Көзге көрінбейтін жұмысқа техникалық прогрестің де шамасы келмейді

Көзге көрінбейтін жұмысқа техникалық прогрестің де шамасы келмейді

Бүгінгі өнеркәсіп саласы тек нәзік жандар үшін жұмыс істейтіндей. Шынында да, дүниеқұмар әйел заты болмаса, тауар өндірісі әлдеқашан тоқтап қалар еді. Косметика мен парфюмерия, ыдыс-аяқ пен көрпе-жастық, әшекей мен жиһазды былай қойғанда, тұрмысқа арналған техниканың өзі жыл сайын жаңарып шығуда.

Арманымыз – андроид
Біз үй шаруасын жасайтын робот ту­ралы армандап жүргенде, жапондар сонау 2005 жылы саудаға андроид (адам тектес робот) шығарды. Сөздік қорына мыңнан астам сөз енгізіліп, онша-мұнша жұмыс­тарды атқарған ол фантаст жазушылардың қиялындағы андроидтің шаңына бәрібір ілесе алған жоқ. Бірақ күндердің күнінде ондай роботты да ойлап табарына шүбә келтіргіміз келмейді. Кім білсін, келешекте үй тірлігінен құтқаратын мұндай көмекші де ұялы телефон сияқты үйреншікті зат болып қалатын шығар. Қуақы сөздің бір шебері айтқандай, «техниканың жетіл­дірілгені сонша, барған сайын адам өзін де керек етпей қалады».
Әзірге үй жұмысын жеңілдететін тұр­мыстық техникамен шектелуге тура келеді. Бұл жағынан өндіріске де, өнертапқыштарға да өкпе жоқ.
Шаңсорғыштың патшасы
Қазіргі құралдардың ішіндегі ең қитұрқысы – жасанды интеллектіге ие шаң­­сорғыш. Мұндай шаңсорғыш-роботтар жаңа ғасырдың басында пайда болды. Бөлме ішін автоматты түрде жинауға арналған құрал – интеллектуалдық тұр­мыс­тық техника санатында. Робот-шаңсорғыш бұйрық берілгенде, не кестеге сәйкес жұмысқа кіріседі. Тазалап біткен соң, жұмысын автоматты түрде тоқтатады. Жарнама жасаушылар осындай шаң­сор­ғыштың үй тазалау тауқыметінен құт­қа­ратынын айтып, жер-көкке сыйғызбай мақ­тайды. Бірақ кемшілігін айтпайды. Мәселен, ол ылғал еденді «жақтырмайды», су жерге тап болса, бұзылып қалады. Бас­қасын айтпағанда, ең қымбат үлгілерінің өзі қуаты жағынан кәдімгі шаңсорғыштан кем түседі. Әрі пошымы домалақ роботтың бұрыш-бұрышты тазалауға шамасы кел­мейді.
«Сиқырлы» таяқ көмекке келеді
Есесіне еден жууға арналған ғажайып таяқ (швабра) қолдану жағынан қара­па­йым әрі қолжетімді. Таяқты шелектегі се­бетке салып, тепкішекті басса болды, минутына 2600 айналым жасайтын цен­три­фуга шүберекті өзі сығып береді. Тіпті еңкеюдің де қажеті жоқ. Өз осінде 360 градусқа шырқ үйірілетін «сиқырлы» таяқ қол жетпейтін жердің бәрін сүртіп береді. Микрофибрадан жасалған қондырғы, шүберекті сығатын центрифуга, кез келген бұрышқа бұрылатын стержень – осындай техникалық инновациялар бұл жинақты тазалық үшін күресте таптырмас құралға айналдырып үлгерді.
Жасасын микрофибра!
Айтпақшы, бүгінде үйдегі отағасының көйлек-көншегімен еден жуу – архаизм. Өнертапқыштар шаң сүртетін, еден жуатын арнайы материалды дүниеге әкелу үшін бекерге тер төгіп пе?! Қазір сәнге айналған «микрофибра» атауы ультражіңішке талшықтар өндірісіндегі технологиядан шыққан. Талшық диаметрі табиғи жібек талшығынан – 10 есе, мақтадан – 30 есе, табиғи жүннен – 40, ал адам шашынан 100 есе (!) жіңішке. Бір фунт (453 г) мик­рофибра талшығы жер шары эква­торын он рет орап алуға жетеді. Ал нано­технология жетістігі – химиялық құралсыз тазартатын губкалар ше? Олар да дүкенде толып тұр.
«Ақ келінге» айрықша құрмет
Кір жуу – үй шаруасындағы нағыз қара жұмыс (одан бала бағу ғана асып түсетін шығар). Сондықтан кір жуатын машинаны ойлап тапқан жандарға қыз-келіншектердің (ерлердің де) тарапынан айтылар алғыс шексіз. Ел аузында «ақ келін» деп еркелетіп ат қойған осы бір техника жетістігі, сөздің тура мағынасында айтқанда, адамзаттың «белін жазды». Бір өкініштісі, ауылдағылар оның қызығын онша көре алмай отыр.
Ұшқыр үтік
Археологтар кезінде екі жалпақ тастың арасында қыстырылған ескі шүберекті тауып алған. Сөйтсе, ол бұрынғы заманғы үтік екен. Бертініректе киімнің қыртысын кәдімгі оқтауға орап жазатын тәсіл шыққан. Салмағы 15 келіге дейін жететін, ішіне кө­мір шоқтарын салып қолданатын жетістік «жемісін» біз көрген жоқпыз. Оған да шүкір. Әйтпесе ішіне қызып тұрған көмір шоғын тастап, зіл батпан темірді ары-бері жылжытуға шамамыз келер ме еді, келмес пе еді. Қазір ондай үтіктің орны – мұра­жайда. Есесіне заманауи ұрпағы – қа­уырсындай жеңіл, ракетадай ұшқыр, су сеуіп, бу шашатын, өзі өшіп-жанатын кере­меттің дәл өзі.
Ыдыс жуу да сөз болып па?
Ыдыс жуатын машина да нәзік жандардың көңілін жаулай бастады. Дегенмен ол тұрмысқа онша ендеген жоқ. Өйткені кербез келіншектердің еріншектігі сондай, құралды қосып жатқаннан гөрі, қолмен жуа салғанды оңай көреді. Мұнымыз бекер, мамандардың есептеуін­ше, ыдыс жуатын машина бір отбасының жылына 200 сағат уақытын үнемдейді. Оның үстіне машинада жуылған ыдыс-аяқ 1000 есе таза болып шығады.

Тобықтай түйін
Сондай-ақ бірнеше минутта азықты турап, сұйықты шайқап, қамырды илеп, етті ұсақтап турайтын ас үй комбайны, ет тартқыш, қысқа толқынды пеш, аэрогриль, блендер сияқты қол еңбегін азайтып, уақыт үнемдейтін құралдар ешкімге таңсық емес. Әйтеуір тұрмыстық техника жетістігіне ешкім кінә таға алмайды. Бірақ әлі күнге дейін үй шаруасына қисапсыз күш пен уақыт жұмсалады. Соңғы зерттеулерге сенсек, ақы төленбейтін үй еңбегі миллиардтаған құннан құралады. Оның үстіне үй еңбегі елдің ЖІӨ-де көрініс таппайды. Бірақ онсыз күн жоқ. Қалай болғанда да, техникалық прогресс үй жұмысын жеңілдетіп, әйел өмірін ұзартып келеді. Тек әлгіндей жетістіктермен тоқтап қалмаса болғаны.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста