Қазақстанда Құрбан айт қарсаңында қой бағасы қаншаға көтерілді?

Ертең әлем мұсылмандары Құрбан айт мерекесін тойлайды. Жүз мыңдаған қой, сиыр, түйе құрбандыққа шалынып, мереке үш күн бойы жалғасады. Малдың еті 7 бөлікке бөлініп, жағдайы төмен отбасыларға таратылады. 

Қазақстанда құрбандыққа қойлар шалынады. Мал базары бүгіннен бастап қойларды сатуға кіріскен. NUR.KZ тілшілері осы жылда мейрам алдындағы қойлардың құны қанша екенін біліп қайтты.

Алматыда қойды 15 мың теңгеден бастап, 40-50 мың теңгеге дейін стаып алуға болады. Кішігірім мүйізді мал үшін баға олардың салмағы мен жасына қарай өзгеріп отырады. Базарда 7 айдан 2-3 жасқа дейінгі қойлар сатылуда. Жасы үлкендеуі салмақтырақ болғасын қымбаттау түседі. Ал кішкентай малдар 15-18 мыңға сатылуда. Cатушылар бізге салмағы 11 келілік қойды көрсетті. Оны 13 мыңға бағалап отыр екен.

Орташа есеппен бір келі қой етінің құны – 1000 теңге. Яғни қойдың салмағын 1000 теңгеге көбейтіп, құнын анықтауға болады. Сатушылар 25 келілік қойдан 21-22 келі таза ет шығады деп сендірді. Оның құны – 25-30 мың теңге болмақ. Қойлардың түсі, түрлері әртүрлі: мериностар және Еділбай қойы.

Сатушылардың сөзіне сенсек, малдың бағасы көтерілмей тұрғанына үш жыл болды. 30-35 қойды сатуға әкелгендердің дені Талдықорған, Өскемен, Нарынқол мен Алматы өңірлерінен.

Бұл базарды ұйымдастырған Даниш есімді азамат өткен жылда мал қымбатырақ тұрғанын алға тартты. Кезінде 20 мыңға сатылған қойлар бүгінде 15 мыңнан тұр дейді ол.

Сатушылар келген адамның мінген көлігіне қарай қойдың құнын қымбатырақ ететіндерін жасырмады.

Ғабиттің қой бағып жүргеніне көп жыл болды. Бүгінде оның 500 бас малы бар. Олардың 50-ін сатуға әкелген екен. Бәрін сатып, үйге олжалы оралатынына үмітті. Ол өткен жылғы Құрбан айт мейрамында 250 бас мал сатқанын айтты.

«Негізінен Құранда 1 жасқа келген қойларды құрбандыққа шалу керек делінген. Бірақ молда 1-ге толмағандарын да шалуға болады дейді. Кейбірі малдан хабары болмағасын 13 келілік арзанын ала салады. Ал онда ет аз» – дейді Ғабит.

ҚазТАГ ақпаратына сәйкес, Астанада 34 келілік қойдың құны – 30 мың теңге. Қостанайды 20-25 келілік қой – 18-20 мың теңге. Атырауда баға 18 мыңнан 30 мыңға дейін, ал Оралда 17 мыңнан 35 мың теңгеге дейін қойылған. Шымкентте қой – 20-25 мың теңге.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста