Қазақтың қолөнер туындыларын Қытай елі "Гиннесс" рекордтар кітабына енгізуде

Қазақтың қолөнер туындылары өзге елдердің мемлекеттік қолдауы арқылы әлемді таңғалдыруда. Мысалы, өткенде Батыстың интернет-аукциондарының бірінде таза жүннен тоқылып, оюлармен өрнектелген қазақтың қалы кілемі ең қымбат бағаға сатылып, Ирандағы қазақтардың саудасын жүргізді. Кілемнің жалпы аумағы – 525 шаршы метр, салмағы – бір тонна. Бұл кілемді тоқу жұмысына 400 тоқымашы қатысқан. Кілемде 1 миллиардтан астам жіп түйіншектер өрілген.
Бұдан соң Қытайдағы қазақтар Еуразиялық киім көрмесіне қатысып, ұзындығы – 3,37 метр, етегінің кеңдігі 12, 30 метр, сондай-ақ етегіндегі желбірі 50 қатпардан тұратын сахналық қазақ көйлегін «Гиннес» рекордтар кітабына енгізіп келді. Тізе берсек, өзге елдерде қазақтың төл туындыларының шоқтығы биік. Шеттегі қазақтардың төл туындыларымызды насихаттауда белсенділігі жоғары. Ал отандық қолөнер шеберлері бұл істе мемлекеттің қолдауы әлі де жетіспейтінін ашып айтуда.
Жалпы, қолөнер саласын жетілдіру арқылы табысты молынан көсіп отырған елдердің бірі – іргеміздегі Қытай халық республикасы. Қытай үкіметі бүгінде әсіресе еліндегі қазақтардың төл туындыларына барынша қолдау көрсетіп отыр. Мемлекеттің арнайы қолдауын сезіну арқылы Қытайдағы қазақтар қазақтың сахналық киімдерін, қазақтың таба нанын, қазақтың ою-өрнектерін «Гиннес» рекордтар кітабына енгізіп, бұл туындыларын экспортқа шығарып отырған да жайы бар. Мысалы, жоғарыда біз сөз еткен қазақтың сахналық би көйлегін «Гиннес» рекордтар кітабына енгізген Қытайдағы қолөнер шебері Зият Айдарханқызы қазірде мұндай көйлектерді тігуге Түркия, Қырғызстан, Малайзия елдерінен арнайы мемлекеттік тапсырыс алатын көрінеді. Тіпті өзіміздің Қазақстаннан арнайы тапсырыс беріп тіктіретін мемлекеттік мәдениет мекемелері де бар екен.
Cөзіміз дәлелді болуы үшін біз Қытайдағы қазақтардың қолөнеріне қатысты бірнеше суреттерді беруді жөн көрдік. Мақалаға қажетті суреттер мен деректер ақын Мұратхан Шоқан құрастырған «Қытайдағы қазақ кәсіпкерлері» атты кітабынан алынды.

1. Қытайдағы «Гиннесс» рекордтар кітабына енген қазақ көйлегі

Тікелей осы жобаның Қытайдағы Гиннес рекордтар кітабына енуіне мұрындық болған Зиятқан Айдарханқызы 1992 жылы автономиялы райондық кадрлар мекемесі және мәдениет мекемесінің тапсыруымен Қазақстандағы Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының сахналық киімді жобалау мамандығын бітірген. Қазірде Зиятхан Айдарханқызы Шыңжаң Қазақ мәдениеті ғылыми қоғамы ұлттық киім-кешек, қолөнер, кестешілік тобының басшысы. Міне, осы топтың Еуразиялық киім көрмесіне апарған ұзындығы – 3,37 метр, етегінің кеңдігі – 12,30 м, 50 қатпарлы үлкен қазақ көйлегі «Гиннес» рекордтар кітабына енгізілді. Осы сәттен бастап қолөнершілердің табысы үстемеленіп, олар ТМД көлемінде арнайы тапсырыстар ала бастаған.

2. Қазақы кафель табысты еселеуде

Қазір Үрімжідегі қазақтың қолөнер шеберлерінің басын түйістірген «Орда ою» орталығы ой-қиялдарын шыңдай келе құрылыстардың еденіне қажетті қазақы кафельдер шығара бастады. Қазақтың текемет, сырмақтарын бедеріне басып шығаратын мұндай кафельдер қазірде ондағы шеберлердің табысын еселеп тұрған жайы бар. Қазірде өнімдер заманауи үйлерге, мешіттерге, мейрамханаларға, әртүрлі мәдени нысандарға қолданылуда. Бұл күнде аталмыш орталықтың шеберлері өнімдерін Орта Азия елдеріне шығаруды жоспарлап отыр.

3. Компасты жайнамаз таңғалдыруда

Қазірде Қытайдағы қазақ қолөнерлерінің компасты жайнамазы әлем жұртшылығын таңғалдыруда. Арнайы қораптың ішінде компасты жайнамазбен қатар таспих, тақия салынған. Компасты жайнамаздың бір ерекшелігі – құбыланы кез келген уақытта тауып алуға қолайлы етіп жасалған. Қазірде бұл тауар Үрімжі қаласында ғана емес, әр аймақ, облыстарға таралып кетуде. Тіптен мұндай жайнамазды жасаушы қолөнер шеберлері болашақта өзге де мұсылман елдерінің нарығына жөнелтуді жоспарлап отыр.

4. Рекордты жаңартқан таба нан

Үстіміздегі жылы Қытайдағы шеберлер қазақтың таба нанының мәртебесін бір өсірді. Шанхайдағы қазақ шеберлері пісірген «Ең үлкен таба нан» Шыңжаң халал тағамдар мерекесінде Шанхай әлемдік «Гиннест» бас мекемесі жанынан аталмыш таба нанның «Гиннест» тізіміне енгені туралы куәлік алды. Таба нанды пісіруге 8 қап ұн, 97 литр сиыр сүті, 200 жұмыртқа, 6 келі сарымай жұмсалған. Бұл таба нанның диаметрі – 2,53 м, қалыңдығы – 14,5 см. Қазірде, осылайша, рекордты жаңартқаны үшін таба нанды жасаушылар мемлекеттік марапаттауға ие болған.

Түйін: Жалпы, Біле білгенге, қолөнер саласы – табысты еселей түсетін сала. Осыны ескергендіктен көптеген елдер қазірде бұл салаға айрықша мән беріп отыр. Әсіресе Германия, Норвегия, Израил сынды елдер бүгінде қазақтың төл туындыларына қызығушылық танытуда. Біздің қолөнер шеберлері шетелдік нарыққа шығуға барынша күш салуы керек. Мемлекет бұл жағынан оларды қолдауы тиіс. Бұл ретте бізде қолөнермен айналысатын фабрикалар қайта құрылуы керек. Кезінде бізде «Алматыкілем» фабрикасы қарқынды жұмыс істеді. Ол кездері олардың өндірген кілемдері сапалы, тіні мықты, тығыздығы жағынан түркімен кілемдерімен бәсекелес болатын. Қазірде «Алматыкілемнің» шығаратын өнімі экспортқа шықпақ түгіл, тұтыншыны қанағаттандыра алмай жүр. Ал батыс елдері бойынша қазір қазақы кілемге сұраныс мықты. Сондықтан бұл іспен айналысуды тереңдеткен жөн. Әттеген-айы өзге елдер қолөнер шеберлерін қолдау арқылы бұл саладан айтарлықтай табыс көріп отыр. Ал біз қолөнердің әлемдік экономиканың тұтас бір кешені екенін әлі сезінбей отырмыз. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста