Өндіріс өңірдің өрісін кеңейтеді

Елімізде индустриялық-инновациялық дамуға ерекше мән беріліп отыр. Қай аймақта да сан алуан игілікті істер қолға алынуда. Бұл Қазақстанның алдағы уақыттағы жарқын келешегінің негізі болмақ. Кешегі кеңестік кезеңнің салқыны шығар, сол жылдарда біздің елімізде іргелі өндіріс орындары санаулы-ақ еді. Оның өзінде олардың көбісі сыртқа тәуелді болып келді. Соның салдарынан өндіріс орны ырғақты жұмыс жасау үшін оған қажетті дүниелерді өзге елдерден тасуға тура келгені жасырын емес. Ал 90-жылдардың басынан сондай кәсіпорындар мен зауыттардың аяғына тұсау түсіп, кейбірі жабылып қалса, тағы бірі ілдалдамен тірлігін жалғастырды. Әрине, мұндай тіршілік ауаны Қазақстанның адымын аштыруға кедергісін тигізіп жатқаны жасырын емес.
Шындығын айтқанда, күнделікті тұр­мыста қарапайым ғана зат есебінде сана­ла­тын шеге мен балғаны да сырттан жет­кі­зетін жағдай басымыздан өтті. 90-жыл­дарға дейін тек қана шикізаттық өн­­дірістен әріге аса алмаған біздің еліміз үшін жаңадан өндіріс орындарын ашып, онда халыққа қажетті дүниелерді шығару күн тәртібінен түспей жүргенін әрбіріміз жақсы білеміз.
Сол олқылықтың орнын толтыру мақ­сатында қазір Қазақстанда серпінді істер бар. Оның әрқайсысы да тәуелсіз мемле­ке­тіміздің, әрбір өңірдің, әрбір кәсіп­орын­ның тыныс-тіршілігіне елеулі өзгеріс енгізе алады. Бұрынғы жылдарда тек қана ауыл шаруашылығы саласына арқа сүйеп келген Сыр өңірінде де осындай іргелі жұмыстарға көңіл бөлініп келеді. Биылғы жылдың бе­де­лінде Қызылорда облысында индус­трия­­ландыру картасы шеңберінде төрт жо­ба елдің игілігіне айналады деп күтілуде. Оның бірі – Қорқыт ата зиярат ету орта­лы­ғы кешенінің құрылысы. Атақты абыз ба­ба­мыздың жамбасы жерге тиген орында ке­­лешекте жұмыс істейтін орталықтың жо­ба­лық құны 220 млн теңгеге жуықтайды. Бү­гінгі таңда онда құрылыс жұмыстары қол­ға алынған. Алдағы уақытта жергілікті ең­­бекшілер комбикорм өндірісі жо­ба­сы­ның игілігін көрмек. Осы күндері қа­жетті құ­рал-жабдықтар Германиядан жет­кі­зі­луде. Онда болашақта тәулігіне 80 тон­на өнім шығарылмақ. Сондай-ақ агро­өнер­кә­сіп саласы үшін қажетті нәрсе – орга­ни­калық тыңайтқыштар шығару да жоспарда бар.
Сыр өңірінде алдағы кезеңде қолға алы­натын басқа да жобалар іріктелуде. Бүгінгі таңда қала, аудан әкімдіктері мен же­келеген кәсіпкерлердің ізденісі нә­ти­жесінде индустрияландыру картасына ен­гізу мақсатында біршама жобалар та­ра­зы­ла­нып жатыр. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы маман­да­рының айтуынша, жыл басынан бері қыр­күйек айына дейін 13 жоба келіп түскен екен. Оның ішінде алтауы бойынша құжат­тар то­лық түгенделді. Олар сарапшы ко­мис­сия өкілдерінің талқысына жолданған. Атал­мыш комиссия мүшелері бес жобаға оң бағасын берді. Ал біреуі қосымша зерттеу үшін кері қайтарылған.
Ардагер АҚЖІГІТОВ, Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы:
– Аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылған бес жоба бойынша айтар болсақ, оның алғашқысы «Тазартылған суды арнайы ыдысқа құю цехын жаң­ғырту» саналады. Бұл жұмыс облыстың Қар­мақшы ауданында жасалады. Оны «Мир-2001» ЖШС қолға алмақшы. Бұл жоба жүзеге асырылғаннан кейін Қармақшы және оған көршілес жатқан Жалағаш, Қазалы, Арал аудандары тазартылған сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жоба келер жылдың орта шеніне таман елдің игілігіне айналады деп күтілуде. Сондай-ақ осы серіктестік бетон бұйымдары цехына заманауи тех­нология өндіру арқылы жаңғырту ісіне де мән беруді көздеп отыр. Қа­зір­дің өзінде олардың дайындаған өнімдері облыста зор сұранысқа ие болып отыр. Ал Қазалы ауданындағы «Игіліков» жеке кәсіпкерлігі балықты өңдеу цехын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Сырдария ауда­нын­да газ әзірлеу түйінінің құрылысы жобасы қолға алынбақ. Оның жобалық құ­ны 1 млрд теңгеден асады. Жоба өңір­дің газ өндіру саласын дамытуға өз үлесін қосатын болады. Бұл игілікті істі қолға алған «Құмкөл транссервис» ЖШС оған қажетті қаржыны өз есебінен шығарады. Ал бесінші жоба «Мұнай әзірлеу түйінінің құрылысына» қатысты.

Сыр өңірі жылдан-жылға индус­трия­лық-инновациялық даму бағытында тия­нақ­ты істерді атқарып келеді. Әрине, ілгеріде еліміз бойынша өнеркәсібі өркен жая қоймаған өңір болмағандықтан, әлі де қолға алатын жұмыстар жеткілікті екеніне көз жеткізу қиын болмас.
Рас, өнеркәсіп әрбір елдің эконо­микалық әлеуетін жақсарта түсетіні белгілі жайт. Бұл бағытта Қазақстанда қолға алынып отырған игілікті істер күні ертең халықтың жағдайының жақсаруына өз септігін тигізе алады. Сол себепті еліміздегі индустриялық-инновациялық жобалар бағытындағы жұмыстар келешекте мем­ле­ке­тіміздің айбынын асқақтата түсері анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста