Мақта өндірісі маталып тұр

Мақта өндірісі маталып тұр

Соңғы екі айда әлемдік тұрғыда 2,5 есеге қымбаттаған «ақ алтын» бағасы биылғы жылдың соңына қарай тағы да 40 пайызға өсім беруі мүмкін. Бүгінде халықаралық сарапшылар мақта шаруашылығына қатысты нақ осындай болжамдар таратып отыр. Сөз жоқ, бұл үрдістің жеңіл өнеркәсіп саласындағы өнім бағасының айтарлықтай қымбатауына ықпал ететіні әуелден-ақ белгілі. Осыны ескерген «есі бар ел» бүгінде мақта шаруашылығының тасын өрге домалатуға тырысып бағуда. Тіпті қайсыбір елдер жеңіл өнеркәсіп саласындағы ішкі қажеттіліктерін қысылып-қымтырылмай өтеу үшін мақта өндірісін өркендетіп бәсекеге қабілетті арнайы кәсіпорындар құру қажеттілігін де ұғынып үлгерді. Ал біздің бұл тұрғыда атқарып отырған істеріміз көңіл көншіте ме? Мақта саласын дамытудағы қарым-қабілетіміз қандай? «Алаш айнасы» осы жайттарды сараптап көрмек болды. 

Жалпы деректерге жүгінсек, республикамызда бидай 20 млн гектардай жерге егілсе, мақта небәрі 170 мыңдай гектарға отырғызылады. Айырмашылық 100 есе десек те табысына келсек екеуі шамалас. Мысалы, еліміздегі мақта зауыттары «ақ алтынның» тоннасын 45 мың теңгеден сатып алып, экспортқа 1 мың 300 доллардан жіберіп, үш есе пайда тауып жатыр. Өкініштісі сол, тоқсаныншы жылдары елімізде 21 мақта зауыты болса, қазірде олардың бірде бірі қалмаған. Кезінде елде 160 мың тонна шитті мақта жиналса, бертін келе 2008 жылы 222 мың гектарға шит себіліп, 466 мың тонна «ақ алтын» жинап, рекордтық деңгейге қол жеткізген тұсымызда болды. Ал қазірде «табысы мардымсыз» деген желеумен мақта егістігінің көлемін 2,5 есеге азайтып алдық. Тіпті бұл ретте мамандар «келешекте 170 мың гектарлық мақта егістігінің көлемі 90 мың гектардың айналасында қалу қауіпі бар» деседі.

Марал Төртенова, экономист-сарапшы:
- 1998 жылдары біздің елімізде 21 мақта зауыты болды. Осы зауыттар сол кездері мақта шаруашылығымен айналысатын шаруаларға арнайы көмек ретінде шит, тұқым, тыңайтқыштармен қоса белгілі бір мөлшерде қаржы да беріп тұрды. Бұл үрдіс шаруалар үшін де, зауыт үшін де тиімді еді. Ал қазірде біз мұндай істермен айналысуды банктерге беріп қойдық. Ал банк пен шаруаның «тіл табыса алмай» жүргені бүгінде баршаға аян. Банктердегі құжатбастылық мәселесі, қаржы алудағы проблемалар шаруалар мен зауыттарды титықтатып жіберді. Қаржы беруде шаруаны несиеге байлап-матау, зауыттар мен банктердің арасындағы келіспеушілік; қарыздардың уақытылы өтелмеуі тәрізді істер ақыры зауыттарды тығырыққа әкелді. Осыдан барып елдегі зауыттар жабылып, қазірде заманында рекордтық деңгейде өнім алуға жеткен мақта шаруашылығы қайта тұралап сала берді, -деді.
Жалпы, маманның пайымдауынша, мақта шаруашылығын тұралатып тұрған жайт бір бұл ғана емес. Пайымдасақ, біздегі «Мақта саласын дамыту туралы» Заңның да толып жатқан олқы тұстары бар екен.

Мақтаны бұғаулаған заң...
Негізінен «Мақта саласын дамыту» туралы Заң қабылданғанда осы саланың басы-қасында жүргендердің дені аталмыш құжатқа үмітті көзбен қараған-ды. Әйтсе де мамандар «бұл құжат шаруалардың жұмысына кедергі келтіріп отыр» деседі.

Жұмадәілда Баяхметов, экономист-ғалым:
- «Мақта туралы» заң қабылданғанда, егіс көлемі артудың орнына кеміп кетті. Оның орнына тұрғындар көкөніс, қауын-қарбыз, күріш егетін болды. Кезінде заңды қабылдамай тұрғандағы табиғи жолмен қалыптасып келе жатқан үрдіс әлдеқайда тиімді еді. Мәселен, қаржы тапшылығы кезінде мақта зауыттары шаруаға несие , арзандау бағамен, жанар-жағар май да, техника да бере алатын. Күзгі терімнен кейін диқандар өнім есебімен есеп айырысатын. Қаржы мәселесі, әрине, банк ұсынған бағадан төмен емес, бірақ алу жолы жеңілдеу болатын. «Мақта саласын дамыту туралы» заң қабылданды да, өздігінен дамып келе жатқан табиғи үрдіс күрт үзілді. Сөйтіп, егіс көлемі кеміді. Ал мақта егу үшін оның әр гектарына кететін шығын 1,5 мың доллар көлемінде екенін ескерсек, әлі қорланып үлгермеген диқандар үшін егіс көлемін азайту оңай нәрсе емес. Сол үшін бұл тығырықтан шығу үшін мақтаға қатысты заңдағы осындай олқылықтарға осындай өзгертулер мен толықтырулар енгізген абзал. Заңға мақта егістігінің көлемін ұлғайту қажетттілігі туралы бап енгізген жөн.
Бұл салаға қатысты тағы бір сөз етерлігі нақ қазір халықаралық талапқа сәйкес мақта өндірісінде шетелдік шиттерді де өсіріп-өндіруге бейіл танытқанымыз абзал. Себебі қазірде бірқатар елдер жеңіл өнеркәсіп саласында өзіндік брендін аспандату үшін түрлі-түсті мақталар өсіруге асқан ықыласты. Біліуімізше біз «ақ алтын» деп әспеттеп жүрген мақтаның қызыл, сары, жасыл, қоңыр түрлері де бар көрінеді. Қынжыларлығы отандық диқандарға мақтаның осы түрінің шитіне қол жеткізу қиын шаруа. Мамандар бұған қатысты «алдағы мақсат – мақта өңдейтін зауыттарды мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз етіп, елге халықаралық талапқа сай шиттердің ене бастауына жол ашу керек, бұл ретте шауарларға арнайы субсидиялар бөлінуі қажет. Олай етпесек мақта өндірісі маталған үстіне маталып, мәселе тереңдей түседі» дейді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста