Отбасы банк клиенттері барлық операциялардың 83,2% қашықтан орындайды

Отбасы банк клиенттері барлық операциялардың 83,2%  қашықтан орындайды

Отбасы банкінде («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қашықтан қызмет көрсету арналарының үлесі жыл сайын артып келеді. Қазір банктік операциялардың 76,6% интернет-банкинг пен бейнебанкинг, тағы 6,6% агенттік желі құрап отыр. Бұл деректер үстіміздегі жылдың тек бірінші жартыжылдығы бойынша.

Өткен жылы қашықтағы арналардың үлесі 81,9% құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 67,1% жеткен.

Биылғы жылдың небәрі алты айында Отбасы банк клиенттері филиалдарға келмей 1 млн астам транзакция жасаған. Олардың барлығы интернет-банкинг, бейнебанкинг немесе агенттік желі қызметтерін пайдаланған.

 Банк клиенттері арасында танымалдылық бойынша «Otbasy bank» мобильді қосымшасы бірінші орында. Бұл сіздің қалтаңыздағы банк. Биыл тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін қосымшаның функционалдығы жаңа, пайдалы опциялармен толықтырылды:

1. Алдын ала немесе аралық заемнан тұрғын үй заемына көшу. Бұрын бұл қызмет тек банк бөлімшелерінде ғана көрсетілетін. Тұрғын үй заемына көшу операциясын жүзеге асыру үшін «Otbasy bank» мобильді қосымшасының «Несиелер» бөліміндегі «Операциялар» қойындысында «Тұрғын үй заемына көшу» операциясын таңдаңыз. Аталмыш қызмет клиент келесі шарттарды орындағанда қолжетімді:

- келісімшарт сомасының 50% көлемінде жинақтарының болуы;

- жинақтау мерзімі кемінде 3 (үш) жыл;

- бағалау көрсеткішінің (БҚ) ең төменгі 16 деңгейіне қол жеткізу.

2. Несиені төлеу мерзімін өзгерту (оның ішінде кепілгердің қатысуымен). Қызмет «Otbasy bank» мобильді қосымшасында қолжетімді. Оны пайдалану үшін «Операциялар» мәзіріне өтіп, «Несиелер» қойындысында «Төлем күнін өзгерту» түймесін басу керек.

Бұл жерде аталмыш қызметке комиссия қарастырылғанын айта кеткен жөн. Ол несиелік берешек қалдығының 1% тең, бірақ 5000 теңгеден аспауы тиіс.

3. Банк бөлімшелерінде кезекті онлайн брондау, қайта брондау немесе брондаудан бас тарту мүмкіндіктерімен. Қызмет «Otbasy bank» мобильді қосымшасында қолжетімді. Оны орындау үшін «Операциялар – Бөлімшеге жазылу» мәзіріне өту керек.

4. «Отбасы банк» мобильді қосымшасында «Бейілді клиенттер клубы» да қолжетімді болды. Енді бағдарлама мүшелері мобильді қосымшада бонустарын оңай қадағалап, банк серіктестерінің жеңілдіктерін пайдалана алады.

Бөлімшелерге келген клиенттер аталмыш операцияларды жиі пайдаланғандықтан, олардың барлығы онлайн форматқа көшірілді.

Тағы бір маңызды жайт, «Otbasy bank» мобильді қосымшасы нашар көретін және көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар жандарға ыңғайлы етіп бейімделді. Қосымшаны оңтайландыру және жетілдіру жұмыстары мүмкіндігінше ақпараттық мазмұнды жоғалтпай мәтінді үлкейтіп, түсін өзгертуге, сондай-ақ экрандағы жазбаны дыбыстайтын зағип жандарға арналған смартфондардың арнайы мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашты. Бұл мүмкіндіктерді смартфон параметрлерінде «Дисплей - Экран масштабы, қаріп өлшемі және стилі» және «Арнайы мүмкіндіктер» бөлімдерінде іске қосуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста