Мегаполис деп бір миллионнан астам адамдар тұрақталған орынды айтамыз. Мегаполиске басқа қалаларға қарағанда көбірек назар аударылады, яғни ол бәсекеден тыс. Мегаполисте тұрғындар және көшіп келушілер өте көп, көп тұрғындар тұратын қалаларға қарағанда оны басқару оңай емес,. Онда қақтығыстар мен бәсеке көп болады. Сондықтан мегаполистерді басқаруда үкімет көптеген тәсілдерді, заңдарды қолданады. Ал АҚШ-та әрбір тұрғынға қаланы қалай пайдаланса да өз еркі мүмкіндігі берілген.
Қала кім үшін қажет? Әрине адамдарға. Сондықтан қаланы тұрғызар алдында, тұрғындардың көңілі толатындай, оның өмірге қабілеттілігін анықтау қажет. Қала дамуының нормативтік концепцияларына бірінші кезекте адрестерді айқын анықтап қою жатады. Азаматтар үшін жайлы, барынша қауіпсіз, кедергісіз, ыңғайлы етіп жасау керек. Барлық тұрғындарға бірдей етіп стандарттар орнатылуы тиіс. Қолайлы деген ұғымды әр адам әрқалай түсінеді. Біреулері көп қозғалысты, қыдыруды жақсы көрсе, кейбірі у-шуға сезімтал келеді. Сол үшін қаланың бөліктерін әр түрлі етіп соғады. Қыдыратын орындар бар жерлер бөлек орталықта қаланың ішкі жағында болса, тыныш жайлы жерлер орталықтан алыстау етіп, ұшақ ұшатын жерді қаланың сыртына қарай орналастырған. Яғни қаланы ішкі, сыртқы деп бөлеміз. Орталық аудандарға маңызды іскерлік орта деп қарайды. Себебі олар көп табыс алып келеді. Орталықта қыдырып келушілер және қалада тұратын тұрғындардан көбірек болады. Нью Йорк қаласының басшылығы орталықтағы тұрғындарды тығыздықтан, шудан сәл де болсын арылту үшін туристік буклеттерді танымал емес, адамдар көп бармайтын маңайларға қарай тарату стратегиясын қолданады. Ал Британиядағы Брекнелл қаласы адамдарды күндіз және түнде ыңғайлы орналастыру үшін өздерінің түнгі өмірін - түнгі клубтар, боулинг, кафелер сияқты орындарды жарнамалайды. АҚШ-тағы Манчестер қаласы көшедегі тәртіпсіздіктерді азайту үшін, мен Манчестерді жақсы көремін «I love MCR» деген сөзді барлық жерде жарнама етті. Бұл әдіс сәл де болсын көмегін берді десек те болады. Қорыта айтқанда, қала - сәулетшілер мен жоспарлау мамандары үшін қызмет саласы болып табылады. Үлкен қалалар кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырады. Себебі олар мегаполистерде бизнестерін шоғырландырып, көп ақша табуға болатынын түсінеді. Әсіресе жерді сатып алу мен жерді пайдалану. ХХІ ғасырдан бастап қалардың саны да, оны пайдаланушылар саны да ұлғая түсті. Көптеген ресурстар алып келінді, нарықтар үлкейді, туристердің саны артты, бұрын болмаған бәсекелестік көбейді. Сондықтан көбісі өз тауарларын жарнамалай бастады. Маркетинг табысты бола бастады. Барлық жағдайлар тұрғындар және олардың жайлылығы үшін жасалына бастады. Мегаполистердің өмірге қолайлығы қоғамда үлкен қызығушылық тудырады. ХХ ғасырдың бірінші жартысы мен ХХІ ғасырда қаланы жақсарту мақсатында бюджеттегі ақша қала құрылысына жұмсалды. Қалалардың билігі енді халықтың қалауы мен тұрғындардың мүдделеріне көңіл аудара бастады. Қаланың басқару жүйесіндегі өзгерістердің маңызды белгісі - құрылыс саласына сарапшыларды жалдай бастады. Ян Гейл «адамдар үшін қала» тұжырымдамасын ұсынды. Бизнес орталықтарын ашылу көзделді. Жұмыс және үй жұмысы деп жүре беретін адамдар, сәл де болса өзін босатып, демалуы үшін қала жаяу жүретіндер мен велосипедшілерге ыңғайлы болатындай етіп жасалынды. Адамдардың тұратын үйі мен жұмыс орнын, сауда жасайтын дүкендер мен демалыс орындарын бір-біріне жақын орналастыра бастады. Дегенмен бұл тұжырымдамаларды жүзеге асыру оңай емес. Мысалы, адамдар жақын жерде тұрса да, жаяу жүруден бас тартып, жұмысқа машинамен барады, содан кептелістер көп болады. Қаланың орталық алаңдарында машинамен жүруге шектеулер қойылды. Осының әсерінен көптеген наразылықтар туып жатады. Қаланы дамытуда қоршаған ортаны жақсартудың маңызы зор - тұрғындардың мінез-құлқы да өзгереді, халықтың тұрмыс жағдайы жоғарғы стандарттарға көтеріледі. 1980 жылдардың соңында Европа қалаларында жергілікті билік органдарының белсенділігі төмендеді. Назар инвесторларға, туристерге, бизнес-қонақтарға және жаңа жоғары деңгейлі, білікті адамдарға аударылды. Олардың ақшасы, іскерлік және әлеуметтік қызметі жергілікті экономиканың дамуы үшін маңызды ресурс бола бастады. Қала тұрғындарының тіршілік ету ортасы маркетингтік нысан ретінде қарастырыла бастады. Тұрғындарды сақтап қалуға және жаңадан туристерді тарту үшін маркетингті дамытуға тырысты. Қаланы зейнеткерлерге, әр түрлі іскерлік мақсатта немесе қыдырып келген туристерге, жалпы адамдарға қолайлы етуге күш жұмсалады.
Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова,
Гүлбақыт Оразбекқызы,
Нархоз университеті