Қарағандыда «Шұбаркөл көмір» компаниясының қызметкерлеріне қолжетімді заем алуға арналған алғашқы сертификаттар табысталды

Кеншілердің басыбайлы баспаналы болуларына Отбасы банк, Қарағанды облысының әкімдігі мен Еуразиялық топ (ERG) мұрындық болды. Олар бірлесе «Шұбаркөл көмір» АҚ қызметкерлеріне арнап, бюджеті 1,1 млрд теңгеге тең, жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.

 

Бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік беретін сертификат алған кәсіпорынның алғашқы 20 қызметкері   қоныс тойын атап өтпек.

 

Шұбаркөл тұрғындарын құттықтауға «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Байқау кеңесінің төрағасы – ERG Директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов және Еуразиялық топтың бас директоры Серік Шахажанов арнайы келді.

 

– Қарағанды облысының әкімдігіне және әлеуметтік жауапкершіліктің нағыз үлгісін көрсеткен ERG компаниясына алғыс айтқым келеді. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Бүгін біз жақын арада пәтер кілттеріне айналатын сертификаттарды қолдарыңызға табыстап отырмыз. Бұл бағдарламаның артықшылығы – несиені жылдық 5% мөлшерлемемен төлейсіздер, бастапқы жарна небәрі 10%-ға тең. Өз өмірін осы аймақпен, оның өндірісімен байланыстырған жас мамандар үшін өте жақсы жағдай жасалып отыр. Облыс әкімдігі мен ERG компаниясына нақты нәтижеге қол жеткізгеніміз үшін тағы да алғыс айтамын. Біз мұндай жобаны бірден қолдаймыз, өйткені бұл қызметкерлерге, еңбек адамдарына деген қамқорлықты көрсетеді. Жұмыскерлердің әлеуметтік тұрақтылыққа, ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болуы маңызды. Ал жылы ошағыңыз бар кезде болашаққа қадам басу оңайырақ болады, - дейді Ләззат Ибрагимова.

 

 

«Шұбаркөл Көмір» қызметкерлері нарықтан жаңа немесе қолданыста болған үйлерді сатып ала алады.

 

Биыл бұл жоба Шұбаркөлдің 60 отбасын жеке тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оны іске асыруға ERG 400 млн теңге қарастырған. Дәл осындай қаражатты Қарағанды облысының әкімдігі де бөледі. Ал Отбасы банк айтулы жобаға 300 млн теңге инвестиция салады.

 

Несие сертификаттарын алған алғашқы 20 адамның арасында жоғары білікті мамандар, тапшы мамандықтардың өкілдері, көп балалы отбасылар мен балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған аналар, сондай-ақ жас мамандар бар.

 

Ұлан Ахметбеков кәсіпорында сегіз жылдан астам уақыт экскаватор машинисі болып жұмыс істейді. Отбасын құруды жоспарлап отырған жас жігітке енді пәтер бұйыратын болды.

 

– Менің жақсы жұмысым, лайықты жалақым, енді өз пәтерім бар. Бақыт үшін тағы не қажет?! – дейді тәжірибелі маман.

 

Аманғали Маненов – станса кезекшісі. Компаниядағы жұмыс өтілі – 11 жылдан астам. Ол төрт баланың әкесі және осыған дейін ата-анасымен бірге тұрып келген. Қазір жеңілдетілген бағдарлама арқылы екі бөлмелі пәтер сатып алды.

 

– Біз осы сәтті көп күттік, біраз уайымдадық. Міне, бұл бақыт та бұйырды. Отбасыма  арманымыздың орындалғаны туралы хабарлағанымда, бәрінің қуанышында шек болмады, - деп бөлісті ол.

 

Нұрсұлтан Есентайұлы инженер-технолог болып жұмыс істейді. «Шұбаркөл көмірге» дипломын алған соң орналасқан. Оның айтуынша,  осындай тиімді шарттар бойынша тұрғын үй алуға болатынын ойламаған:

 

– Ұзақ уақыт бойы ең қолайлы жолдарды іздедім, тек өз күшіме сендім. Бірақ, міне мен осы бағдарламаның алғашқы қатысушысы атандым. Барлығыңызды өздеріңізге сенуге шақырамын. Біздің компанияның Отбасы банкімен бірлесіп, талай жасқа, көп балалы отбасыларға баспана алуға септігін тигізетініне сенімдімін!

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста