Өзгеге таңсық өзіміздің мақтаныштарымызбен танысалық

Еліміз техника және технократ-менеджерлер маманына қатты зәру. Біз ғана емес, бүкіл әлем бұл мамандықты аса қажет етеді. Өйткені заман талабына сай индустриялық-инновациялық төңкерісті туындатушылар – нақ осылар. Сол себепті болар, біздегі математик-физик оқушыларды мықты біліммен қамтыған мектебімен қош айтыстырмай-ақ сырттың іліп әкетіп жатқаны. Иә, еліміздегі мамандандырылған мектеп түлектері, түрлі деңгейдегі олимпиада жеңімпаздары көбіне шетелдік грантты ұтып алып, мұхиттың арғы жағында білімін ұштай түседі. Көбі сол жақта қалып қоятын көрінеді. Бірақ отандық мамандандырылған мектептер ол үшін сағын сындырған емес, керісінше, жыл өткен сайын білікті де білімді оқушылардың қатарын көбейту үшін түрлі деңгейдегі сынақтың да санын арттыра түсуде. Соның бірі – 8-сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша Леонард Эйлер атындағы олимпиада...
25-27 наурыз аралығында Алматыда өткен бұл олимпиаданың бастамашысы Ресейдің Взятск қосымша білім беру орталығы және Мәскеудегі үздіксіз математика білімін беру орталығы болып табылады екен. 8-сынып оқушылары республикалық олимпиаданың қоры­тындысына жете бермейтіндігін ескеріп, біздің елімізде де бұл білім сайысын төртінші жыл қатарынан сынап жатыр. Бастапқыда ТМД-дан бастау алған математика пәнінің Л.Эйлер атындағы олимпиадасы бүгіндері әлемнің әр елінде тұрақты өткізіле бастаған. Мәселен, өткен жылы әлем бойынша аталған сайысқа 2500 оқушы қатысыпты. Биыл бұл сан толықпаса, кеміген емес.
Алмас Күнғожин, Ұлттық олимпиаданың ұйымдастырушы комитетінің мүшесі:
– Олимпиада үш кезеңнен тұрады: дистанциондық, аймақтық және қорытындылаушы. Биыл аймақтық кезең 26-27 қаңтар аралығында Алматы мен Астана қалаларындағы «Пифагор» қосымша білім беру орталықтарында өтті. Алдында қоры­тынды кезең «Тамос эдьюкейшн» физика-математика мектебінде, Алматы қаласының қазақ-түрік лицейі мен «Арыстан» мамандандырылған лицейінде өткізілген болатын. Биыл өз тарапынан жеңілдіктер ұсынып, қолдау білдіргендіктен «Алтын Қарғалы» санаторийінде олимпиаданың қоры­тындысын жасадық. Аймақтық кезеңнің нәтижесі бойынша соңғы кезеңге 34 қатысушы ілікті. Сонымен қатар рес­публикалық олимпиадаға 9-сы­ныптың атынан түсіп жүрген 8-сынып оқу­шыларын да қосымша шақырдық. Бір-бірінен асып түсетін кіл мықтылар болғандықтан, нәтижесі бір-бірімен үзең қағыстырып тұрғандықтан ІІ орын­ға төрт жүлде, ІІІ орынға жеті жүлде та­ғайындалды.

Ал бұл білім сайысына белгілі қоғам қайраткері, академик Асқар Жұмаділдаев қазылық еткен екен. Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдыздың бірі, әлемдік математика ғылымының шыңына ту тіккен, әмбебап ғалым Асқар ағаның ізін басу­шылардан асқақ тұлғалар туындайтын­дығына, әрине, сөз жоқ. Сонымен, биыл елімізде өткен математика пәні бойынша Леонард Эйлер атындағы олимпиаданың І орын иегері: Темірхан Зиманов («Келешек» физика-математика мектебі, Алматы қ.); ІІ орынның иегерлері: Темірлан Амангелдин (Қазақ-түрік лицейі, Астана қ.), Диас Сұлтанов («Келешек» физика-математика мектебі, Алматы қ.), Бауыржан Жұман («Зерде» дарынды балалар мектебі, Астана қ.), Темірлан Омаров (Қазақ-түрік лицейі, Ақтау қ.), Аружан Аманбаева (№165 мектеп, Алматы қ.), Әбубәкір Күшек («Зерде» дарынды балалар мектебі, Астана қ.), Ахмад Сүмекенов (№8 лицей, Павлодар қ.), Санжар Елеуов (Қазақ-түрік лицейі, Астана қ.), Георгий Пак (Назарбаев зияткерлік мектебі, Талдықорған қ.), Кеңес Шаяхмет (№165, Алматы қ.), Ануар Айсин (Қазақ-түрік лицейі, Қостанай қ.) және тағы бірқатар оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Бұл оқушылар осылайша, болашақта өзгенің емес, өз елінің мақтанышы бола берсе екен деген бізде тілек бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста