Қазақтың уранын неге өзгелердің ұрасына салып бердік?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Қазақ елі қазірде 22,5 мың тоннаға дейін уран шикізатын өндіріп әлем  бойынша  бірінші орынға шықты.  Осылайша бүгінде  уран өндірісі қазақтың  мәртебесін көтеріп-ақ тұр. «Болашақта да бұл салада көштің басында тұруға қарымымыз да, қабілетіміз де жетеді». 
Сөйтіп, уран шикізатын өндіруде біз қатарынан неше жыл бәйгенің алдын бермей келеміз. Мысалы, 2010 жылы  уран өндіру саласында әлем бойынша алғашқы үштіктің сапына енсек, 2011 жылдың алғашқы онкүндігі басталысымен-ақ уран өндіруде көш  бастағанымыз әлі есте. 2012 жылы 20 мың тонна уран өндіріп әлемді тағы өзімізге қараттық. Бүгінде мемлекетіміз әлемдік нарықта 9 934 тонна уран өндіріп аты шыққан Канаданы артқа тастап, уран қоры жағынан ғаламда бірінші орын алатын құрылық  Австралияны басып озып тізімнің басында тұр. Бұл - әрине, қуанатын жайт. Осы ретте «қазақтың атын мұнайдан кейін уран әлемге танытатын болады» дейтін сарапшыларымыз да жоқ емес. Алайда күнгейдің көлеңке тұсы болатыны тәрізді нақ осы уран өндіру турасында түйткілдер де баршылық. Ендеше бұл саладағы олқылықтарды да Алаш айнасы таразылап көруді жөн көрді.
Шикі уран мен жалған ұран өте қауіпті
Бізге жаратушымыз аса бағалы стратегиялық байлықты, яғни келешектегі энергияның сарқылмас көзін молынан беріпті. Әттеген-айы, біз сол байлықты ұқсата алмай бұл салада тек сандық көрсеткіштерге ғана мән беріп отырмыз. Осы саланың тұтқасын ұстап отырған атқамінерлер «көштің басында тұрмыз» дегенмен, бұған ғалымдар тарапынан айтылар уәж жеткілікті.
Қорлан Абсалықова, химик-ғалым:
- Қазақ өзінің байлығын шикідей сауда-саттыққа салудан әрі аса алмай отыр. Бұл салада жалған ұранға басу көп. Рас,  еліміз уранға бай елдердің қатарына енді. Бірақ сол уранымызды қажетті деңгейде ұқсата алмай отырғанымызды неге тасада қалдыра береміз?  Егер  уранды ұқсата алсақ, арзан энергия, яғни арзан жылу мен жарық көзіне  қол жеткізер едік.  «Жарық пен жылу бер, газ бер» деп көрші елдерге көз тікпейтін едік. Әттеген-айы, 23 жылдың жүзі өтсе де біз осыны әлі болса ұғына алмай жүрміз. Қазақстанның ураны ғана емес, бүкіл атом өнеркәсібі брендке айналатын кезең әлдеқашан туған. Ал біз әлі сол бейқам қалпымыздан айнымастан, жыл сайын «мынанша-ананша» уран өндірдік деп есеп беріп келеміз. Мұны доғарып, шикі уранды дайын өнімге дейін өңдейтін кезең әлдеқашан жетті.  Осыны мықтап  ескерген абзал. 
Осылайша, мамандардың пайымдауынша, күні бұрын ебін таба білгенімізде, қазірде отандық атом өнеркәсібі ұлттық брендке айналатын еді. Бірақ әттеген-айы: бұл салада дер кезінде білікті мамандар даярлауға мән бермеуіміз, тек қана шикі өнім өндіруді місе тұтқанымыз қазірде көп жағдайда «бармақ шайнатып» отыр.
Уранымызды иеленушілер аса көп
Уран өндірісінде нақты назар аударатын тұсымыз, бұл салада бізде біріккен кәсіпорындар көп. Мысалы, соңғы жылдары еліміздің  «Қазатомпром» ұлттық акционерлік қоғамы, Ресей, Канада, Франция, Жапония және Қытай елдерімен біріккен кәсіпорындар ашып, солармен бірге қазақ даласының кенін жаппай аршып тастап, уранын өндіруге кірісті.
Мәселен,  Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясының қарамағындағы «Атомредметзолото» компаниясы, елдегі «Energy» компаниясының илелігіндегі «Қаратаудың» біріккен кәсіпорынының - 50 пайыздық, ал «Ақбастаудың» 25 пайыздық акциясын сатып алып отыр. Бұдан соң уранға қатысты Қазақ-Жапон келісімі бар екенін де біз ұмытпауымыз керек. Бұл ретте елдегі  елде  «Аппақ»  барлау кен орынының акциялық үлесінің 65 пайызы «Қазатомпромға» тиесілі болса, қалған акцияларының 25 пайызын Жапонияның «Sumitomo Corporation» компаниясы 10 пайызын «Kansai Electric Rower»  компаниясы өз үлестеріне сатып алған. Елдегі  «Хорасан – 1» және Хорасан – 2» деп аталатын уран кеніштерінің де 50 пайыздық үлесі жапондардың еншісінде. Канаданың «Cameco» компаниясымен бірігіп құрған, «Ульба Конверсия»жобасындағы «Қазатомпромның» үлесі – 51 пайыз, ал Camecoның үлесі – 49 пайызды құрайды. Сондай-ақ «Инкай» уран кенішінің акциясының 40 пайызы «Қазатомпромға» тиесілі болса, 60 пайызы тағы сол канадалықтардың үлесінде. Бұл ретте мамандар мұндай «біріккен кәсіпорындардың көптігі көңілге қорқыныш ұялатауы керек» деседі.
Есенгелді Әбдірахманов, техник-ғалым:
- Қай жағынан алып қарасақ та біздегі біріккен кәсіпорындардың саны тым көп. Мәселен Францияның ядролық отындар жасайтын компаниялары біздегі біраз біріккен кәсіпорындарға иелік етуде. Француздар Өскемендегі Үлбі металлургия компаниясында қуаты жылына 1 200 тонналық атом электрстансаларына арнап ядролық отындық жинақ таблеткаларын өндіруді жоспарлауда. Өзгелер электрстансаларына ядролық отын даярлау үшін біздің уранымызды пайдаланып қарқ болуда. Ал біз олар уран өндірісімізді алға сүйрейді,  олардан көп нәрсе үйренеміз дейміз. Шындығында бізбен бірігіп кәсіпорын құрғыш шетелдіктер ертең керегін алады да, әбден тойынған соң кетіп тынады. Сондықтан бұл  алаңдатуы тиіс.
Әр граммына бақылауды күшейту қажет
Жалпы, қазірде ядролық энергетика торабы бар және өндірістік қабілеті дамыған елдерде уран өте қат. Келешекте әлем бойынша уран тұтыну көлемі Корея, Қытай, Франция, Жапония, Үндістан елдерінде артатыны тағы белгілі болып отыр. Негізінен, уран өзге шикізат тауарлары секілді ашық нарықта саудаға салынбайды. Мұндағы мәміле өндірісшілер мен тұтынушылар арасындағы ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жүзеге асады. Осыған байланысты өндірілген уранның әр грамын тұтынушы күні бұрын белгілейді. Бұған қатысты мамандардың айтар ұсынысы:  біз уранның әр грамына деген бақылауды күшейткеніміз абзал. «Күні ертең біздің елімізде де өндіріс орындары көбейеді. Еліміз өсіп өнеді. Бүгінде ядролық отын банкін салу жайы да айтылып жүр. Осындай сәтте қуат көзі таусылып қалмауы үшін шикі уранды шетел асыра бергеннен гөрі, елдегі уран қорын көбейтіп осы саланы қатаң қадағалаған абзал» дейді мамандар.
 Пайымдасақ, қазірде расымен де бірқатар елдер уранға өте зәру. Тіпті Лондондағы дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың мәліметінше, 2016 жылға қарай жер бетінде жұмыс істеп тұрған 435 атом электр стансаларынан бөлек 153 нысан салыну үстінде. Осыған байланысты енді төрт-бес жылдық межеде әлем бойынша уранға деген сұраныс еселей түспек. Осыған орай қазірде  тұста уран өндірісінің аңысын бүкіл әлем бағып отыр. Ал біз «тізім бойынша көштің басындамыз» дегенімізбен, уран өнідіруде шетелдік алпауыттарға  акция пакетінің басым бөлігін беру арқылы - қазақтың уранын өзгенің ұрасына салып отырмыз. Олай болса шынымен де уранымыз бөтен елдің  талапайына түсіп кетпеуі үшін, бізге уранның әр граммына деген бақылауды күшейткен абзал тәрізді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста