Күркетауық шаруашылығы қолға алынды

Атырау өңіріне белгілі «Атырау Агро Өнімдері» шаруашылығы бұл жақта таңсықтау көрінетін тағы бір істі қолға алды. Махамбет ауданында облыс көлемінде алғаш рет күркетауық фермасы ашылып, жұмыс жасай бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ.

Қолда бар мәліметтерге жүгінсек, күркетауықтардың негізгі отаны Америка екендігін білеміз. Жергілікті тұрғындар алып құстарды осыдан 1000 жылдай уақыт бұрын қолға үйреткен көрінеді. Ал Испанияға ХVI ғасырда Христофор Колумбтың саяхаттарынан кейін ғана әкеліне бастаған деген дерек бар.
Күркетауықтар – өте әдемі әрі алып, сонымен қатар өте ақылды үй құстары. Және адамға ұқсас ерекшеліктері де кездесетін көрінеді. Мәселен, олар сіз бен біз секілді күйзеліс-қайғыға түседі. Мұндай кезде олар өліп қалған сияқтанып, тырп етпестен жататын көрінеді. Мамандар кейде бұл құстардың өз бастарын қатты нәрсеге соғып, өздерін өлтіретіндігін де жоққа шығармайды. Және бұл әдісті әбден өлгенше қайталай беретін көрінеді.
Владимир РОЗМЕТОВ, шаруашылық жетекшісі:
– Өткен жылдың күзінде мыңға жуық күркетауықты Тараз қаласынан сатып алып, Атырауға алып келдік. Оларға арнап арнайы «баспана» да тұрғызылды. Күркетауықтарды күтіп-баптау үшін жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарттық. Құстарымыз Атыраудың ауа райына тез бейімделіп, үйреніп-ақ кетті. Қыстағы өңменіңнен өтер жел мен бет қаратпас аязда да далада жүргенді жақсы көреді. Тіпті кейбіреулері шарбақ төбелеріне шығып алып, қорасына кіруден бас тартып, далада түнеген жағдайлар да кездесті. Тіпті бағушылардың қорқытып-үркіткенін де елеген жоқ. Әуелгі кезде бұлар далада қалып, үсіп өліп қала ма деген қауіп те болған. Бірақ, бағымызға орай, аман-есен шықтық. Бірнеше рет күркетауықтарды қар да басып қалған, бірақ түк болмағандай қарды сілкіп тастап, жемдерін жей беретін. Осындай жағдайлардан кейін оларды жабық жерге кіргіземіз деп әуреленбейтін де болдық.

Бір ғажабы, қыстың бет қаратпас аязына шыдамдылық танытқан күркетауықтар Атыраудың 40 градустан асқан аңызағын ұнатпайды. Бұлар да адам секілді суды көп ішкенді жақсы көреді. «Бірақ күркетауықтар бойына ылғалды көп жинайтын болса, денсаулығына зиян келеді» дейді осы саланың мамандары.
Шаруашылық мамандарының айтуына қарағанда, мұндағы күркетауықтардың саны алдағы уақытта он мыңнан аспақ. Және осы құстан алынатын ет көлемі де бұйырса 10 тоннаға жететін болады. Кезінде аймақты тауық етімен қамтамасыз етіп тұрған құс фермасының еңсесін көтере алмағанымызбен, енді жұртшылық күркетауық етінің де дәмін татпақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста