Оңтүстік жерінде тамақ өнеркәсібіне 3 миллиард теңге инвестиция салынған
Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібіне жаңа серпіліс беретін «Тамақ өнеркәсібі» - Аgroprom Shymkent 2016 көрмесі өтті деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Шараға облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев, ОҚО кәсіпкерік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М. Қарабаев және Жамбыл облысынан келген қонақтар қатысты, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасап.
.png)
Айта өту керек, жыл басынан бері Оңтүстік өңірінде тамақ өнеркәсібіне 3 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Дәл осы көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түседі деген жоспар бар. Мәселен, таяуда Қазығұрт ауданында үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында “Lotus Food Company LLC” ЖШС тез дайындалатын кеспе жобасы жүзеге асырылды. Дәл осы жобаға 471 млн. теңге көлемінде инвестиция салынған. Сондай-ақ ҮИИД бағдарламасын жүзеге асырушы "Агробизнес -2020" бағдарламасы аясында өңірдің агросаласы айтарлықтай дамып, қанатқақты жобалар қолдау тапқан.