Құнарсыз тамақпен қарын толтырып жүрміз

Құнарсыз тамақпен қарын толтырып жүрміз

Еліміздің ең төменгі күнкөріс себетінің есебі қайтадан жасалып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының жобасында айтылған. Нақтырақ айтсақ, онда «2010-2011 жылдары ең төменгі күнкөріс себетінің есеп тәсілін Халықаралық еңбек ұйымы, Бүкіләлемдік банк секілді халықаралық ұйымдардың ұсыныстары негізінде жетілдіріп, зерттеу жүргізу жоспарланған» деп көрсетілген. Соған қарағанда, бұл бағытта министрлікте зерттеу жұмыстары басталып та кеткен.

Бүгіндері еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 14 952 теңге деп белгіленген. Аталған себеттің 60 пайызы – азық-түліктен, ал қалған 40 пайызы тұтыну тауарларынан тұрады. Негізі, ең төменгі күнкөріс деңгейі 2006 жылы жаңартылған болатын. Ол кезде мұндағы азық-түлік cаны 23-тен 43-ке дейін көбейтілді, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш есеге артуына ықпал еткен. Алайда оның еліміздегі кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатқан адамдардың санын қысқартуға онша әсері болмаған. Сондықтан қоғамда аталған себет есебін қайтадан жүргізуді ұсынушылар қатары көп. Мәселен, Мәжіліс депутаты Владимир Нехорошевтің айтуынша, 2009 жылдың желтоқсан айындағы статистика бойынша, біздегі кедейшілік жағдайда өмір сүріп жатқандар халқымыздың жалпы санының 10,5 пайызын қамтиды екен. Яғни бұл – 1,6 миллион адам деген сөз. «Бірақ оның басым бөлігі кедей деген тапқа жатқызылмайды. Оған басты себеп – ең төменгі күнкөріс деңгейінің дұрыс белгіленбей отырғандығында», – дейді Мәжіліс депутаты. Ал Ауыл шаруашылығы институтының президенті, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев 2001 жылы Тағамтану институты Қазақстанның әр азаматының күнде жейтін тамақ нормасындағы құнарлылықты екі есеге қысқартқанын, соның салдарынан көп сандар бойынша, оның ішінде ең төменгі күнкөріс себетіне қатысты да көзбояушылық орын алып отырғанын айтады.
– Өкінішке қарай, әлемнің көп елі постиндустриялық кезеңге аяқ басқан ХХІ ғасырда біз тамақ қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алмай отырмыз. Өткен ғасырдың 80-жылдары БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бекіткен әр тамақ жөніндегі норма болған. Соған сәйкес Қазақстанның әр азаматы бір күнде 3280 ккал тамақ жеуі керек болатын. Міне, осы норманы 2001 жылы біздің билік өзгертті. Тағамтану институты оны екі есеге қысқартып, аталған цифрді 2150 ккал деп қайта белгіледі. Сөйтіп, тамақ қауіпсіздігі нормасы осылайша кемітілді. Қазір біз жеп жүрген тамақтың 60-70 пайызы импорттан келеді. Ал 15-18 пайызын импорт құрайтын кез келген сала заңдылыққа сәйкес мемлекет ішінде құлдырай бастайды, – дейді Ғ.Қалиев.
Міне, осындай пікірталастардан кейін бе, әлде басқа да себептерге байланысты ма, аталған мәселе шешімінде алға жылжулар енді орын алып жатқан секілді. Ал ол қандай өзгерістер?.. Бұл сауалға жауапты ең алдымен министрлік позициясы тарапынан қарастыра кетелік.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова жыл басындағы баяндамасында аталған мәселеге қатысты пікірін төмендегідей білдірген еді:
– Біз бірнеше жыл бұрын ең төменгі күнкөріс есебі тәсілін жетілдірген болатынбыз. Сондықтан оған енді тоқтала қоймаймыз. Негізінен, азық-түлік себетінің өзіне құрылымдық өзгерістерді енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл ретте біз үкіметтік деңгейде өз ұсынысымызды жасап та қойдық, яғни ол еуропалық мемлекеттердегідей ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау тәсіліне көшу. Ол халықтың табысына сәйкес есептелуі керек. Мысалы, қазір біздің халқымыздың басым бөлігінің табысы орта есеппен 40 мың теңге айналасына шоғырланған десек, онда еуропалық есеп тәсілі бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі соның жартысын қамтитын болады. Демек, 20 мың теңгені.
Кеше ғана қолданысқа жолдама алған, 2011-2015 жылдарға белгіленген «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының да аталған өзгеріске тікелей қатысы болуын жоққа шығармаймыз. Өйткені 2012 жылы Азиада ойындары елімізде өткізілетіндігі белгілі. Осыған байланысты Үкімет былтыр Қазақ тағамтану академиясына азық-түлік тұтынудың үйлестіру нормаларын әзірлеуді тапсырған. Бұл іс 2011 жылы аяғына жеткізілуі тиіс. Осы жағынан алғанда, ең төменгі күнкөріс себетіндегі азық-түлік нормалары бойынша өзгерістер орын алып қалатын сияқты. Яғни тамақтың құнарлылығын арттыру бойынша. Мұны медицина ғылымының докторы, профессор Мұса Айтжанов та жоққа шығармайды. Оның айтуынша, азық-түлікті тұтынудың үйлестіру нормалары жасалып жатыр. Ол үшін үш бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде екен: біріншіден, күш-қуат алуға қажетті негізгі заттар – ақуыз, майлар, көміртегі, дәрумендер, микроэлементтер, басқа да биологиялық компоненттердің мөлшерін анықтау бойынша; екіншіден, еліміздегі тұрғындардың қалыптасқан тамақтану дәстүрін есепке алу жағынан; үшіншіден, тамақтанудан туындайтын жекелеген аурулардың таралуы мен жиілігін анықтау сияқты бағытта.
Мұса АЙТЖАНОВ, медицина ғылымының докторы, профессор:
– Қазақ тағамтану академиясы азық-түлікті тұтынудың үйлестіру нормалары бойынша жүргізген зерттеуіне алғашқы болып спортшыларды тартты. Яғни біз спортшыларға арнап нормалар енгіздік. Оны тиісті ведомстволардың қарауына жіберіп қойдық. Олар оны мақұлдаса, біз бұл бағыттағы жұмысымызды жалғастыра береміз. Онымен тоқталмай, әр саланың мамандарына арнап азық-түлікті тұтынудың үйлестіру нормаларын белгілеуді әлі де жалғастыратын боламыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста