Ойын бизнесін Алматыға қайта әкелу керек...

Өткен аптада Мәжіліс «Ойын бизнесі» туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасын мақұлдады. Бұдан былай жаңартылған заңға сәйкес көпқабатты тұрғын-үйлерден букмекерлік кеңселер ашуға тыйым салынады. Заңның осы бөлігіне сай алдағы уақытта Алматы мен Астана қалаларында тұрғын үйлерге қоныстанған мұндай ойын-сауық орталықтарының барлығына жабылу қаупі төніп тұр.
Жалпы, жаңа заң бойынша букмекер кеңсесі және тотализатор кассаларынан алынатын салық 75 АЕК-тен (138 мың 900 теңге) 150 АЕК-ке (277 мың 800 теңге) дейін ұлғаятын болады. Ал ойынханаларға қатысты - бұдан былай Қазақстанда казино ашу үшін кем дегенде 30 ойын үс¬телін қою талап етілетін болады. Сонда әр казинодан жыл сайын мемлекетке кем дегенде 45 миллион теңге салықтық түсім түсіп тұрмақ. Сонымен бірге елде шетелдік интернет казино қызметін ойнауға да тыйым салынбақ. Бұдан бөлек осы бизнеске лицензия алушыларға да талап күшейтіледі.
Сөйтіп, болашақта ойын бизнесіне деген бақылау, қадағалау күшейтілмекші. Бюджет үшін ең маңыздысы – келер жылдан бастап бұл бизнестен түсетін салықтың көлемі өскелі отыр. Осыған байланысты қайсыбір мамандарымыз «ойын бизнесінен түсетін салық арқылы бюджеттің бүйірін тоқ қыламыз десек, онда ойын бизнесін Алматыға қайта әкелу керек» дейді. Олардың ойынша, Алматының ірі қаржы орталығы деген статусына сәйкес қалада ірі-ірі қаржы институттары және ірі сауда орталықтарымен бірге ірі ойынханалар да болуы тиіс.
Негізінен, деректерге жүгінсек, соңғы алты жылда ойын бизнесінен алынған салықтан бюджетке 19,4 млрд теңге қаржы түскен. Бұл 2008-2013 жылдар аралығында түскен салық көлемі. Қазақстанда ойынхана мен ойын автоматтары нарығының табысы жылына шамамен 810 млн. АҚШ долларын құрайды. Ал қолданыстағы букмекер кеңселерi мен тотализаторлардың ең төменгi айналымы жылына 30 млрд. теңгеге жетеді. Міне, осыған қарап Алаш айнасына пікір білдірген мамандар «осынша қомақты табыстары бола тұра ойын бизнесін Алматыдан оқшаулап алып кету асығыстық болды. Егер ойынханалар Алматыда жұмыс істеп тұрғанда олардан түсетін табыс бұдан да көбірек болар еді» дейді.
Дәурен Арын, заңгер:
- Біз Алматыдан ойынханаларды апарып Қапшағайға орналастырғанымызбен, алты жылдың ішінде Қапшағайдың экономикалық статусын анағұрлым өсіріп жібере алмадық. Ойынхана жеке адамның бизнесі болғандықтан бұған қатысты бізде жабайы кәсіпкерлік қалыптасып кеткен. Аңғарғанға, бір ойынхананың жылдық табысы өнім өндіретін бір кәсіпорынның табысынан үш есе көп. Мысалы, мақта-мата өңдейтін бір кәсіпорынның жылдық табысы 810 млн. АҚШ долларын маңайламайды да. Олар табысқа жетуі үшін үш жыл қатарынан шығынға жұмыс істейді. Шығынға жұмыс істесе де мемлекетке салық төлейді. Заң жүзінде барлық талаптарды орындайды. Ал біздегі ойын бизнесінің басы-қасында жүргендер заңсыз әрекет етуге бейіл. Мысалы, өткенде ғана Алматыда 102 ойын залы бар 11 ойынхананың заңсыз жұмыс істегені әшкере болды. Ал есептеңіз бір ойын залынан қаншама табыс түседі. 1 ойын үстелінен шамамен жыл 45 млн. теңге табыс түссе, есептей беріңіз. Заңсыз жұмыс істеген 102 ойын залы қанша табысты салық төлемей қалтасына басты. Мұндай «қой терісін жамылған қасқырлар» тәрізді басқа бизнестің атын жамылып табысын еселеп отырған ойынханалар жетіп-артылады. Бура¬байға немесе Қапшағайға күн сайын бара беру оңай емес, бірақ олардың күнде ойнағысы-ақ келеді. Ойынқұмарлардың көбісі қазірде тіпті шетелдің интернет казиноларына мол қаржыларын салуда. Сондықтан бұл арада мол қаржы көзі электронды жүйе арқылы шетелге шығып кетпесін десек, бізге бұл мәселені қайта қараған жөн. Олардың артында лауазымды тұлғалардың тұруы тіптен қауіпті. Сондықтан өз басым, ойынханаларды Алматыға әкелген дұрыс деп те ойлаймын. Осылай етсек, талай жасырын табыс тауып жүрген ойынханалардың беті ашылып, заңдық тұрғыда жұмыс істей бастайды. Бұдан барып қаланың бюджетіне түсетін салық еселенеді. Алматының экономикалық рейтингі өседі.
Міне, мамандарымыздың бір парасы осылай деп жатса, келесі бір мамандарымыз «Алматыға емес, ойын бизнесін Алакөлге апарған дұрыс» дейді. Олардың есебінше, Алакөлдің туристік әлеуетін жоғарылату үшін аймақтан ойын бизнесін ашу тиімді болмақ.
Нұрлан Жазылбеков, Мәжіліс депутаты:
- Меніңше, Алакөлден ойын бизнесін дамыту өте тиімді болмақ. Бұл сол аймақтың туризмінің дамуына ықпал ететін дүние. Ойынқұмарлардың көпшілігі Алакөлге барып ойнай бастаса, бұл инвестицияның келуіне, Алакөлдің туристік әлеуетінің көтерілуіне септігін тигізер еді. Сондықтан салыққа қызығып ойынханаларды Алматыға әкелгеннен гөрі, Алакөлге апарған дұрыс деп есептеймін. Рас, жасырын ойын бизнесі Алматыда әлі де бар. Олар әлі де әшкереленеді. Заңға сай жазаларын алады. Бірақ олар әйтеуір заңсыз жұмыс істеп жатыр, одан да заңдық тұрғыда жұмыс істеуіне мүмкіндік берейік дегенімізбен, бұл - болмайтын нәрсе. Себебі 2008 жылдан бері Алматыда олардың саны қысқаруын қысқарды. Ірі ойынханалар Қапшағайға шығарылды. Енді олардың қайта қалаға енуіне рұқсат берудің қажеті жоқ. Алакөлде бұл бизнес түрін дамыту, осы арқылы сол аймақтың әлеуетін көтеру тиімді деген ойдамын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста