«Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай желісі ашылды

«Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай желісі ашылды

«ҚазҚұрылысҚызмет» компаниясы «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай желісінің құрылысын мерзімінен бұрын тәмамдады. Кеше Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ кентінде «Қазақстан-Қытай» мұнай желісінің екінші бөлігі – «Кеңқияқ-Құмкөл» іске қосылды.
Мұнайды тұңғыш рет желі ар­қы­лы жіберу рәсіміне тапсырыс бе­руші өкіл­дері – «Қазақстан-Қытай құбыр же­лісі» ЖШС, «ҚазҚұрылысҚызмет» АҚ және мұнай операторы «Қаз­ТрансОйл», cондай-ақ Қытайдан ар­­н­а­­­йы келген қонақтар қатысты.
Осы жобаны жүзеге асыруға «Қаз­ҚұрылысҚызмет» пен қосалқы мер­ді­гер­лік мекемелерден 2500 жұмысшы қатысқан. Ком­па­ния Ақ­тө­бе мен Қызылорда облыс­та­ры­нан кел­ген 200-ден астам ма­ман­ды жұ­мыс­пен қамтамасыз етті.
Мұнай желісінің толық құрылысы 2008 жылы мамыр айында бастал­ған еді. Келісімшартына сәйкес, құ­ры­лыс 2009 жылдың тамызында аяқ­талуы тиіс болатын. Алайда жұ­мыс мерзімінен бұрын бітіп кетті.
«Кеңқияқ-Құмкөл»  мұнай же­лі­сі­нің ұзындығы – 793 шақырым, құ­быр диаметрі – 813 мм. Бастапқы ке­зеңде мұнай желісі арқылы 10 млн тон­на жылына мұнай жіберілмек. Ке­лесі жылғы меже – 20 млн тонна. Ре­с­урстық база ретінде Ақтөбе об­лысы мен Батыс Қазақстан ке­ніш­те­рінде өндірілген «қара алтынды» пай­далану көзделді.
Жобаны жүзеге асыру бүкіл мұ­най саласына үлкен әсерін ти­гі­зіп, жаңа мүмкіндіктерге жол аша­ды. Эко­но­ми­ка­лық жағынан тиім­ділігі де дау ту­дыр­майды: «Қаз­Мұ­най­Газ­дың» бол­жамы бойынша, тек «Кең­қияқ-Құм­көл» аумағы ғана 2010-2020 жыл­да­ры елімізге 60 млрд тең­ге кө­ле­­мін­де салық табысын әке­ле­ді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста