Күнделікті ақша үнемдеудің қарапайым жолдары
Байлықтың негізгі құпиясы үнемде! Кейбіреулер «ақша өзін орынсыз шашқанды ұнатпайды» деп те айтып жатады. Енді біреулер «ақша ақшаны шақырады» деп те ырымдап жүреді. Сондықтан күнделікті өмірде әрбір ақшаның тиынына дейін үнемдеп жаратуға тырысқаныңыз жөн. Сондықтан біз бүгін күнделікті өмірде ақша үнемдеудің қарапайым қағидаларын назарларыңызға ұсынып отырмыз!
1) Өте маңызды болмаса сыртқа шықпаңыз!
Өзіңізге қажетті жұмыс шаруаңыз болмаса сыртқа шықпаңыз. Себебі: машинаға жанармай, автобустың жол ақысы сияқты нәрселерге ақшаңыз жұмсалып кетеді. Жолай сусын немесе жейтін тағам алуыңыз мүмкін.
2) Сырттан тамақтанбаңыз!
Сырттан тамақ алып ішетін ақшаға сіз үйіңізде неше мәрте тамақ істейтін астық ала аласыз.
Шамаңыз келсе жұмыс орныңызға түскі асыңызды үйден дайындап апарыңыз. Біріншіден уақытыңыз үнемделеді екіншіден асханадан тамақ ішетін ақшадан аз қаржы кетеді.
3) Түрлі сусын кока-кола, пепси т.б осы сияқты сусын сатып ішкеннің орнына, оны қайнаған таза сумен ауыстырыңыз.
Бұлай жасауыңыз денсаулығыңызға пайдалы және теңгеңіз де үнемделеді.
4)Көп мөлшердегі ақшаға сауда жасайтын болсаңыз...
Алатын дүниеңізді 10 күн бұрын есептеп жоспарын шығарып қойыңыз және қай жерде бағасы төмен барлығын іздестіргеніңіз абзал. Мүмкіндігіңіз болса интернетпен сауда жасаған тиімді.
5) Базар аралаудың алдында, алатын керек заттарыңызды жазып алыңыз
және соған дәл жететін ақшаңызды алып жүріңіз. Артық ақша алсаңыз қызығып басқа дүниеге жұмсап тастауыңыз мүмкін.
6) Кино театрға апта сайын бару міндетті емес.
Ұнатқан киноларды интернеттен жүктеп немесе дисклерін сатып алып үйіңізде көріңіз.
7) Брендке көп қызықпаңыз
) (әрине ақшаңыз көп болмаса). Бағасы қымбат болатындықтан оның орнын басқа түрге ауыстырыңыз. Бағасы төмен бірақ сапалы заттар көп. Міндетті түрде «қымбаттың барі сапалы болады» деген түсініктен арылыңыз.