Қазақстан қалай шикізат базасына айналды немесе саяси қуғын-сүргіннің экономикалық астары

Қазақстан қалай шикізат базасына айналды немесе саяси қуғын-сүргіннің экономикалық астары

60-жылдардың басында тарих­шы Роберт Конквест «Хрущев жы­лымығы» кезеңіндегі жарияла­ным­дар мен шетелде жүрген бұ­рын­ғы кеңес адамдарының әңгі­ме­леріне сүйеніп, қуғын-сүргін сая­сатының мәнін ашуға тырысты. Ке­зінде қызу талас тудырған «Ұлы тер­рордың» авторы сталинизмнің ин­дус­трияландыру тәсіліне «кан­ниба­лизмді анағұрлым тәуір азық­­пен алмастыру» деп баға берген.
Ал бізге бірінші бесжылдықтардағы кеңес халқының психологиясы көркем туындылар ар­қылы таныс. 30-жылдардың басында жарық көр­ген М.Шолоховтың «Көтерілген тың» және Н.Ос­тровскийдің «Құрыш қалай шынықты?» шы­ғар­малары сол кездегі адамдардың жарқын бо­лашаққа ұмтылысын бейнелейді. Бірақ сол «жар­қын болашаққа» жету жолында шалынған құр­бандықтың орнын толтыру мүмкін бе?
20-жылдардың ортасына қарай одақты индус­триалдық дамыту төңірегінде тартыс өршіді. Бү­кіл­одақтық халық шаруашылығы төрағасы Феликс Дзержинский жеңіл өнеркәсіпті дамытуды ұсынды. Бұл табысқа жылдам қол жеткізіп, шаруа­ларды тұтыну тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді. Троцкий, Преображенский және Сталиннің өзі ауыр өнеркәсіпті өркендетуді қалады. Сөйтіп, 1926 жылдан бастап кеңес елі жедел индустрияландыру жолына түсті.
• 1929 жылдың соңында әлемдік экономикалық дағдарыс басталды. Кеңестің «индустриялдық секірісі» өте қолайсыз сыртқы экономикалық жағдайда жүзеге асуы тиіс еді. Бұл онсыз да ауыр ахуалды ауырлата түсті.
Осы бағытта Қазақстан маңызды нысанның бірі ретінде белгіленді. Орталықтың саясатын жүргізуге елден ерекше құлшынған Ф.Голощекин өндіру өнеркәсібі мен шикізат тасымалдайтын теміржол құру жоспарын алға жылжытты. Осылайша қазақ жерін КСРО-дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың шикізат базасына айналдыру жобасы дүниеге келді. Оған С.Сәдуақасов сияқты Алаштың бас көтерер ұлдары қарсы шықты.
«Қазіргі уақытта қазақ кедейлері біреудің қана­уынан емес, жұмыссыздықтан азап шегуде. Сон­дық­тан да қазақ кедейлеріне ең алдымен осы тұр­ғыдан қарау қажет. Оларға ат, шөп, носилка бе­ріңіз, сол арқылы оның қожалығын нығайтыңыз, бұл шара барды қарадүрсін бөліске салудан жүз есе тиімді болмақ. Түптеп келгенде, кез келген бө­ліс­ке салу идеясы — тек тұтынушылық пиғыл туғы­затын өте қауіпті идея. Бүгін сіз кедейге бір сиыр бер­діңіз делік, ертең ол әлгі сиырды сатып алады, одан кейінгі күні басқасын сұрауы ықтимал, ал ол сұра­ғаны жоқ болып шықса ше? Сондықтан да мә­се­ленің басқа да жақтарын ұмытуға болмайды» (С. Сәд­уақасовтың 1926 жылы Қызылордада өткен Өл­келік партия Комитетінің Пленумында Голоще­кин ұсынған «Октябрьмен ауыл үстінен жүріп өту» бағдарламасын талқылау кезінде сөйлеген сөзі­нен).
Табиғи қазбаның үстінде отырған қазақ еліне жұмыс күшін сырттан, Ресей мен Украинаның орталық аймақтарынан әкелу жөнінде шешім қабылданды. Көшпенді қазақ жұрты «социалистік Қазақстанның» келешек жүйесіне «жараспады». Сондықтан Сталиннің батасымен Голощекин қазақ шаруашылығын күйретіп, тұтас бір халықтың құруына әкелетін коллективтендіруді іске асыра бастады. Еліміз бұрын-соңды болмаған әлеуметтік тәжірибенің полигонына айналды.
• Аяусыз репрессия Кеңес үкіметіне не үшін керек болды? Миллиондаған адамды түрмеде асырау үшін қаржысы сонша көп пе еді? Шын мәнінде, жаппай репрессия индустрияландыру саясатының тиімді бір тармағы еді.
«ГУЛАГ – ХХ ғасырдың ең тиімді жобаларының бірі» дейді тарихшылар. Бас бостандығынан айы­рылған миллиондаған адамды асырауға өте аз шығын кетті. Ең бастысы, оларға ақша төленбеді. Тегін жұмыс күшінің арқасында ГУЛАГ-тың ресурсымен мақсатқа жетуге бес-алты жыл ғана жұмсалды. Бұл жоба өркениетті эконо­ми­калық әдіспен жүргізілсе, оған ондаған жылдар жұмсалушы еді. Сондықтан жаппай қуғын-сүргін саясатының экономикалық астары да бар.
• Мұның бәрі идеологиялық негіздемені қажет етті. «Халық жауы» идеясы осыдан туындаған. «Социалистік индустрияландырудың» құбы­жық көрінісі – ОГПУ-НКВД лагерьлері жүйесі ірі кәсіпорындарды тегін жұмыс күшімен қам­тамасыз етіп тұрды. 1931 жылы Қарағанды ла­гері (Қарлаг) құрылды. 30-40 жылдары Қазақ­станда осындай лагерьлер саны көбейді.
Индустрияландыру халықтың өмір сүру дең­гейін төмендету есебінен жүрді. 1929-1934 жылда­ры инфляция шарықтады, ақша массасы 180 па­йызға өсті, өнеркәсіп тауарларының құны 250-300 пайызға қымбаттады. Бесжылдық жос­пардың көптеген баптары орындалмады. Дегенмен өнер­кәсіп өндірісінің ұлғайғаны және өнеркәсіп өнім­дері үлесінің артқаны байқалды.
Академик Т.Әшімбаевтың мәліметінше, бірінші бесжылдықта елімізде 40 шақты ірі өнеркәсіп орны, екінші бесжылдықта — 120, ал үшінші бес­жыл­дықтың үш жылында 700 кәсіпорын іске қосылды. Алғашқы бесжылдықтағы ірі құрылыстар – Ақтөбе химия комбинаты, Балқаш мыс қорыту комбинаты, Қарағанды көмір бассейні, Шымкент және Лениногорск қорғасын зауыттары, Семей ет қалбыры зауыты. Түркістан-Сібір теміржолы (1480 шақырым), ірі электр стансылар құрылысы осы кез­де жүрді.
Қазақстанды индустрияландыру өнеркәсіптің өндіруші саласында басталды. Бұл орайда елдің табиғи қазба байлығы ескеріліп, КСРО-ның халық шаруашылығына қажетті түсті металл, көмір, мұнай өнеркәсібі, тамақ және жеңіл өнеркәсіптің бірқатар саласы дамытылды. Соғысқа дейінгі бесжылдықтарда қара металлургияның ірі кәсіп­орындары ашылды. 1940 жылы еліміз КСРО-да түсті металл бойынша — екінші орын, көмір мен мұнай өндіруден үшінші орында тұрды.

Р.S.
Қазақстандық тарихшылардың пікірінше, 30-жылдардың соңында еліміз жаңа империялық жүйе – КСРО-ның бір отарына айналды. Бұл пікірге ресейлік ғалымдар үзілді-кесілді қарсы шығады. Олар қысқа мерзім ішінде Қазақстанның мықты индустриялдық базасы бар ел ретінде қалыптасқанын, қала халқының көбейгенін алға тартады. Бірақ қазақ елінің Ресей мен өзге республикалардың «шикізат қоймасы» болғанын айтыңқырай бермейді. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана бұл «мұрадан» арыла бастады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста