Ойындар Теориясы деген не?

немесе математик еместерге ойындар теориясын қауымдастықтардың трагедиясы төңірегіндегі оқиғалар мысалында түсіндіру

Мамандығы физик, бірақ экономика ғылымдарынан кандидаттық диссертация қорғаған А. Захаров «Қоғамдық ғылымдардағы ойындар теориясы» кітабында мынадай мысал келтіреді. 1066 жылы 14 қазанның таңғы шуағында Англосаксон корольдігінің билеушісі Гарольдтің әскері Гастингс атты жерге жақын аралықтағы биік төбенің үстінде тұрып майданға дайындалды. Екі апта бұрын Норманд герцогы Вильгельм осы жерлерді жаулап алу үшін Гарольдтің жеріне басып кірді. Мақсаты - осы жерлерді өзінің қарамағындағыларға жомарттықпен сыйға тарту еді. Міне үлкен ұрыстың алғашқы күні де басталды. Негізінен ауыр қаруланған атты әскерлерден тұратын нормандықтардың әскері қалқанға қалқанды қарсы қойған төбе басындағы англосаксондардың жаяу әскеріне тап берді. Алғашқы шабуыл тойтарылды. Көп жауынгерлерінен жаралы және тірідей айырылған нормандықтар тағы шабуылға шығу үшін кері шегінді.


Олар үсті - үстіне шабуылдады. Ақырында, қараңғылық түскенде атты әскерлер ағылшындар қорғанысының шебін бұзып кірді. Гарольдтың әскерін кенеттен үрей билеп, қаша жөнелді. Король қаза тапты. Кейбіреулері құтылды. Англия алынды - бұл оның ұзақ тарихындағы соңғы рет алынуы еді. Соғыстың тағдыры неге бұлай тез шешілді? 

 
Әрбір жауынгер қатарда тұрғанда екі мақсатты көздеді. Кейде ол мақсаттар қарама - қарсы болуы да мүмкін. Біріншісі - Өзінің әскери борышын өтеу. Екіншісі - тірі қалу. Әзірге оның жолдастары қатарда тұрғанда жауынгер соғысуы керек. Әрине ол келесі шабуылда қаза табуы да мүмкін. Егер ол майдан даласын тастап кетсе, оны ұят күтіп тұр еді, жауынгерді жазалайды немесе қорқақтық үшін өлім жазасына кесуі мүмкін еді.


Міне ерекше арпалысқан шабуыл басталды.Қасындағы жолдастарының қаза болғанын көріп бірнеше жауынгерді үрей биледі де, олар қаша жөнелді. Қасында тұрғандар да олардың соңынан ілесті. Жауынгердің қандай да бір критикалық саны майдан даласын тастап шыққанда қорғанысты ұстап тұру ешқандай пайда бермейтін еді. Қаза болу тәуекелінің ықтималдығы қашу жазасын арқалау ықтималдығынан арта бастады. Майдан даласын тастап қашқан жауынгерлер саны көбейген сайын әрбір жеке қашқынның жазалану ықтималдығы азая берді. Бірнеше минут өтпей-ақ барлық әскер қаша бастады да түгел қаза болды. Себебі, жаяу әскердің атты әскерден қашып құтылу мүмкіндігі жоқ еді. Сонда да, әрбір әскердің өзінің қалқанын тастап, алыстағы көрініп тұрған тоғайға қашуға тырысуы тиімді шешім болатын, егер қалғандары қашып кетсе, онда жеке әскердің таңдауы жоқ. Соғыса берсе ол өзін өлімге бас тігуге мәжбүр етеді. Ал қашуға тырысса онда оның тірі қалу ықтималдығы бар болады. Король Гаролдтың жеке әскері бір қадамға да шегінген жоқ барлығы қаза тапты, әрбір әскер ақырына дейін ұрысқанда не болатын еді? Мүмкін ешкім қашпаса соғыс англосаксондардың жеңісімен аяқталар ма еді? 


Бірақ тарих өткен шаққа жіктеуді білмейді…


Айналаңызға бақылап қараңыз. Әдетте біз қабылдайтын шешімдерге басқа адамдардың іс әрекеті әсер етпей қоймайды. Мысалы, кейбір жоғарғы оқу орындарында студенттер емтихан кезінде неге көшіріп алуға әуес. Себебі, барлық студенттер көшіріп отырғанда көшіру пайдасы көшіргені үшін қолданылатын жазадан артық болады. Ұсталғандарды оқудан шығаруға дейінгі жаза күтіп тұрады. Қалыпты жоғарғы оқу орындарында ешкім көшірмейді немесе көпшілігі көшірмейді.

 


Қаржы нарығында құлау қалай пайда болады? Дәл сол сияқты, егер сіз құнды қағаздың құны құлайды деп күтсеңіз, онда сіз одан құтылуға тырысыңыз. Себебі ол сізге пайдалы. Егер барлығы осы құнды қағаздан құтылуға тырысса, онда оның бағасы төмендейді де күтілімді растайды. Әрине барлық жағдайда адамдардың бірін бірі қайталайтын жануар инстинкті бойынша түсіндіруге болады.
Ойындар теориясы қолданбалы математиканың бөлімі. Оның көмегімен экономистер мен саясаткерлер, ғалымдар бірнеше субъектілердің шешім қабылдау тәртәбін түсіндіреді. Әрбір ойыншының шешім қабылдау критериі қалғандарының қабылдайтын шешімінен тәуелді болған жағдайды модельдеуге пайдаланылады. Ойындар теориясы есебіндегі шешім мен тиімділік есебіндегі шешім екеуі беттесе бермейтіндігі өте маңызды факт болып табылады. Халық мәтелі «Пайданың түбін қуған зиянның дәл үстінен түседі» деп бекер айтылмаған. Король Гарольд әскеріне және корольдың өзіне ешбір жауынгердің қашпағаны тиімді еді.Бірақ сайып келгенде әрбір жауынгер шешімді жеке қабылдады.


Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова,
Экономика ғылымдарының докторы,
Алматы технологиялық университеті,
Сорбонна - Қазақстан институтының
профессоры

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста