанды түгелдей қамтамасыз етуге әбден болады. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау қажет екені белгілі. Мәселен, сырттан келетін күріш өніміне тосқауыл қою керек. Өйткені, еліміздің қара базарына барып көрсеңіз, Қытай мен Вьетнамның күрішінен көз сүрінетін жағдайға жетті. Әрине, осының өзі біздің өнімге де сұранысқа өз әсерін тигізеді. Ол жақтан келген өнімдер арзан. Дегенмен олар қалай сақталды, бұл жаққа қалай жеткізілді? Оның барлығы күмәнді екені рас. Өкінішке қарай, оған назар аударып отырған ешкім де жоқ. Қазір Сыр күрішінің сапасы ешкімнен кем емес. Оны өңдейтін зауыттардың жабдығы өте жоғары. Тұтынушыға сапалы өнімді ұсына алады. Қысқасы, осындай жағдай күрішші қауымның жолын байлап тұр.
Жалпы, Сыр бойындағы күрішші қауым 1 гектар жерге 166 мың теңгеден астам қаржы жұмсайды екен. Байқасаңыз, аз ақша емес. Қазіргі таңда соның 42 мың теңгесі мемлекет тарапынан субсидия есебінен төленіп келеді. Бұрын одан төмен болатын. Былтыр күріштің әр гектарына берілетін субсидия көлемі 18 мың теңгеден 25 мың теңгеге артты. Әрине, оны аз көмек деп айта алмаймыз. Сондай-ақ, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен күріш консорциумы құрылды. Диқандардан күріштің келісі 40 теңгеден төмен алынбайды. Бұрын алыпсатарлар ауылдағы ағайынның ақысын жеп, олардың өнімін өздерінің қалаған бағасына сатып алып келген еді.
Күріш шаруашылығына үнемі көңіл бөлініп отыруы тиіс. Өйткені, бұл дақыл ала жаздай табаны судан босамайды. Одан басқа қаншама шығын кетеді. Сондықтан осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізілгені артық емес. Расын айту керек, бізде бидай дақылына көбірек маңыз беріледі. Екеуін салыстырып қарап көрсеңіз, бидайға кететін шығын аздау екені рас. Қазақтың құнарлы топырағы бидай дақылын бітік шығарып отыр. Қырман дәнге толды. Тіпті оны өткізудің өзі проблемаға айналды. Бидай шаруашылығында күрішке қарағанда проблема көп емес.
Сыр топырағы өзге аймақтармен салыстырғанда құнары кемдеу екені белгілі. Экологиялық жағдай салдарынан жердің көп бөлігі тұзданып кеткен. Күріш сортаң жерде өсірілуге қолайлы дақыл саналады. Егер ол жерлерде күріш егілмесе, ол алқаптар тұзданып, жарамсыз күйге түсуі ғажап емес. Ендеше, кезінде қаншама қажыр-қайрат жұмсалып, қыруар қаржы бөлінген инженерлік жүйеге келтірілген жерлер жарамсыз күйге түседі емес пе? Сол уақытта қолымызды мезгілінен кеш сермеп жүрмейміз бе екен?
Қайсыбір жылдарда Қызылордада 100 мың гектардан астам алқапқа күріш егілген. Қазір оның көлемі 70 мың гектардан әрең асып тұр. Уақытында біздің өңір Краснодардан кейінгі кезекте Кеңес одағын күрішпен қамтамасыз еткен. Егер қолдау болып жатса, сондай жоғары биікке қайта көтерілуге әбден болады. Бұл үшін құзырлы орындар күріш саласының көкжиегін кеңейтуге құлықты болғаны дұрыс. Өйткені, Қызылорда облысын мекен еткен жұрттың 57 пайыздан астамы ауылдық жерде тұратынын ескерсек, елдегі ағайынның негізгі тіршілік көзі күріш егісі екенін ұмытпайық. «Алаш айнасы»
Қазір күріш саласында күрмеулі мәселелер аз емес...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста