Көң мен қиды кәдеге асыру керек

Көң мен қиды кәдеге асыру керек

Еліміз Ұлт Көшбасшысының тікелей нұсқауымен жасалған 2050 стратегиясын жүзеге асыруда. Бұл – осыған дейінгі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының кеңейтілген, зор ауқымды бағдарламасы. 
Жаңа бағдарлама бойынша біраз істер тындырылды. Алда тындырылуға тиісті жұмыстар ауқымы одан әлдеқайда көп. Сондықтан жаңа басталған іргелі ісімізде «неге көңіл бөлінбей тұр, не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, аса пайдалы бір ұсынысты В.Школьник және Ә.Исекешов мырзаларға құлаққағыс ретінде әңгімелемекпіз. 
Біздіңше, ауқымды бағдарламаны жүзеге асырудың алдында аса дәл маркетингтік зерттеулер қажет секілді. Бізде осы жағы мүлде жоқ па, қалай? Олай дейтін себебіміз, Жамбыл облысында салынған мырыш зауыты пайдалануға берілген соң, көп ұзамай тоқтап қалды. Себебі, оған тапсырыс беретін Ресей өндіріс орындары қажетті тауармен толық қамтамасыз етіліп тұр екен. Таяуда жағымды хабарды облыс әкімінің аузынан естідік. Ол – осынау нысанның қайтадан жұмыс істей бастағандығы туралы хабар. Сондай-ақ, солтүстік аймақта ертеде биоэтанол зауыты ашылды деп қуандық. Көп ұзамай осы қуаныш талайлардың мұңына айналып кеткендей. Өйткені жұмсалған ақша қайтпай қалды. Мұның басты себебі – биоэтанол өткізетін базар Еуропада екен де, транзиттік жолда жатқан мемлекеттер тасымалы аса қауіпті тауардың өз жерінен өтуіне келісім бермепті. Тағы да «Аққу, шортан һәм шаянның» жағдайы. Инновациялық-индустрияландыру бағдарламасы да,  2050 стратегиясы да баланың ойыншығы емес, бүкіл ұл­тымыздың, мемлекетіміздің үкілі үміті. Сондықтан оған аса жауапкершілікпен қарап және алдын ала жасалған тауарды өткізуге қатысты ғылыми маркетингтік зерттеу сараптамаларының қорытын­дысында өмірге жолдама алған жобаларға ғана «бата берген» жөн секілді. Бұл өткенді сынау емес, болашақтағы ісіміз дұрыс болсын деген бір тілек.   
Ауқымды бағдарламамыз бойынша Қазақстанның жылдық ішкі жалпы өнімі 2050 жылға қарай шамамен 3,5-4 есе ұлғаймақ. Соған орай электр энергиясына сұраныс та уақыт озған сайын өсе түспек. Көңілді тоқ санайтын тұс – осыған орай Елбасымыз өз Жарлығымен атқарушы билікті қайта құрылымдағанда, Энергетика министрлігі дейтін мекеме өмірге келді. Ол жұмыс істей бастаған сәттен бұрынғы жобаларды жүзеге асыруды жылдамдатты және жаңа ойларды өмірге әкелді. Біз Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың командасында ұзақ жыл­дардан бері жемісті жұмыс істеп келе жатқан Школьник мырзаның Елбасының бұл тапсырмасын да абыроймен орын­дайтынына сенеміз. Сөйте тұрып, өзіміздің «осы пайдалы-ау» деген ойымызды 2050 стратегиясын жүзеге асырушы Школьник және Исекешов мырзалардың назарына ұсынбақпыз. 
Сонымен, елді энергиямен қамтамасыз ету жаппай және қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазақстанның электр энергиясымен қамтамасыз етілмеген ауылдары азая бастады. Тіпті, шағын ауылдарға дейін газ құбырлары тартылуда. Былай қарағанда қуанышты жағдай. Дей тұрсақ та, осы тұста бізге Қазақстандай алып құрлықтың қақ ортасында жатқан және әлемдік ең арзан тасымал арнасы – су жолдарынан алыста орналасқан ел үшін энергияны үнемдеу, тасымал шығынын азайту басты қа­жеттіліктердің бірі. Ал қазіргі Қа­зақстанды көз алдыңызға елестетсеңіз бірнеше ондаған мың шақырымдарға созылған электр энергиясы өтетін мыс сымдармен торланған аймақты көре аласыз. Алыстағы аудандар мен ауылдарға жетіп жатқан энергияны сол сымдар тасымалдайды. Газды ауылдарға жер астымен өтетін пластмасса құбырлар жеткізеді. Қаншама шығын! 
Енді мынадай қарапайым есепті шығарайық. 18 миллионға жуық Қазақстан халқының 46 пайызы ауылдарда тұрады. Осының 50 пайыздайы малды ауылдарда тұрады деуге болатын шығар. Сонда малды ауылдарда, дәлірек айтсақ, тек қана мал шаруашылығымен айналысатын кәдімгі өзіміздің қазақы ауылдарда 4 миллион 240 мың адам тұрады деуге болады. Осыларды ғана көгілдір отынмен, электр энер­гия­сымен қамтамасыз ету үшін қанша полимер мен металл және темір бетон бағаналар шығындалғанын енді елімізді электрмен жабдықтаушы жақтардың мамандары есептеп шығарсын. Көп сан алатынына есепсіз-ақ сене беріңіз. Біздің пайым­дауымызша, дәл осы шығынды мүлде болдырмауға болады. Ол үшін малды ауылдарды электр энергиясымен, газбен орталықтандырылған жүйе арқылы жабдықтау бағдарламасы «қате жоба» деп танылып, оның есесіне басқа жоба өндіріске жолдама алса, пайдалысы сол. Ол жоба бұдан әлдеқайда арзанға түседі және мәңгілік жоба болады. Яғни әр малды ауылды жылумен, жарықпен өзін-өзі қамтамасыз ететіндей біздің бұл ұсынысты қазіргі таңда әлемнің ғылымы біздегіден әлдеқайда төмен мемлекеттерінде қолданып жүр. Ол – кәдімгі мал қиынан метан газын өндіріп, оны жарық пен жылу беретін көзге айналдыру жобасы. 
Анығы сол – малды ауылдардың қай-қайсысында да өздеріне жылу мен жарық беретіндей метан газын өндіруге жететін көң мен қи баршылық. Бірақ қазір олар бар болғаны отын ретінде тікелей пай­да­ланылуда. Бағалы шикізатқа қосымша құн беретіндей, пайдалы әсер коэффицентін өсіретіндей ғылыми көзқарас болмай тұр. Ескерте кетейік, аталған шикізаттан метан газын өндіру технологиясы мен оған қа­жетті құрал-жабдықты жасау мүлде қиын да, қымбат та емес. Бұл біздің химиктер мен ин­женерлердің қолдарынан келетін іс. Ендеше, Школьник пен Исекешов мыр­залар дәл осы жобаны индустриялық конвейерлік өндіріске енгізер болса, ауылдар орталыққа жарық пен жылуға қатысты алақандарын жаюды мүлде қояр еді. Ал мемлекет бюджеттің бос шығынын болдырмас еді. Бұл – бұл ма, құрамынан метан газы сылынып алынған көң мен қи сол ауылдарда көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдарын еге қалса, нағыз бағалы органикалық тыңайтқышқа ай­налып шыға келеді. Мұндайды қазақтар «екі жеп биге шығу» деген екен. 
Айқын

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста