Күнгейдің көлінде сазан тулайды

Жуырда «Шымкент инновация» компаниясының ұйымдастыруымен «Тауар балығын өсіруде қолданылатын заманауи технология және мемлекеттік қолдау шаралары» атты «дөңгелек үстел» өтті. Онда балық өсіру қожалықтарын кеңейту мақсатында төменгі мөлшерлемемен берілетін қаржыландыру және балық өсіруге қажетті жабдықтарды лизингке алу мүмкіндіктері сөз болды. Әрі, балық өсіруге арналған агроөндірістік аймақтар құрудың артықшылықтары туралы ақпарат берілді. 

Шараға Оңтүстік Қазақстан облысының балық өсіру шаруашылығы саласының мамандары, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы, «КазАгроФинанс» АҚ мен Агрокредиттік корпорация өкілдері, сонымен қатар, арнайы Алматы қаласынан шақырылған «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС басшылары қатысты. Мақсат – облыстың балық шаруашылығының дамуындағы кедергілерді анықтап, олардың шешілу жолдарын ұсыну, балық шаруашылығының дамуына үлкен серпін болатын жаңа технологияларды қарастырып, ендіруге ұсыныс беру болатын.
Жиын барысында жеңілдетілген пайызбен берілетін несие балық өсірумен айналысамын деген жеке кәсіпкерлерге бес жыл мерзімге дейін берілетіндігі айтылды. Мұның дәлелі ретінде өңірде балық өсіруге арналған шарбақтық технологияларды шығаратын «ЮгРегионПласт» зауытының өнімдерін алуға да төмен пайызбен лизинг ұсынылмақ.
Айталық, шарбақ технологиясының көмегімен жылына 40-120 тонна аралығында балықтың дөңмаңдай, сазан, тұқы түрлерін өсіруге болады. Аталмыш технология еліміздегі балық шаруашылығы саласында алғаш рет Оңтүстік Қазақстанда қолданылмақ. Бұл әдіс су тазалағыш қондырғысы бар тоғандарға қарағанда балықты бағып, өсіруге кететін шығындарды 60 пайызға дейін аз жұмсауымен ерекшеленеді. Электр қуатына да артық қаржы жұмсалмайды. Сондықтан жаңа шарбақтық технология бойынша өсірілген өнімнің өзіндік құны өте төмен болғандықтан нарыққа да арзандатылған бағамен шығарылмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста