Наубайхананың наны арзандайды

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының шарапатын ша­ғын наубайханалар да көре бастады. Алматы облысы Ескелді ауда­нын­дағы алдыңғы қатарлы шаруа қожалықтарының бірі «Санжар» өз меншігіндегі наубайхана цехын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Шаруа қожалығына қарасты тауарлы өндіріс кешенінің базасындағы наубайха­наға 250 мың АҚШ долларына Baskent-ВД 2000 түрік фирмасының заманауи құрал-жабдықтары орнатылды. Жаңа технология жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, енді кеңейтілген цех нанның 30-дан астам түрін шығаруға бел шешіп кіріспек. Қожалық басшысы Жанатбек Сарғалдақовтың айтуынша, ұн елегіш, қамырды бөлгіш аппараттары өз міндеттерін автоматты түрде қалтқысыз атқарып тұрады. Соның арқа­сын­да ұн шаң-тозаңнан толық тазартылып, оның салмағы да тиісті мөлшерден артық-кемі жоқ дәлдікпен бөлініп салынады. Ротациялық пеш бір ауысымда 5000 бөлке нан пісіруге қауқарлы. Сондай-ақ мұнда бір бөлкесінің бағасы 45 теңге болатын әлеуметтік нан да пісіріліп, тұтынушыларға жөнелтілуде.
Жанатбек Сарғалдақов, «Санжар» шаруа қожалығының жетекшісі:
– Мемлекеттің шағын және орта бизнеске айрықша көңіл бөліп жатқаны қуантады. Бәсекеге қабілетті нан өнім­дерін шығару үшін наубайхананы жаңа заман талабына сай жабдықтауды біраз уақыттан бері жоспарлап жүрген едім. Көздеген мақсатыма «Бизнестің жол картасы» арқылы қол жеткізіп отырмын. Бүгінге дейін цехта 20 адам жұмыс істесе, жуырда тағы он адам жаңа технология тетіктерін басқаратын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста