Қытайды қарық қылған көкөніс қазақ ексе шықпай ма?

Қытайды қарық қылған көкөніс қазақ ексе шықпай ма?

 

Қазақ көкөністің түр-түрін өсіргісі келеді
Миллиардтан астам халқы бар көрші Қытай елі озық үлгіде дамыған ауыл шаруашылығының арқасында май шайнап отыр. Олардың 70 пайызы ауылды жерлерде қоныстанған. Егін шаруашылығымен шұғылданып, мемлекеттің де, халықтың да сұранысын өтеп келеді. Сонымен бірге өнімдерін әлемнің көптеген елдеріне экспортқа шығаруда. Бір ғана біздің елімізге көкөністерді экспортқа шығарып, қаншама табысқа кенелуде. Мемлекеттің өзі олардың жұмыс істеуіне жан-жақты жағдай жасаған. Иен татыр шөл далаларға су жеткізіп беру, жерді ұзақ жыл төмен бағада жалға беру, жалға алған адамның жерді өзге адамға жалға беріп, қалаған кәсібімен шұғылдана тұруы сияқты мәселелер жолға қойылған. Олар егістікке қажетті бүкіл техникалармен қамтамасыз етіледі. Мысалы, трактор, комбайн, машина, мотоцикл халыққа ешқандай өсімсіз ұзақ жылға несиеге беріледі. Бұл көліктер кепілдік мерзіміне дейін тегін жөндеуден өтеді.

untitled-36

Қазақстанның топырағы Қытайдан әлдеқайда құнарлы, суы тұнық, жауын-шашыны мол, ауа райы жақсы болғанымен, оның игілігін көре алмай отырмыз. Еліміздегі сапасы орташа өнімдер мен Қытайдың жоғары сапалы өнімдерінің бағасына назар салып көрелік.
Осындай жағдайды пайдаланып, біреулер біздің жерімізде көкөніс өсіруде. Мәселен, Ащыбұлақ ауылы, Батыр саяжайынан қытайлықтардың 42 сотық жер сатып алып, жан-жағын шифермен қоршап, құдығын қазып алып, Шонжыдан келген ұйғырларды жалдап, жылыжайда көкөніс өсіруге кіріскендерін өз көзіммен көрдім. Түсетін пайда шаш етектен. Ал біз өз жерімізден біреудің еккен өнімін сатып алып, қарап отыра береміз бе?

Әрине, жер емшегін еміп өскен, төзімді, техникасы толық мамандарды іздеу керек. Оларды қайдан табамыз? Қытайда, Өзбекстанда, басқа да жерлерде жүрген қандастарымыз бар. Мәселен, Талдықорған қаласының Абай, Қарабұлақ, Бөдени қатарлы елді мекендеріне Қытайдан көшіп келген қазақтардың іскерлігіне тәнті болдым. Олар көкөніс өсіруді кәсіпке айналдырыпты. «Бұрын сапасы өзгеріп, бұзылып кеткен қызанақтардың бір келісін 200 теңгеден сатып алатынбыз. Қазір қандастарымыздан бұрын-соңды болмаған өте арзан бағаға, 15 теңгеден сатып алып, қарық болып қалдық», – дейді жергілікті тұрғындар. Бұл – өткен жылғы баға. Қандастарымыз Қытайдың лабораториясында зерттеуден өткен «пәнче» деп аталатын томаттың таптырмас өнімі, салат жасап сақтауға қолайлы ет қызанағын егіпті. Әр түбі 100-150 үштік, яғни 15 келі өнім алғанда небары алты сотық жерден 13-15 тонна қызанақ алады екен. Осы кезде орыс пен ұйғырды үрей басыпты.

Қандастарымыздың талабы біреу ғана. «Бос жатқан жерлер пайдалануға берілсін. Ел басқарып отырған ағаларымыз осы жағын қолға алса, халық та, мемлекет те игілігін көрер еді. Біздің қызанақ, қияр ғана емес, көкөністің барлық түрлерін өсірсек деген арманымыз бар. Арман бар да, дәрмен жоқ», – дейді олар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста