Ирак мұнайын кім игереді?

Ирак мұнайын кім игереді?

Инвесторлар 40 жылдан кейін Иракқа қайта орала бастады. «Қазір Ирак жаңа соғыс алаңына айналып отыр. Бұл – ірі мұнай концерндерінің арасындағы Ирак мұнайы үшін басталған талас» дейді  The Independent басылымы.
30 маусымда Бағдатта ірі кен орын­дарын игерудегі келісімшарттар жа­сау жұ­мыстары басталды. Коррупциялық кінә та­ғылмас үшін бар процесс теледидар ар­қылы ашық арнада өтуде. 115 мил­лиард баррельді құрайтын Ирактың мұ­най бассейнінің қоры әлемдегі үшін­ші орында. Сонымен қатар мұнай са­ла­сының сарапшылары «қазір әлемдегі аса ірі барланбаған кен орындары Ирак пен Ираннан ғана табылуы мүмкін» деп отыр. Сондықтан соғыс қимылдары әлі басылмаса да, америкалық мұнай ком­па­ниялары ирактық нарыққа лап қой­ды. Кеше бәске қойылған Румалия кен ор­ны «Бритиш Петролеум» бастаған кон­сор­циумға бұйырды. Оның құрамында қы­тай­лық  CNPC бар. Ресейлік «Лукойл» ком­паниясы да Саддам Хусейн кезіндегі ке­лісім­шарт бойынша игеруді бастаған «Ба­тыс Курна-2» кен орны үшін таласып көр­мек.
Алғашында бұл конкурсқа америкалық Exxon Mobil да қатысқан болатын. Бі­рақ «Ирак үкіметі оның ұсынысын ком­мерциялық жағынан тиімді емес деп тап­ты» деген күлбілте мәлімдемеге қа­ра­ғанда, америкалық компаниялардың шө­міш­тен қағылуы саяси себептерге бай­ланысты тәрізді. Себебі қанша жыл «де­мо­кра­тиялық» соғыс қимылдарын жүргізіп, мың­даған сарбаздарынан айырылған АҚШ Ирактағы әскери науқанды ондағы мұнай келісімшарттарын өзге ел­дер­дің компанияларына алып беру үшін жасамағаны белгілі. Сондықтан аме­ри­калық Exxon Mobil да, Chevron мен Co­no­co Phillips компаниялары да әлі талай келісім­шарт­тарға қол жеткізе алатыны анық.
 «Бұл аукциондар әлемдік мұнай на­рығының таяу болашақтағы архитек­ту­расын анықтайтын болады» дейді The Wall Street Journal басылымы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста