Отбасы банкте депозит сату тоқтатылады

21 тамыздан бастап Отбасы банкте депозит сату қызметі алынып тасталады. Дегенмен туыстарына депозит беру қызметі еш өзгеріссіз қалады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Онлайн-табыстау – депозиттердің онлайн-дүкені. Мұнда клиенттер депозит сату және сатып алу қызметін қолдана алады. Осылайша заем рәсімдеу уақытын қысқартады.

 

2022 жылдың алғашқы жартысында 1647 адам депозит сатып алған. Ал 2023 жылы депозит сатып алған соң заем рәсімдеген клиенттер саны 2 есеге, 973 адамға дейін азайған. Дегенмен алғашқы жарты жылдықта Отбасы банк 28 800 несие берген.

 

"Бұл банк клиенттерінің жинақтау мәдениетін ұстана отырып, депозит ашып, пәтер алу үшін қаржы жинауды құптайтынын көрсетеді. Осы жылдың басынан бері 273 465 адам жинақ шотын ашты", – деп мәлімдеді банк өкілдері.

 

Туысқанына депозит табыстау әрі қарай да жалғаса береді. Мұны банк бөлімшесінде ғана емес, банктің мобильді қосымшасында жүзеге асыруға болады. Рәсім 5-10 минут уақытты алады.

 

Аталмыш қызметті ерлі-зайыптылар, ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алған балалар, әжелері мен аталары, немерелері, немере ағасы мен әпкесі, немере інісі мен қарындасы, жиендері пайдалана алады.

 

Ал банктің мобильді қосымшасында ата-аналары, ерлі-зайыптылар, бала асырап алушыларғ туған ағайындылар мен әпкелі-сіңілілер депозит табыстай алады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста