Қаржылық шешімдерді топтастырған экожүйе

Қазіргі уақытта цифрландыру жүйесі әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуының басты тетігіне айналып отыр. Сондықтан еліміз жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, экономиканы цифрландыруды жедел дамытуды қолға алып, іске асыра бастады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жоспарлы түрде жасау үшін «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Елбасының Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауында онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету ісін дамыту керектігіне баса назар аударылды.  

Мемлекет бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше ден қойды. Осы мақсатта мәліметтер базасын біріктіру қолға алынды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Жолдауында «Қазақстан технологиялық серіктестік орнату, мәлімет орталықтарын құру және орналастыру, мәліметтер транзитін дамыту, цифрлық қызметтердің жаһандық нарығына қатысу үшін ашық юрисдикция ретінде өзіндік брендке айналуы тиіс» екенін айтып, үкіметке нақты тапсырмалар берді. Осыған орай Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары кейбір заңнамалық актілердегі цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қолға алды.

Цифрлы технологиялардың күнделікті өмірімізге енуінің маңызы өте зор. Өйткені бұл жұмыстардың барлығы экономиканы дамытып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, қажетті ақпараттардың қолжетімділігін арттырып, қызмет көрсету саласынның жұмысын оңтайландыра түседі. Тұтас алғанда цифрлы технология барлық бағыттағы жұмыстардың ілгерілеуіне жол ашып отыр. 

Электронды сауда жасау мен қаржы технологияларының қолжетімді болуы нарықтағы бәсекелестікті бұрынғыдан да өршітті. Қазір адамдар онлайн сауда жасаудың тиімділігіне көз жеткізіп, бұл саладағы қызмет түрлерін жиі пайдалана бастады. Өйткені электрондық сауданың мүмкіндіктері көп. Сондықтан әлемдегі үлкен сауда орталықтары интернет арқылы жұмыс жасауға көшті. Нарықтағы бұндай бәсекеге төтеп бере алмаған дүкендер біртіндеп жұмысын тоқта бастады немесе жаңа жүйеге көшуді қолға алды. Ал, қаржылық технологиялар жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтің құны біршама арзандап, қаржы нарығының елімізде жылдам дамуына жол ашылды. Қолма-қол ақшасыз төлем жасау барлық жағынан тиімді. Уақыт пен қаржыңызды үнемдеудің төте жолы деуге де болады. Әлемнің дамыған елдері осы жүйенің тиімділігіне әлдеқашан көз жеткізіп, пайдаланып келеді. Сонымен қатар бұл көлеңкелі экономикаға да тосқауыл қояды. Қазақстан халқы да қолма-қол ақшасыз төлем жасауға жылдам көше бастады. Қазір қолма-қол ақшасыз төлем жасау жалпы ішкі өнімнің 1%-ін құрайды.

Мемлекет экономиканы цифрландыруда банктердің жұмыс істеу тетіктерін заман талабына сай жетілдіре түсу үшін барынша қолдау білдіріп, қаржы технологияларының дамуына жағдай жасайды. Ал бұл бағыттағы жұмыстардың негізгі қозғаушы күші екінші деңгейлі банктер екені белгілі. Банктердің белсенді жұмысы үнемі жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мысал ретінде Apple Pay және Samsung Pay секілді қарапайым әрі қолайлы жаңа технологиялардың қолданысқа енуін атап өтсек болады. Бұл мобильдік төлем әдістері сауда жасауды жеңілдетеді және барынша қауіпсіз. Осы орайда цифрландыру бағыттындағы жұмыстарды банк саласында қолға алып, 100% қазақстандық мазмұндағы экожүйені елімізде іске асыра бастаған алдымен Kaspi.kz екенін айта кеткен жөн. Сондықтан оның атқарып жатқан істері ерекше назар аударуға барынша лайықты. Қазір ол нарықтағы ойыншылардың негізгі драйверіне айналды. Республика тұрғындарының көпшілігі күнделікті тіршілігінде Kaspi.kz-тің қызметіне жүгінетінін жиі байқаймыз. Кез келген ақша аударымын немесе сауда жасауда, коммуналдық қызмет ақысы мен көптеген қызмет түрлеріне төлем жасауда осы банктің карталарын қолданушылар көп. Ұялы телефондағы арнайы бағдарлама арқылы ешқайда бармай-ақ төлем немесе аударымдарды іске асыра беруге болады. Сондықтан Kaspi.kz-ті Alibaba-ның қазақстандық аналогы деп айтуға толық негіз бар. Өйткені ол көптеген қаржылық шешімдерді топтастырған экожүйеге айналып отыр. Ал Kaspi.kz-тің мобильді қосымшасын цифрландыру саласындағы соңғы жетістіктердің бірі деуге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста