Көкөніс бағасы арзандайды

Павлодар облысының шаруалары ауылшаруашылық өнімдерін жинауға кірісті.

Бүгінде бағасы аспандап кеткен сәбіз бен кароп едәуір арзандаған. Ал базарлар мен әлеуметтік дүкендер желісіне жаңа өнімдер жеткізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, біраз уақыт бұрын сәбіздің бір келісі 800 теңгеге жеткен еді. Шаруалар мұны қолайсыз ауа райымен байланыстырады. Өткен жылы кейбір аймақтарда қуаңшылық болып, өнім егіс басынан толық сатылып. Ал қысқа сақталған көкөніс қоры ерте көктемде аяқталды.

Облыс орталығымен іргелес жатқан Павлодар ауданы көкөніс жинауға бірінші болып кірісті. «Арман» шаруа қожалығы 100 гектар алқапқа сәбіз, картоп, пияз салған. Алпыс күнде пісіп жетілетін картоптың «импала» және «коломба» атты сұрыптары берекелі өнім берген.

Арман Ақтаев, «Арман» шаруа қожалығының басшысы: – Өнім көрсеткіші өте жақсы. Шамамен 30-35 тонна тауарлы картоп алып жатырмыз. Қазір картопты тек Қазақстан қалаларына жөнелтеміз. Ол Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Картоптың бір келісін 100 теңгеден босатамыз. Мен баға тұрақтануы керек деп ойлаймын. Себебі қазір көптеген фермерлік шаруашылықтар картоп науқанын бастады. Сәбіз бен қызылшаның да бағасын түсіретін кез келді.

Биыл сәбіздің бағасы Павлодар облысында 800 теңгеге дейін жетті. Мұндай жағдай көкөніске бай өлкенің тарихында бұрын соңды болмаған еді. Шаруалар бұған құрғақшылық пен пандемияның әсері еткенін айтады. Биыл да өнім жылдағы мерзімнен кеш егілген.

Арман Ақтаев, «Арман» шаруа қожалығының басшысы: Биыл көктем ұзаққа созылды. Біз бұрын сәуір айының басында сәбізді сеуіп тастайтынбыз. Биыл бір айға кешіктік. Тұқым тек мамырдың алтысында салынды. Өйткені сәуірдің үшінші он күндігінде ауа температурасы 10 градусқа төмендеді. Жер қатқақта дән себуге болмайды.

Енді аз күнде дүкен сөрелері жергілікті шаруалар өсірген пиязбен толығады. Бұл өнім соңғы екі жылда тәжірибе түрінде салынып жатыр. Павлодар ауданы облыс көлемінде көкөніс егуден алдыңғы орында тұр. Егіс алқаптарының көлемі 75 мың гектардан асады. Оның 4 мың гектарына картоп салынса, 3,5 мың гектарын сәбіз алып жатыр.

Динара Досанова, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің жетекшісі: – Жыл сайын ерте пісетін өнім түрлері жақсы бағамен өтеді. Кәсіпкерлер оны өздерінің шығындарын жылдам өтеу үшін егеді. Негізі ерте пісетін көкөністер қолмен жиналады. Себебі шағын алқапқа үлкен техника кешендері кіре алмайды. Жұмысшылардың жалақысы бар. Ол да өнімнің құнына әсер етеді.

Шаруалар егіс басынан картопты – 100, сәбізді – 200 теңгеден беріп жатыр. Ал базарларда картоп - 120, сәбіз - 320 теңгеден сатылуда. Әрине, көкөніс бағасы арзандаған. Бірақ баға нарқы толық бір жүйеге келтірілді деуге әлі ерте.

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста