Кенші мен металлургтердің жалақысы көтеріледі

Кенші мен металлургтердің жалақысы көтеріледі

Алдағы бес жылда кен-металлургия саласындағы отандық кәсіпорындарда 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады.
Бұл туралы кеше Астанада өткен Кен-металлургия өнеркәсібі еңбекшілері кәсіподағының VII съезінде аталмыш кәсіподақтың төрағасы Қайдауыл Шөменов мәлімдеді. Сондай-ақ бұл жиында осы сала мамандарының жалақысын 50-60 пайызға көтеру, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша жәрдемақы көлемін арттыру да сөз етілді.

Кәсіподақ төрағасы Қ.Шөменов: «Дағдарыс салдарын тиімді еңсеру үдерісі кен-металлургия саласындағы кәсіпорындарға алдағы бес жылда 26 жаңа жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл – жаңадан 10 723 жұмыс орны ашылады деген сөз», – деді съездегі баяндамасында.

Сондай-ақ ол аталған жиында кен-металлургия өнеркәсібі еңбекшілерінің жалақысын 50-60 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысын алға тартты.

Бүгінгі күні Қазақстанның кен-металлургия кешені елдің өнеркәсіп өнімдерінің төрттен бір бөлігін қамтиды. Оның жалпы ішкі өнім көрсеткішіндегі үлесі екінші орынды қамтып, 24 пайызды құрайды. Ел экспорты көлемінің 20 пайызы да осы салаға тиесілі. Сондай-ақ аталмыш сала бюджеттік түсімдердің 30 пайызға жуығын қамтамасыз етіп отыр.

Шөменовтің айтуынша, жаңа Еңбек кодексіне еңбекақыны төлеудің ең төменгі стандарты енгізілді. Ол өндірістің ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты әр сала бойынша ең төменгі еңбекақыны белгілейді. Бұл жүйе жекелеген кәсіпорындарда жалақыны бірден 70 пайызға көтеруге мүмкіндік береді екен.

«Дегенмен дәнекершілер мен механиктердің еңбекақысы сол күйінде төмен қалып отыр. Қазір кейбір кәсіпорындарда жоғары жалақы алатын бригадалар қалыптасып келеді, бірақ қосалқы қызметтердің жұмысшыларына әлі 35-40 мың теңгені малдануына тура келуде», – дейді ол.

Кен-металлургия саласы жұмысшыларының жалақысы экономикалық қызметтің 34 түрінің арасында 12-орында тұр. Кәсіподақ мүшелерінің пікірінше, бұл факт кеншілер мен металлургтердің еңбек өнімділіктерін арттыруға еш ынталандырмайды. Сол себепті алдағы бес жылда сала қызметкерлерінің жалақысын, кем дегенде, екі есеге арттыру қолға алынбақшы.

«Бүгінгі таңда кен-металлургия өнеркәсібі саласындағы шешімін таппай жүрген өзекті мәселелердің бірі – маман тапшылығы. Төмен жалақы, жоғары деңгейдегі өндірістік жарақат алу қаупі, зейнетақы жеңілдіктерінің алынуына байланысты қазір металлург-кенші мамандығы жастарды қызықтырмайды. Бұған дейін кенші, металлург кәсібі ең беделділердің қатарында болғаны белгілі», – деп атап өтті кәсіподақ төрағасы.

Осыған байланысты съезге қатысушылар Еңбек кодексіне зиянды өндіріс жұмысшылары үшін арнайы зейнетақы жеңілдіктерін қамтамасыз етуді, білім беру саласында кен-металлургия өндірісіне қажетті мамандықтарды көптеп ашуды, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша жәрдемақының көлемін арттыруды ұсынып отыр. Сала мамандары нақты есеп жүргізу үшін Үкімет жанынан арнайы комиссия жасақтауды да сұрады.

 Еске сала кетелік, қазір бұл салада 300 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың 90 пайызға жуығы ҚР Кен-металлургия өнеркәсібі еңбеккерлері кәсіподағының мүшесі болып табылады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста