Күйзеліс – экономиканың жауы

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күйзелісті (депрессия) эпидемия атағаны күні кеше. Аузы дуалы ұйымның айтуынша, бүгінгі күйзеліс осы қарқынынан жаңылмаса, 2020 жылы экономикалық дамуды тежейтін бірден-бір дертке айналады. Бүгіннің өзінде күйзеліс әлем­де жұмысқа келмеудің бірінші себебі саналып, еңбек қабілеттігін жоғал­татын аурулар ретінде екінші орынды иеленіп отырған көрінеді.
Қазіргі таңда адамзаттың 4 пайызына күйзеліс диагнозы қойылған. Күйзелістен жалпы ғаламшардың 7 пайызы зардап шегетін көрінеді. Бұл зерттеулерді Квинслед­тегі австриялық университеттің зерттеу­шілері жария етіпті. Олардың зерттеулеріне үңілсек, Қазақстандағы күйзеліске ұшырау­шылардың деңгейі АҚШ-пен пара-пар келіпті. Ол – 4,5 пайыз.
Әлем не дейді?
ДСҰ-ның деректеріне жүгінсек, жыл сайын 150 миллион адам күйзелістен еңбек қабілеттілігінен айырылады. АҚШ-тың эко­номикасына күйзелістің салдарынан келетін зиян 50 млрд.доллардан астам көрінеді. Бұл босқа кеткен 290 күн екен. Онымен қоймай, 2020 жылы күйзеліс ауру­лардың «көшбасшысына» айналады деген дерек те бар. Күйзеліс жұқпалы жүрек-қан тамырлары ауруларын қуып жетеді екен. Бүгіннің өзінде әйелдер қауымы жиі ұшырайтын ең көп тараған дертке айналып үлгеріпті.
Американың психиатрия қауым­дасты­ғының мәліметінше, АҚШ-та күйзеліске 15 млн адам шалдығады. Ал басқа зерттеулер бұл көрсеткіштен әлдеқайда артықтығын айғақтапты. Ол көрсеткіштер әйелдер арасында – 26 пайыз. Ер адамдар арасында 12 пайыз дейді. АҚШ-та тіпті еңбекке жарам­сыздығы туралы парақ беретін дерттер арасында екінші орынға шықса, Швецияда бірінші орынды алады. Сонымен қатар АҚШ-тың тағы бір зерттеуі адамның өзге дерттерге қарағанда күйзелістен көз жұмуы көбейіп келе жатқандығын айтады. Өз-өзіне қол салатындардың 45-60 пайызы осы күйзелістің шеңгеліне түскендер.
Голландиялық ғалымдар жалпы күйзе­ліспен ауыратын адамдар өз өмірін 4-6 жылға қысқартатынын дәлелдеген. Олар санаулы адамға емес, бақандай 2,4 мың адамға эксперимент жүргізген.Соның нәти­жесі жоғарыдағы пікірді дәлелдеп беріпті.
Қазақстандықтардың 30 пайызы депрессияға шалдыққан
Біздің елде де бұл дерттің белең алғаны аян болып отыр. Айталық, еліміздегі емха­наларда жүргізілген емхана­эпи­демио­логиялық зерттеулер 1650 адамның арасында 626-да күйзелістік ауытқулар бар екенін анықтаған. Ол – 37,9 пайыз. Оның жартысынан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Тек оның 13 пайызы ғана жүйке ауруларына тиесілі болған. Жалпы зерттеулер күйзеліске ұшырағандардың 50 пайызы дәрігерге мүлде қаралмайтынын, ал қалған 25-30 пайызы психиатр қабыл­дауында болатындығын көрсеткен.
Ғаламторда жарияланған мәліметтер қазір 40 жастан асқандардың 10 пайызы депрессияға түседі деседі. Сонда оның үштен екісі жолы жіңішке қауым. Сонымен қатар 65 жастан асқандар арасында басым екені де мәлім болған. Ал қазақ­стан­дықтардың 30 пайызының жан дүниесі жабырқап, жабығып жүреді. Оның себептері әр алуан дейді психологтер. Мәселен, жақын­дарын жоғалту, апатқа ұшырау немесе қызметтік ауыс-түйістегі сәтсіздіктер, адамдар арасындағы қатынастан туын­дайтын кикілжіңдер сияқты ұзыннан-ұзақ жалғаса береді. Осының бәрі-бәрі бүгінгі күйзелістің түрткісі.
Бақытгүл ТҰРЫСБЕК, психолог:
–Адамның күйзеліске шалдығып-шалдықпауы өз қолында. Қандай да бір оқиғаларға бола күйгелектеніп, өзін де, өзгенің де жанын жегідей жеудің ақыры осындай депрессияға ұрындырады. Күйзеліске отбасы, жұмыс және коғам­дағы жағымсыздықтар әсер етеді. Күйзелісті дер кезінде аңғарып, оны болдырмау керек. Ол үшін ең қолайлы қарапайым әдістер бар. Мысалы үшін, адам бұрын болған жағымсыз оқиға­ларды және болуы мүмкін жағымсыз оқиғалар туралы ойламауы керек. Тек қана бүгінгі күнге үлкен мән беріп, зейін коюы қажет. Өзінің ортасына бейімделуі де депрессияның алдын алады. Сонымен бірге өзіне, өзінің қазіргі жалпы жағдайына қанағаттана білуі тиіс. Сонда келеңсіз ойлар кимелеп, көңілді жабықтырмайды.

Сондай-ақ күйзеліс жүйкені айтпағанда, көптеген ағза ауруларының пайда болуының негізгі себебі дейді мамандар. Ұзақ уақыт күйзелісте болғаннан тамырлар жиырылып, тамырлардың қатаюына әкеп соғады екен. Соның әсерінен адам ағзасының ең негізгі мүшелері: ми, жұлын, жүрек, бүйректегі қан айна­лымының жетіспеушілігі орын алады деседі. Қазір ауру-сырқаулы отан­дас­тарымыз жиілеп кетсе, онда күйзелістің де ықпалы жоқ емес. Осындайда дамыған елдердегідей дамыл таппайтын психологтер қажет-ақ.

Қызық дерек
Мeddaily.ru интернет порталының хабарлауынша, АҚШ-тың ғалымдары депрес­сияның бір адамнан екінші адамға жұғатынын ғылыми түрде дәлелдеген. Зерттеуші мамандар Ин­диана штатындағы Нотр-Дам уни­верситетінің 206 студентінің арасынан жүйкесі сыр бергендерін анықтап, іріктеп, олардың жатақ­ханасына көршілес колледждің бірін­ші курс студенттерін орналастырады. Арада үш ай өткен соң тексерістен өткен колледж студенттерінің жүйке жүйе­сінде ауытқулар пайда болғаны анықталды. Ал алты айдан соң бұл зерттеу ғылыми түрде расталып, дә­лелденді. Сон­дықтан психологтер мен дәрігерлер моральдық күйзеліске ұшыраған адамдардан неғұрлым бойды алшақ ұстау керектігін ес­кертеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста