Исламдық бағалы қағаздар шығаруға ынтамыз зор...

Қазақстан жақын арада ешқандай пайызсыз қарыз беруші кірісіне тәуелді бағалы қағаздар – сукук облигациясын шығаруға қызығушылық танытып отыр. Бұл жайында еліміздің индустрия және жаңа технологиялар министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.
Сауранбаев мырза өз сөзінде еліміздің исламдық қаржы жүйесін дамытуға деген ынта-ықыласы түзу екенін, тіпті ел Президентінің өзі 2011 жылы ислам­дық қар­жы жүйесін дамытуға; қарапайым ха­лықтың қолы жететін сукук облигацияла­рын шығаруға; сол арқылы халықтың қал­тасына кіріс кіргізу жүйесін меңгеруге қа­тысты арнайы тапсырмалар бергенін де атап өтті.
Міне, осыған орай отандық маманда­ры­мыз­дың бір парасы «болашақта біз бұл бағытта жүйелі іс атқарғымыз келсе, мем­лекеттік холдингілерге және ұлттық ком­панияларға сукук облигацияларын ор­на­ластыруға, сукук бағалы қағазын шы­ғаруға инвестиция салуға мүмкіндік беруі­міз қажет» дейді. Ал бұл орайда Ин­дустрия және жаңа технологиялар ми­нистрлігінің өкілдері биылғы жылдан бас­тап қазақ­стандық Даму банкі сукук об­ли­гацияларын шығаруды жоспарлап отыр­ғанын, артынша біршама мемлекеттік компаниялар мен ұлттық холдингілер бұл іске тартыла бастайтынын мысал етті. Сон­дай-ақ вице-министр Нұрлан Сауранбаев сукук облигация­ларына инвести­ция салуға алкоголь, темекі өнімдерін шы­ға­ратын кәсіпорындар, халал емес өнімдер шығарумен айналысатын фирмалар, қару-жарақ сатушы орындар қатыса алмайтынын баса айтты.
Негізінен, «Сукук облигациялары эко­но­микалық әлеуеті мықты ірі жобаларды қаржыландыруға септігін тигізеді» деген үміт те жоқ емес. Ал, жалпы, уақыт өте ке­ле бұл ислам қағаздары қарапайым ха­лыққа да қолжетімді болмақ. Ислам ба­ғалы қағаздары бойынша мәліметті бағалы қағаздарды сату және сатып алу ісі бойынша жасауға болады. Яғни кез келген адам брокерлік ұйымға барып, ислам бағалы қағаздарын сатып алуға болады. Бір ескеретіні, «сукук» сөзінің өзі «заңдық құжат, тү­біртек» деген мағына беретіндіктен, сукук­тың қарапайым облигациялардан өзіндік ерекшелігі де бар... Оны төмендегі кестеден байқауға болады:

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста