Павлодар базарларында қауіпті кәмпиттер анықталды

Тәттілердің қауіптілігі зертханада расталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы, тұтынушылар ұлттық лигасы және «Report Kontrafakt» коммерциялық жобасы қазақстандық нарықта контрафакт бар ма екенін тексерді. Павлодарда қауіпті тәттілер «Асыл» базарында және «Олжа» сауда үйінде анықталды. Кәмпиттер танымал брендтер тәрізді жасалған, яғни өндірушілер бір немесе бірнеше әріптерді өзгерткен.

 

Сарапшылар зертханаға Fiberello кәмпиттерінің үлгілерін тапсырды. Оларда колиформалар — ішек таяқшалары және ашытқылардың рұқсат етілген мөлшерінен асып кетуі анықталды. Бұл өнімді өндіру және сақтау ережелерінің бұзылғанын көрсетеді. Ашытқы мөлшерінен нормадан жоғары болғандықтан, ағзада улы заттар жиналып, дисбактериоз, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, метаболизм бұзылуы мүмкін.

 

— Нарықты талдау кезінде анықталған барлық контрафактілік өнімдердің шығу тегі белгісіз, — деді Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская.

 

Тауарлар таңбалау талаптарына сәйкес келмеді, қаптамаларда өндіруші туралы ақпарат, өнім құрамының сипаттамасы болмады.

 

Көбінесе жалған кәмпиттердің қаптамасында Өзбекстандағы өндіруші компанияның мекенжайы көрсетіледі. Бірақ көрсетілген мекенжайлар бойынша өндіріс болмай шықты. Яғни, тәттілер қолмен жасалған.

 

Светлана Романовскаяның айтуынша, танымал брендтерге еліктейтін кәмпиттер — бақылаудың толық болмауының дәлелі. Контрафактінің түсуін анықтаумен ешкім айналыспайды.

 

— Басты себептердің бірі — бизнесті тексеруге жарияланған мораторий, — деді ұйым басшысы. — Тыйым салу адал өндірушілер мен заң бұзушыларды әділетсіз жағдайларға душар етеді.

 

Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, 2018 жылдан 2021 жылға дейін елге 30 миллиард теңгеге контрафактілік өнім әкелінген. Бұл көлем жыл сайын 10 пайызға артады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста