Күлі көкке ұша жаздаған кафе

Естеріңізге сала кетейік, дау Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылында орналасқан «Мақтарал» дәмханасын тексеруге барған «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының жергілікті филиалының мамандары қауіпсіздік талаптарының бұзылуы және газ ұрлау деректері анықталғаннан кейін газ беру тоқтатылған соң басталған еді.

 

"Отырар TV" телеарнасының тілшілері анықтағандай, дәмхана қожайыны тексерушілердің тиісті құжаттары жоқ, демек, тексеруге құқықтары да жоқ деген желеумен газ мамандарын асхана мен қызметтік бөлмелерге кіргізуден бас тартып, дауға әлеуметтік желілерді тартқан.

 

Заңға сүйенер болсақ, «Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу» Шартының 4.4 тармағына сай жоспарлы, кейде жоспарсыз тексерулер жасауға рұқсат бар және осы тексерулер кезінде, бұл да Шартта көрсетілген, тексерушілерге газ пайдаланушы жүйелер орналасқан нысандар, ондағы есептегіш құралдар, құжаттар және газ жеткізу мен есептеу жабдықтары кедергісіз көрсетілуі тиіс.

 

 

Қос тарап арасында туындаған дауға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жергілікті өкілдері, блогерлер араласты. Даудың анық-қанығына жетпей жатып, (газ мамандарымен бірге «Атамекен» өкілдері де асханаға бір апта бойы кіре алмаған), кәсіпкердің құқығын таптап жатыр деп, бәрі бір ауыздан газ шаруашылығының қызметкерлерін айыптауға кірісті. Ақыр-соңы дәмхананы тексеруге мүмкіндік туды.

 

Тексеру талай былықтың бетін ашты. Біріншіден, кафе шартта көрсетілген көлемнен әлдеқайда көп газ тұтынған. Екіншіден, көгілдір отын ас пісіретін пешке қарапайым резеңке түтік арқылы берілген. Ал бұл қауіпсіздік техникасын өрескел бұзу болып саналады. Оған қоса мұндай түтіктер бір пешке емес, тандыр нан пісіретін пешке, газ плитасына да жалғанған және аяқ астында жатыр. Түтіктердің бірі бүлінсе, оның арты қандай қасіретке әкеліп соғарын өздеріңіз болжай беріңіздер.

 

ВИДЕО:  otyrar.kz/wp-content/uploads/2020/08/whatsapp-video-2020-08-28-at-12.26.17.mp4

 

Осы іс бойынша жинақталған құжаттарға сәйкес, ірі көлемде газ ұрланған – дәмхана қожайыны газ құрылғыларының қуатын заңсыз арттырған. Жанарғылардың бірде-біреуі мемлекеттік стандарттарға сай емес. Егер кәсіпкер шарт бойынша сағатына 32 текше метр газ тұтынуға тиіс болса, шын мәнінде 180 текше метрдей алып отырған. Ал ҚР энергетика министрінің 11.03.2014 ж. №96 қаулысымен бекітілген «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының» 36 тармағының 1 қосымша тармағына сай, газ желісі ұйымдарының рұқсатынсыз өз бетінше газдандыруға, газбен жабдықтау жүйесін өз бетінше қосуға, орнын ауыстыруға, газ жабдықтары мен есепке алу аспаптарын өз бетінше монтаждауға және бөлшектеуге, газ жабдықтарын, есепке алу аспаптарын ауыстыруға және жөндеуге, қосымша жабдықтарды, есепке алу аспаптарын монтаждауға тыйым салынған.

 

 

Қазір еліміздің газдандырылған барлық аймақтарында газ шаруашылықтарының мамандары құқық қорғау органдары қызеткерлерімен бірлесіп газ ұрлайтын тұтынушыларды анықтауға бағытталған тексерулер жүргізуде. Заңсыздықтар анықталған жағдайда әкімшілік емес, қылмыстық істер қозғалады. Сондықтан газ компаниясының мамандары тұтынушыларға алдын-ала ескерту жасап отыр. Себебі жауапкершілік қатаң болады.

 

Ал кәсіпкердің «тексеру заңсыз, себебі оған рұқсат беретін тиісті бірде-бір құжат жоқ» деген мәлімдемесіне келер болсақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста