«Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мамандарының хабарлауынша, Сыр өңірінде жаңадан құс фабрикасы салынатын болды. Оның жылдық қуаты 6 мың тоннаға жуық.
Бұрын мұндай кәсіпорын Қызылорда қаласында жұмыс жасаған. Алайда бертін келе бұл өндіріс орнының аяғын тұсау салынып, банкроттық жағдайды басынан өткізді. Содан бері жергілікті тұрғындар құс етін сырттан тасымалдауға мәжбүр болып отыр.
Қызылордалық жұртшылықты қуанышқа бөлеген жағымды жаңалық аталмыш әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен K-Group LTD ЖШС-нің біріккен жобасы болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынатын игілікті істің жалпы құны – 4 млрд теңге.
Құс фабрикасы ауылдық жерде бой көтереді. Оған Жаңақорған ауданы «Қаратөбе» ауылдық округінен 500 гектар жер бөлініп отыр. Бұл жерде келешекте еуропалық үлгідегі құрал-жабдықтар бойынша жұмыс атқарылып, тұтынушы талғамына сай өнім өндіруге мән берілмек.
Қызылордада құс фабрикасы салынады
Последние статьи автора