Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуы мүмкін
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев еңбек мигранты ретінде шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өз баяндамасында шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың заңды құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету комитеттің міндеті екенін атап өтті.
Қазақстанның 194 мыңнан астам азаматы шетелде жұмыс істеп жүр. Мысалы, Ресей Федерациясында - 162 мың, Польшада - 13 мың адам, Оңтүстік Кореяда - 6 мың, Ұлыбританияда 5 мың адам еңбек етуде.
Түркия, БАӘ, Ұлыбритания және басқа да елдермен ондағы Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғайтын жаңа келісімдерге бастамашылық ету үшін қосымша шаралар қабылданып жатыр.
«Азаматтарымыз Оңтүстік Кореяда жұмысқа заңды түрде орналасуы үшін Қазақстанды еңбекке рұқсат беру жүйесіне қосу мәселесі пысықталуда. Бұл ретте migration.enbek.kz сайтына тіркеле отырып, осы жүйе арқылы жұмысқа орналасуға болады, оны еңбек ұтқырлығы орталықтары жүзеге асырады», деді комитет басшысы.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz