Нарықтық экономиканың социалистік анықтамасы

Нарықтық экономиканың социалистік анықтамасы

Бір ұрпақтың өміріндей уақытта екі түрлі қоғам­дық-экономикалық формацияны бастан өткеріп отырған қоғамымыз үшін бүгінгі мейрамның орны ерекше. Бүгін бұл күнді қалай атасақ та ол аға ұрпақ үшін, социализмнің шетін ғана көрген орта буын үшін ең алдымен – Еңбек мейрамы, Әлеуметтік тең­дік мейрамы болып қала береді.
Осы орайда МаркстІң «Капиталын» қазақша сөй­леткен, қазақ тілінде тұңғыш экономикалық сөздік жасаған экономист Молдабай Әбдіровтің 1974 жылы «Қазақ­стан» баспасынан шыққан «Қазақша қыс­қаша экономикалық сөздік» кітабынан бір­қатар экономикалық ұғымдардың анық­тамаларын ұсынып отырмыз. Бү­гіндері бәрімізге түсінікті көрінетін на­рықтық экономика социалистік тұрғыдан қарағанда қандай реңк алады, ондағы жазылған жайлар бүгінгі нақтылыққа, өмір шындығына сай келе ме, ол арасын бағамдауды оқырманның өзіне қал­дыр­дық.

Ақша – ...Ақша товар өндірушілердің арасындағы өн­дірістік қатынастарды бейнелейді, сондықтан ақшаның мәні өндіріс әдісіне байланысты өзгеріп отырады. Капи­талистік товар өндірісі жағдайында ақша қанаушы азшы­лықтың баю процесіне қызмет етеді. Социалистік шаруа­шылықта ақшаның мәні де, экономикалық ролі де мүлдем өзгереді.
Ақша системасы – ...Капитализмнің жалпы дағда­рысы кезінде, әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және соның нәтижесінде буржуазиялық дүние елдерінде алтынның орнына көп шығарылатын қағаз ақша жүретін болды. Социализм тұсында өндіріс құрал-жабдығына қо­ғамдық меншіктің болуы, ақша системасының жоспарлы түрде ұйымдастырылуы ақша дағдарыстарының болуына жол бермейді.
Советтік бір сом 0,987412г. алтынмен бағаланады.
Аренда – ...Көп таралған аренда түрі – жер арендасы, бұл – жерді пайдаланудың бір формасы. СССР-де жер – мемлекет меншігі, ол сатылмайды, сатып алынбайды да, арендаға да берілмейді.
Баға – ...Империализм тұсында монополиялық баға үстемдік етеді.
Банк – ...Капитализм тұсында банк кредиторлар мен қа­рыз алушылардың арасында сауда жасайтын капита­листік кә­сіпорын. Басқа капиталистік кәсіпорындар сияқты банк­тің де мақсаты – пайданы көп табу. Банктің қызметі капи­талистік өндірістің дамуын жеделдетіп, жұмыс­шы­ларды қанауды күшейтуді, сонымен қоса капиталистік қайшы­лықтарды да күшейте түседі, бұл дағдарысты тез­детеді. Банк монополиясы мен өнеркәсіп монополиясы біте қайнасып, финанс капиталын құрады.
Социалистік қоғамда банк системасы шаруашылықты социалистік жолмен қайта құруға көмектеседі.
Банкрот болу – экономикалық дағдарыс кезінде етек алып, көбейіп кететін өнеркәсіп, сауда кәсіпорындарының банкротқа ұшырауы биржаны да, банкті де күйретеді, ақша-кредит системасын ірітіп, дағдарысқа ұшыратады.
Бизнесмен – коммерсант, саудагер, кәсіпкер-капи­талист, көп пайда түсіру үшін ешнәрседен қаймықпай кірі­сетін, пайдаға құныққан капиталист; бизнесмен, әсіресе АҚШ-та көп айтылады. Капиталистің жеке бас пайдасын көздеп, байыған үстіне байи түсу үшін қолданатын барлық айла-шарғысы, іс-әрекеті, қызметі – бизнес деп аталады.
Бөлу – социализм тұсында өндіріс құрал-жабдығы қоғамдық меншікке жатады, бүкіл қоғам дәулеті болып саналады. Мұнда өндіріс құрал-жабдығын бөлу де, тұ­тыну заттарын бөлу де бүкіл қоғамның және оның әрбір мү­шесінің мүддесімен есептесе отырып жүзеге асы­рылады.
Бум – шаруашылық істердің жандануын жасанды түр­де қолдау үшін капиталистердің биржалық қулық-сұм­дығын күшейтуі, әдейі саудагерлікпен товардың бағасын қымбаттатып, құнды қағаздардың курсын көтеруі.
Валюта дағдарысы – белгілері: алтынның және барлық формадағы алтын стандарттары айналысының күйреуі; капиталистік елдерде үнемі инфляция болуы. Қазіргі кезде дамыған капиталистік елдерде валютаның бәрі дерлік құнсыздануға бет алуда, валюта курсы тұрақсыздық жағдайға ұшырап отыр. Бұл, алдымен, АҚШ-тың милитаристік саясатының салдары.
Валюта паритеті – біздің бір сомның валюта паритеті 0,987412 грамм, АҚШ доллары – 0,88867 грамм алтын, бірақ доллардың алтын паритеті 1971 жылы девальвация жасалып бір өзгерсе, 1973 жылы тағы 10% кеміді.
Мысалы, АҚШ-тың бір доллары (1971 жылға дейін) біздің 90 тиынға тең болса, қазір 75 тиынға тең (1974ж. – ред.).
Еңбекке қарай бөлу заңы – социалистік қоғамда туады, мұнда адамды қанау деген болмайды, әр еңбеккер өзі үшін, өзінің қоғамы үшін қызмет істейді. Социалистік тең праволылық өнімді тең бөлуде ғана емес, барлық еңбекшілердің қанаудан азат болуында, қоғамдық меншік болып табылатын өндіріс құрал-жабдығына қатынастың, еңбек ету міндетінің ақыны еңбекке қарай алу принципінің барлығына бірдей болуында. Кімде-кім жұмысты көп және жақсы істесе, оның қоғамдық еңбек өнімінен алатын үлесі де мол болады.
Жер бағасы – ...капитализм дамыған сайын жер баға­сы да өсе береді.
Жер қоры – ...капитализм тұсында жер қорының көп­шілігі ірі жер иелері мен капиталистік монополиялардың қолында болады, олар жерді еңбекші бұқараны қанаудың құралы ретінде пайдаланады.
Ипотека – шаруаларды қанап, тұралатудың құралы, олар өздерінің тапқан табыстарын түгелінен дерлік алған қарызының проценті үшін банкке төлейді. Ал ипотекалық қарызын төлемеген жағдайда ол шаруаның жері сатылып жіберіледі. СССР-де және басқа социалистік елдерде ипотека системасы мүлдем жоқ.
Капитализм – қоғамдық құрылыс, адамды адамның қанауына негізделген ең соңғы қоғамдық-экономикалық формация.
Коррупция – қанаушы мемлекеттердің бәріне тән құбылыс, ол әсіресе империализм дәуірінде капиталистік елдерде кеңінен етек алуда. Бұларда коррупцияға байланысты қылмыстар (пара алу, зымияндық, жалдаптық жасау, т.б.) көбінесе жазаға тартылмайды.
Финанс олигархиясы – империалистік елдердің өнер­кәсіп пен банк монополияларының қожасы болып табылатын, іс жүзінде шаруашылықтың аса маңызды салаларын өз қолдарына ұстайтын және экономикалық жағынан да, саясат жағынан да үстемдік ететін ірі финанс капиталистерінің ат төбеліндей шағын тобы. Оның үс­темдігі таптық және ұлттық езгінің күшеюіне, капиталистік паразитизмнің тереңдеуіне жағдай туғызады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста