Қызылордада Интернет Дата орталығы ашылды

Қызылордада Интернет Дата орталығы ашылды

Қызылорда қаласындағы “Қазақтелеком” акционерлік қоғамының ғимаратында Интернет Дата орталығы тұсауын кесті. Бұл жоба елімізде интернет қызметін дамыту бағытында қолға алынған игі істің бірі саналады.

Қазіргі таңда Жер шарындағы жалпақ жұрт бір-бірімен байланыстың заманауи соңғы үлгілерін пайдаланып келеді. Төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріндегі адамзат баласы интернет игілігін өз қажетіне жаратып отыр. Айшылық алыс жерлермен заматында хабар алғызған жаңа технология уақыт ағымымен қарыштап даму үстінде. Осындай оңды істер біздің елімізде де жүзеге асырылып келеді. Интернет Дата орталығы Қазақстан жұртшылығына ерекше пайдасын тигізетін жүйенің біріне айналады деген үміт бар.

Орталықтың ашылу салтанатына “Қазақтелеком” акционерлік қоғамының ақпараттық жүйе дирекциясының бас директоры Андрей Адаменко, техникалық директоры Владислав Григорьев арнайы келді. Алдымен В.Григорьев көпшілік алдында жаңа жобаның тиімділігі жайында жан-жақты мағлұмат беріп өтті. Келешекте оның тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Бүгінгі таңда әлемде интернет желісінің өркендеуі жоғары деңгейде жүріп келеді. Бұл жоба барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды іс саналады. Ол интернет желісінде қазақстандық сигменттің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

Елбасымыз Қазақстанда интернет қызметін дамыту жөніндегі тапсырмасына орай “Қазақтелеком” акционерлік қоғамы көптеген жұмыстар атқарды. Аталмыш орталық – осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралардың бір парасы. Ол ақпараттық қызмет сапасын барынша жақсартады. Деректердің сақталуы мен қорғалуын толық қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күнге дейін мұндай орталықтар еліміздің екі ірі қалалары – Астана мен Алматыда ашылған еді. Ал облыстар арасында ең бірінші Қызылордада іске қосылды. Алдағы жылдың алғашқы тоқсанында орталықтар Қазақстанның тағы да 9 облысында елдің игілігіне айналатын болады. Сала мамандарының айтуынша, келешекте осындай орындар еліміздің барлық қалаларында жұртшылық қажетіне жарайды.

Интернет Дата орталығы қызметін қоғамның барлық салалары пайдаланады. Әсіресе, өзі шығарған тауар мен қызметтерді жарнамалау мақсатында кәсіпкерлер оны көп қолдана бастады. Осының нәтижесінде сауда-саттық айналымы бұрынғыдан бірнеше есеге арта түседі. Сонымен қатар интернет желісін түрлі мақсаттарда пайдалану жылдан-жылға көбейіп отыр. Жалпы жұртшылыққа қажетті деректерді жинақтайтын арнайы сайттар жасауға болады. Дегенмен кезінде осындай жұмыстармен айналысқан адамдар көптеген қиындықтарға кезікті. Ендігі кезекте мұндай жағдайлар артта қалды.

Интернет Дата орталығы (IDC) – желілік кешен, есептеуіш жабдықты және мамандандырылған бағдарламалық қамсыздандыруды білдіреді. Орталық мәліметтерді өңдеуде жаңа ақпараттық коммуникациялық қызметін ауқымды спекторын ұсынатын дәрменді жүйенің бірі саналады.

Соңғы кездері барлық ірі компаниялар өздерінің бизнестерін дамыту мақсатында ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданып келеді. Алайда жеке ақпараттық инфрақұрылым аса маңызды мәселелерді шешуді талап етеді. Мәселен, ақпараттық жүйелер тұжырымдамасын өңдеу, жоба жасау, жабдықтарды жеткізу және жөндеу, қажетті инфрақұрылымды жандандыру, қызметкерлерді оқыту, тиісті құжаттарды жасау секілді жұмыстар атқарылады. Дата орталық тұтынушыларды осы проблемалардан құтқарып, өздерінің жеке бизнестерін дамытуға жол ашады. Сол себепті орталықтың тұжырымдамасы аса маңызды болып табылады.

 IDC өз клиенттеріне көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Олардың қатарында тегін электронды пошта қызметі, виртуалды хостинг (сервер орталығына клиенттердің веб-сайттарын орналастыру), Co-Location (клиенттердің серверін орналастыру), Dedіcated (бөлінген сервер беру, жабдықтарды жалға беру), мәлімет сақтау, жүйелік әкімшілік, виртуалды офис және басқа да қызмет түрлері бар.

“Қазақтелеком” акционерлік қоғамы ақпараттық жүйе дирекциясының бас директоры Андрей Адаменко Интернет Дата орталығы жайлы бірқатар деректерді көпшілікке мәлім етті. Соңғы жылдарға дейін елімізде интернет қызметтің қазақстандық рыногы өз деңгейінде дамымай келді. Қазақстандық контенттің дамуы арқасында осы жылдың ішінде Megaline клиенттерінің ішкі трафигінің жыл басында 10 пайыздан 2009 жылдың қараша айында 70 пайызға дейін тұрақты өсу қарқыны байқалады. Ендігі кезекте осындай жаңа мүмкіндік туып отыр деуге болады.

Атап айтқанда, Қазақстандағы көптеген сайттар Ресей, Украина секілді елдердің интернет алаңдарында орналасып келгені жасырын емес. Ал еліміздің интернет алаңдарында хостинг жасау қалтамызға тиімді болады. Ол отандық интернеттің дамуына және онда отандық ақпараттық қорды жасақтауға үлкен септігін тигізетін болады. Осындай ауқымды жұмыстарды атқаруға ұзақ жылдар бойы өзімізде Интернет Дата орталықтарының болмауы көптеген кедергісін келтірді. Осы жобаны жүзеге асыру еліміздің жетекші байланыс операторы – “Қазақтелекомға” жүктелді. Өткен жылдан бастап осы мақсатта көптеген жұмыстар жүзеге аса бастады. Осының арқасында біздің еліміз жаһандық желі саласында іргелі істерге жол ашты деуге болады.

Үстіміздегі жылдың қараша айының соңына дейін 1200-ден астам Интернет Дата орталығының клиенттері тіркеліп, жабдықтың 540 бірлігі орналастырылды. Сонымен қатар 560-тан астам клиент хостинг қызметін пайдаланады. Бүгін ИДО клиенттері ретінде «Тор 20»: Kiwi.kz – қазақстандық бейне-сервис, НУР қазақстандық порталы, zakon.kz ақпараттық порталы, gameworld.kz, omega.kz, flip.kz, Rabota.kz секілді порталдар және басқа да интернет ресурстардың иегері болып отырған Қазақстан сайттары саналады.

Андрей АДАМЕНКО, “Қазақтелеком” акционерлік қоғамы ақпараттық жүйе дирекциясының бас директоры:
– Қазіргі күні әлемнің барлық елдері интернет саласында соны серпілістерге көңіл бөліп отыр. Бұл орайда Қазақстанда да жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Ол еліміздің жұртшылығы үшін қолайлы жағдай туғызатыны анық. Былтырғы жылдан бері Қазақстанда Интернет Дата орталықтары құрыла бастады. Бұл орындар өз қызметінің тиімділігін дәлелдеп отыр. Ендігі кезекте орталықтар ашуды еліміздің барлық өңірінде қолға алмақпыз. Олардың арасында Қызылорда облысы алғашқының бірі болды. Келер жылдан бастап осындай орталықтар Қазақстанның барлық облыстарында өз жұмысын бастайды. Біз Интернет Дата орталықтарының жалпы жұртшылыққа тигізетін пайдасы зор болатынына сенімдіміз. Осының нәтижесінде Қазақстан жаһандық желіні дамыту барысында алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналады.

Сәдібек БАЛТАБАЙҰЛЫ, “Қазақтелеком” АҚ Қызылорда филиалының бас директоры:
– Қызылордада орталықтың ашылу жобасын жүзеге асыру жергілікті тұрғындарды ақпараттық қызметтерді ұсынудың барынша жоғары деңгейлі сапасымен ерекшеленеді. Тағы да атап өтерлігі, деректерді сақтаудың жоғары деңгейі мен оларға рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз етеді. Жергілікті филиал мамандары облыс аумағында телефон тарту жұмысын өз деңгейінде атқарып шықты. Тіпті тұрғын саны аз елді мекендердің өзіне сандық телефон жүйесін орнаттық. Ендеше, аймақтың кез келген азаматы интернет желісін толық пайдалана алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста