Мәжіліс депутаттары Премьер-министр Әлихан Смайыловқа «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларынан бастапқы жарнаны алып тастау туралы сауал жолдаған. Әлихан Смайылов сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастауға келсек, қарыз бойынша бастапқы жарна кепілді қарыздар мен соның салдарынан туындайтын тәуекелдерді сақтандыруға арналған. Бастапқы жарнаны алып тастау немесе азайту қарыз алушының ай сайынғы қаржылық жүктемесін көбейтеді», деп жазды Үкімет басшысы.