Қазақстандағы атом электр станциясы қай жерге салынатыны белгілі болды
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының қайда салынатыны белгілі болды. Энергетика министрлігі бірнеше өңірдің мүмкіндігін саралай келе, нысан Алматы облысындағы, Жамбыл ауданы Үлкен ауылында бой көтереді деген тоқтамға келген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.
Ғалымдар жан-жақты зерттей келе, осы аймақты атом электр станциясына нағыз қолайлы өңір деп тауыпты.
Ауылдың өзі Балқаш көлінің жағасында орналасқан. Кеңес дәуірі кезінде мұнда су электр станциясын салу жоспарланған екен. Алайда бастама аяқсыз қалып, тұрақты табыс көзі болмағандықтан, тұрғындар жан-жаққа бас сауғалап кеткен.
Қазір елді мекендегі көпқабатты 20 шақты үйде ғана адамдар тұрып жатыр.
«Атом энергиясын пайдалану туралы» заңның 12-бабына сәйкес, АЭС-ті салу туралы шешім сол ауылдың тұрғындарымен талқыланып, жергілікті атқарушы билікпен бірлесе мақұлдануы тиіс.
Энергетика министрлігінің ұсынған ақпаратында, Алматы облыстық мәслихаты нысанды тұрғызуға 2022 жылдың қараша айында-ақ келісімін беріпті.
«Ал стратегиялық нысанды кім тұрғызады?» - деген сұрақтың басы әлі ашық.
Үміткерлердің арасында Корея, Франция, Қытай және Ресей бар.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz