Қазақстан халқы тапқан табысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайтын ел ретінде кедейлене түскен

Қазақстан халқы тапқан табысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайтын ел ретінде кедейлене түскен

Қазақстанда соңғы жылдары халықтың азық-түлікке табыстың тең жартысын жұмсауы белең алуда. “Атамекен” сараптамалық қызметінің дерегіне сүйенсек, соңғы 7 жылда көрсеткіш 8 пайызға өскен деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дерекке сүйенсек, елімізде 2015-2022 жылдар аралығында азық-түлікке жұмсайтын тұтыну шығыстары 43,8 пайыздан 51,2 пайызға өскен. Ал ақылы қызмет түрлеріне деген сұраныс 2,8 пайыздан 18,4 пайызға төмендеп отыр. 

АҚШ АШМ зерттеулеріне сүйенсек 2021 жылы үйде тұтыналатын сусындарды қоса алғанда азық түлік шығынының үлесі бойынша Қазақстан 104 мемлекеттің қатарында 98 орынға тұрақтаған. 

Зерттеу нәтижелері бойынша АҚШ 6,7 пайызбен көш басын бастаса, Сингапур - 8,4 пайыз, Біріккен Корольдіктер -  8,7 пайызбен тізімде келесі орындарда тұр. Ал Нигерия 59 пайызбен соңғы орында. Мьянма мен Кения мемлекеттері де сол қатарда. 

Энгел заңдылығы бойынша жергілікті халықтың табысы артқан сайын азық-түлікті тұтыну шығыны азайып, ақылы қызметтерге сұраныс артатын көрінеді. Дәл осы заңдылық зерттеу тізіміне кірген мемлекеттерге де пайдаланылды. Осылайша халқы неғұрлым бай елдің қызметтерге деген сұранысы жоғары, ал табысы аз мемлекеттерде керісінше ақша азық-түлікке көп жұмсалады екен.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста