Банк алдындағы берешегін төлемей жүргендер көбейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық банктің мәліметінше, қазір жеке азаматтардың қарызы 8 трлн 200 млрд теңгеге жеткен. Былтырдан бері алты жарым пайыз, яғни 500 миллиардқа көбейіп отыр.
Qazaqstan.tv-ның дерегінше, тұтынушылық несие алушылардың көпшілігі – алматылықтар. Одан кейін Астана мен Шымкент тұрғындары алған. Қарызын 90 күннен кешіктіріп төлемей жүргендер де көбейген. Мерзімі өткен мұндай несие көлемі жыл басынан бері 49 миллиардқа артып, 404 млрд теңгеге жетті.
Бұған дейін несиесін төлей алмай жүрген жас жігіттің мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.