Қазына қаржысын қымқырғандар құрықталды

Қазына қаржысын қымқырғандар құрықталды

Қостанай облысы бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлері жүргізген кезекті жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясына технологиялық құрылғыларды экспорттау арқылы заңсыз жолмен қомақты сомадағы қосымша құн салығын қалталарына басып қалған қылмыстық топ анықталды.
Х.Дихаев, С.Рыскелдинов, Х.Әбітаев пен Б.Жоламанов «Стройимпекс Костанай» және «КазПромПриборИнж» ЖШС-ларын пайдалану арқылы  пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен, тек қорытуға ғана жарамды, өндірістік қалдық есебіндегі құны небәрі 2,6 млн теңге ғана болатын ескі құрылғыларды  377,9 млн теңгеге сатып, «оңай олжа» көрген. «Қылмысты «төрттік» бір күндік жалған кәсіпорындар көмегімен құрылғылардың құнын жалған жолмен 700 есеге дейін көтеріп, есесінде мемлекетке қыруар шығын келтірген», – дейді қаржы полициясының баспасөз қызметкері Әсел Бектемісова. Қазіргі уақытта жоғарыдағы фактілер бойынша қозғалған қылмыстық істердің негізінде Қостанай қалалық соты Хамитжан Дихаевты – алты, Серік Рыскелдиновті – үш, Халед Абитаевты 1,4 жылға бас бостандығынан айырып, олардың мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Бақыт Жоламанов шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот алғашқы үшеуі келтірген материалдық шығынның өтемі ретінде мемлекет қазынасына 377 млн 975 мың 404 теңге төлеуге міндеттелді.
Алмагүл СҰЛТАНОВА, Қостанай
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста