Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Ресейді артқа тастады
Қазақстан БЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 42-орынға көтерілді, деп хабарлайды BNews.kz. А йта кетсек, Қазақстан рейтингтегі орнын сегіз сатыға жақсартты.
30 қыркүйек күні Бүкіләлемдік экономикалық форум 2015-2016 жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы Есебін жариялады. Ғаламдық рейтингте Швейцария тағы да көш бастап тұр. Екінші орынға Сингапур жайғасса, АҚШ үшінші сатыға орнықты. Үздік бестікті Германия мен Нидерланды тұйықтап отыр.
ТМД елдері арасында Әзірбайжан алдыңғы қатардан көрінді (40-орын), Қазақстан көршілес Ресейді (45-орын) басып озып, 42-орынға тұрақтады. Бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингіне қатысу тарихында Қазақстан алғаш рет үздік нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Бүкіләлемдік экономикалық форум (World Economic Forum, ВЭФ) – 1971 жылы негізі қаланған халықаралық үкіметтік емес ұйым. Форум жаһандық экономиканың өзекті де өткір мәселелерін талқылауға арналған.