Мұнайды көрсе, құдайды ұмытады

Мұнайды көрсе, құдайды ұмытады

Кейбір аумақтарда бензин жетпей, жүргіншілер жаға жыртысып жатқанда, ебін тапқан пысықайлар шетелге тонна-тонна мұнай жөнелту арқылы бума-бума ақша тауып жатады екен. Бұл өз кезегінде – ел экономикасына да өте үлкен қауіп. Енді аз-кем осы халық байлығын тонап жатқан «мұнай барондары» туралы айта кетсек...

Мұнай сату – «қосымша күнкөріс көзі»
Қаржы полициясы дерегі бойынша, жанар-жағармай стансаларында мұнай өнімдерін заңсыз сатумен негізінен мүйізі қарағайдай жеке кәсіпкерлер айналысатын көрінеді. Жақында осындай кәсіпті «қосымша күнкөріс көзі» қылып жүрген оңтүстікқазақстандық А.Қамалов атты кәсіпкер еш лицензиясыз «Бірлік» жанар-жағармай стансасында мұнай өнімдерін сату және сақтаумен айналысып, 60 млн 900 мың теңге табыс тапқаны үшін сотталған. Ал Қарағанды облысы Киевка кентіндегі жанар-жағармай стансасында Аи-93 маркалы бензинді сақтау және сату арқылы 58 млн теңге заңсыз табыс алған тағы бір Ш.Цокаев деген жеке кәсіпкер сот шешімімен жазаға кесілген.

Басшы да, қосшы да мұнай сатады...
Соңғы кездері коммерциялық ұйым басшылары да заңсыз мұнай сатуды «әдетке» айналдырып алған сыңайлы. Бұған дәлел ретінде 125 млрд теңге пайда тапқан «Казполмунай» мекемесінің басшылары мен қызметкерлерінің «тірлігін» айтуға болады. Бүгінгі таңда осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен «Толқыннефтегаз» мекемесінің директорына қатысты қылмыстық іс тергеуде жатыр. Аталған тұлғалардың елден ізін жасырып үлгергеніне байланысты іздеу жарияланып, сырттай айып тағылған.

Осы секілді қыруар пайда тапқан Қызылорда облысындағы «Сыр перзенті» фирмасының директоры Тұрғанов деген біреу сотталған. Ол да еш лицензиясыз Аи-80 және АИ-93 маркалы бензиндері мен дизельдік жағармайды сақтаған және сатқан. Оның заңсыз табысы 29 млн теңгені құрап отыр. Бүгінде Атырау облысындағы Oil Le Roy ЖШС директоры А.Горяев те қылмыстық жауапқа тартылған. Горяев Құрманғазы ауданының Дәулеткерей және Орлы ауылдарындағы жанар-жағармай стансаларында мұнай өнімдерін заңсыз сату арқылы 33 млн теңге табыс алғаны анықталып отыр.

Қалауын тапса, қар жанады
Табыс таппаса, «алақандары қышитын» кейбір әпенділер тіпті мұнай-газ құбырларына дейін әкесінен қалған мұрасындай заңсыз пайдаланатын болыпты. Мысалы, Маңғыстау облысында «Казполмунай» мекемесінің бас директоры, Молдова азаматы С.Корнегруца деген біреу ешқандай лицензиясыз магистралды газ-мұнай құбырларын «сауын сиыр» қыла отырып, 21 млрд 675 млн теңге табыс алған. Бүгінде ол бар-жоғы төрт жылға сотталыпты. Жақында осындай жолмен «ақша сапырып» жүрген тағы біреу тұтылған. Қарағанды облысында «Жихан Ойл» ЖШС директоры Е.Швецов мұнай өнімдерін сақтау нысандарын заңсыз пайдалану арқылы 73 млн теңге заңсыз табыс тапқан. Ол да қылмыстық жауапқа тартылып, өз жазасын алған.

Шикі мұнайдан шығар шикілік көп
Елімізде мұнай және мұнай өнімдері үздіксіз контрабандалық жолмен шетелге шығарылып жатады. Бұл мемлекетке айтарлықтай залал келтіреді. Шикі мұнайдың контрабандасы салдарынан жылдың басынан бері ел қоржыны 2 млрд 481,5 млн теңге зиян шеккен. Жақында Ақтөбе облысында осындай жолмен шикі мұнай шығарумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген болатын. Топтың құрамына «КНПЗ-Трейд» фирмасы басшылары мен ел экономикасының сақшысы деп сеніп жүрген кедендік бақылау департаментінің бір қызметкері кірген. Олар шикі мұнайды сыртқа композит деп рәсімдеу арқылы шығарып отырған. Мемлекетке келген шығын көлемі де аз емес, 558 млн 400 мың теңге болыпты. Бүгінде «КНПЗ-Трейд» директоры А.Ягодкин — мал-мүлкі тәркіленумен қатар, алты жылға, ал кедендік бекеттің қызметкері З.Магзом төрт жылға сотталған. Сонымен қатар Қызылорда облысында әрбіреуі үш жылға бас бостандығынан шартты түрде айыруға «Сұңқар 777» мекемесінің директоры М.Сейсенбайұлы мен «НЭК» НоваОйл» мекемесінің директоры Е.Двуреченский жазаға кесілген. Оларда лицензиясыз, көрінеу қылмыстық жолмен алынған шикі мұнайды заңсыз сақтаған және сатқан. Бұған қоса олар құны 46 млн 950 мың теңге болатын 946 тонна шикі мұнайды контрабандалық жолмен «мазут» ретінде шығармақ болған.

Керек емес дерек:
Ең қынжылтатыны, көбі тұтылып, бар дүние-мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айырылып жатса да, елімізде мұндай «мұнай сорғыштардың» саны жылдан-жылға артып отырған сыңайлы. Тек осы жылдың тоғыз айының өзінде қаржы полициясы органдары мұнай контрабандасына қатысты 167 қылмыстық іс қозғаған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 88 пайызға артық көрсеткіш екен. Алайда неге екені белгісіз, солардың тек 95-і ғана сотқа жіберілген. Мемлекет қоржынына заңсыз «ұрлап сатарлардан» 72 млрд 22 млн теңге өндіріліп алыныпты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста