Өскеменде өзгеше ауыл бой көтерді

Шығыс Қазақстанның орталығы Өскемен биыл жазда бір көркейіп қалды. Ауқымды шаралар өтіп, қаланың түр сипаты өзгеріп шыға келді. Қалалықтар үшін де, қонақтар үшін де ең басты жаңалық қала шетінде жаңа ауылдың пайда болуы еді.
Жаңа ауыл – этноауыл деп аталады. Бұл ауыл басқа ауылдан ерекше. Ауылға келген адам қазақты да, кәрісті де, орысты да, татарды да кездестіреді. Оларды жүз­бе-жүз көріп қана қоймай, сол ұлт өкілдерінің ең байырғы бабадан қалған тұрақтарына, дәстүрлі баспаналарына кіріп тамашалай алады.
Жалпы, этноауылды салу туралы ой облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұсы­ны­сынан туындаған болатын.
Дегенмен ауылда адамдар кәдімгідей тұрады деп айтуға болмайды. Қалаға сыйлы қонақтар келгенде, немесе оқушы, студент жастар танысуға келгенде ғана этно­кешендегі тірлік қыза түседі. Ән де, жыр да сол кезде төгіледі. Әр үйдің ал­дында.
Әр үй демекші, бұл жерде 11 ұлт өкілі­нің байырғы баспана түрі 7 гектар жерге орын теуіпті. Оның ішінде ХХ ға­сырдағы отырықшы қазақтардың үй-жайы, тастан салынған баспанасы, сол ғасырдағы орыс үйі, сол ғасырдағы по­ляктардың үй-жайы, армян халқының баспанасы және тағы басқалары бар. Әрқайсысы ерекше бір ыждағаттылықпен салынғанға ұқсайды. Бір айдың ішінде салынған ауылды жазда Елбасымыз да тамашалап қайтты. Риза болды. Өйткені мұндай ауылды тек Өскеменнің іргесінен ғана табасыз.
Эльдар ТӨЛЕУБЕКОВ, Шығыс Қазақстан облысы «Достық үйінің» директоры:
– Осы ауыл арқылы біздің еліміздің басқа қалаларына үлгі боларлықтай жайымыз бар. Бізден көріп, тіпті Астана қаласы да осындай ауыл салмақшы екен. Бірақ әрине Астанада ол ауыл тіпті ерекше салынатын шығар. Дегенмен біздің этноауыл да қаламыздың бетке ұстар жеріне айналды.

Роза ДӘУІТОВА, Өскемен қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы:
– Этноауыл әрине біз үшін мақтанар­лық дүние, бірақ, әттең-ай деген тұстары да бар. Оларды тәптіштеп айтпай-ақ қояйын, олар болашақта жөнделеді. Диаспора­лардың барлығы риза. Өйткені олар өз көздерімен көрді, сол үйлердің салынған­дығын. Әр ұлт өкілі өздері бақылап отырды. Сондықтан бұл жер­дегі ұсақ кемшіліктерден үлкен мәселе жасап керегі жоқ. Түзеледі. Менің ойым, ол жердегі қазақ халқының үйлеріне басымдылық беру керек. Сондықтан сол ауылдың бір шетін қазақ ауылына айналдырса деген ойым бар. Қазір осы ойымды жүзеге асыру үстін­демін.
Этноауыл да қысқа қамдануда
Жалпы, этноауыл мұражайлар қата­рына еніп, Өскемендегі этнографиялық қорық-мұражайының қарамағына бе­рілген. Осы ұжымның директоры Ни­колай Зайцевтің мәлімдеуінше, этно­ауыл­ға әлі талай қо­сымша дүниелер салынады. Әлі бұл ауыл өзгеріп, түрленеді. Тіпті осы ауылдың ішінде арнайы шеберхана да жұмыс істеуі мүмкін. Ол жерде әр ұлт өкілі өздеріне тән қолөнер түрімен еркін айна­лыса алады. Өзге елге де үйрете алады. Ауылдың ортасы ұлттық орта­лықтардың өнерін паш ететін арнайы сауық өтетін алаңға айналмақ. Ал бұл үйлердің Ал­тайдың қаһа­рлы қысына қалай төтеп берерін енді кім білсін?!. Дегенмен ол үшін де қам жасалған көрінеді. Этно­графиялық қорық-мұражай мамандары­ның түсін­діруінше, қазір этноауылдағы үйлерді қыс маусы­мына дайындау жұ­мыстары бастал­ды. Кешендегі үйлердің ішіндегі жәдігерлер жылы жерлерге кө­шіріліп, баспаналардың есігіне қара құлып салынады. Ауылды көрем деушілер үй­лерді тек сыртынын ғана тамашалай алады. Сөйтіп, келесі жылдың мамыр айына дейін этноауыл қысқы ұйқыға батады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста