Көктем туа тізеден су кешіп жүрмейміз бе?

Көктем туа тізеден су кешіп жүрмейміз бе?

Соңғы екі-үш жыл көлемінде еліміздегі кейбір ауылдарды су басуы әдетке айналды. Табиғаттың тосын мінезінен туындаған топан су қаптаған төтенше жағдай болса – түсінікті жайт, алайда «жаңбыр жаумай су болып», кәдімгі еріген қар суына «малшынып» жатқан кейбір ауылдардағы «төтенше жағдайды» өзіміз тудырып отырғанымыз жасырын емес. Көктемді қойып, ақпан айының басында күннің сәл жылынуының өзі Алматы маңындағы ауылдардың тұрғындарын әбігерге салды. Еріген қар суына таудан аққан су қосылып, Алматы қаласының төменгі бөлігінде орналасқан ауылдардың көшелеріне жайылып, үйлеріне дейін кіріп шошытты.
Жұртшылық қазірдің өзінде көктемнің келуін қорқынышпен күтіп отыр. Қор­қы­нышының себебі де белгілі. Күннің күрт жылынуымен айналадағы еріген қар суына таудан аққан су қосылып, көк­тем бойына тағы да тізеден су кешіп жү­реміз бе деген үрей. Айта кетер жайт – соңғы жылдары нағыз көктем ке­ліп, сай-саладан су ағар кезеңде Ал­маты қаласының төменгі бөлігінде ор­на­ласқан Боралдай, Өжет, Қайназар ауылдары түгіл, қаланың жоғарғы, тауға жақын бөлігіне орналасқан Абай, Іргелі, Алғабас ауылдарының да көшелері мен жертөлелері суға толып, көшеден аулаға кірген су үйлерінің іргетастарын үгітіп жіберетін болып жүр. Әдетте еріген қар суы мен ағынды сулар көшедегі суа­ғар­лар мен арықтар арқылы ағып, белгілі бір өзен, тоған суларына қосылып жатуы тиіс. Ендеше, суды ағызып әкететін арық­тар қайда кеткен?
Рахмет ӘБІКЕНОВ, Абай ауылының тұрғыны:
– Негізі, осы уақытқа дейін таудағы бұлақ сулары мен еріген қар суларын Абай ауылының жиегі арқылы егіс­тік­терді бойлай төмен қарай ағызып әке­тетін арнайы қазылған арықтар бар бо­латын. Алайда соңғы жылдары тұр­ғын­дар қоныстанып, құрылыс жұ­мыс­та­рының қарқынды жүруінің салдары­нан арық­тардың да бойы бітеле бастады. Кейбір тұрғындар арықтардың бойына күл-қоқыс тастайтын болды. Нәти­же­сін­де бүгінгі күні арықтардың бойы қо­қыс­пен бітелгеннен кейін, таудан аға­тын су бұрынғы арнасын таппай, кө­ше­лерге жайылып, тұрғын үйлерге кіретін болып жүр. Ал арнасын таппаған су бірнеше ауылға жайылып, тұрғын­дарға елеулі материалдық шығын келтіруде. Сондықтан тез арада арық­тар­дың бо­йын аршу керек. Алайда тұрғын­дар­дың ол арықтарды өз күшімен аршуға шамасы жетер емес. Сондықтан мем­лекет тарапынан көмек жасалып, арық­тардың бойын тазалауға кө­мек­тессе екен...
Осылайша арықтардың бойын бітеп, күл-қоқыс тастайтын кезде ешкімнен рұқ­сат сұрамаған ауыл тұрғындары, өздерінің  салақтықтары бастарына таяқ бо­лып тиіп,  зиян келген кез­де мемлекеттен қол жайып, көмек сұрап отыр. Осы орайда айта кетер жайт – кейбір ауыл тұрғындары өздерінің жер учас­келерін кеңейту мақсатында көше­дегі арық­тарды да өз жерінің аумағы­на кіргізіп алса, ал енді бір тұрғындар бұрынғы су арналарының үстіне үй тұрғы­зып алған. Бұл жерде бар кінәні тұрғын­дарға жауып, оларды кінәлай беру де артық­тау. Мә­се­лен, «осындай қауіпті аумақ­тардағы жер телімдерін заңдастыру кезінде жер­гі­лікті атқарушы билік өкілдері қайда қа­раған?» деген сұрақ та көңілде еріксіз көл­бең­дейді.
Айдос МОЛДАБАЕВ, Қайназар ауылдық округінің әкімі:
– Негізі, бұрын ауыл ішінде арнайы су ағатын арналар болған. Алайда қай бір жылдары бұл арналардан су ақпай қалуы салдарынан, табиғаттың сан өз­геріп тұруынан олар қабат-қабат болып қатып қалған. Қазір қайтадан таудан аға бастаған су бұрынғы арнасын таппай, далаға жайылып ағып жатыр.
Осылайша бүгінгі күні қараусыз қалған ауыл ішіндегі арықтар мен арналардан зиян шегіп отырмыз. Егер еріген қар суы мен таудан аққан сулардың арнасын қа­лып­қа келтіріп, ауыл ішіндегі арықтарға көше бойлап ағатын жағдай жасасақ, ауыл тұрғындары оларды бау-бақша жұ­мы­с­тарына пайдаланса, қазіргі беталды ағып жатқан кезінен әлдеқайда пайдалы болар еді. Көше бойлап сылдырап аққан су көшенің де әрін кіргізер еді. Ал қала ішіндегі арықтарды қалыпқа келтіру арқылы жауын-шашын суларын белгілі бір сүзгіден өткізу арқылы көлік жуатын мекемелер кәдесіне асырса, бүгінгі күні таза ауыз суды қалай болса солай қолда­нып отырған көлік жуатын мекемелердің жұмысына тосқауыл қойған болар едік. Алайда әзірге бұған ешкім мүдделілік та­ныт­пай отыр.
Жалпы, ауылдар түгіл, Алматы қала­сының ішіндегі жауын-шашын суларын бұ­рып әкететін жерасты суағарларының же­тімсіздігі, ал бұрыннан бар суағар­лар­дың бітеліп қалуы салдарынан бүгінде қала көшелеріндегі асфальт беттерінің әрқашан кілкіген суға толып тұратынын бай­қаймыз. Бұл, жалпы, суағарлар мә­се­ле­сінің бүгінгі күні тиісті орындар та­ра­пынан қадағалаусыз қалғанының айғағы болса керек. Әзірге жергілікті жердегі ауыл әкімдері де мәселені көре тұра, халықты жұмылдырып, арналардың көзін ашуға құлықсыздық танытып отыр. Сондықтан көктем туа тағы да су басқан тұрғындар айқайынан құлақ тұнатын секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста