Интернет болмағанда қайтер едік?

Интернет болмағанда қайтер едік?

Қазіргі 40-тың қырқасынан асқандар кеңес дәуірінде комсомол күнін 29 қазанда атап өтетін. Бұл күні интернеттің дүниеге келгенін ол кезде қайдан білсін. Комсомол келмеске кетті. Ал интернет әлі тірі. Тіпті жер-жаһанды жаулап алды. Кеше әлем жұртшылығы оның 40 жасқа толуын атап өтті. Дүниені дүр сілкіндірген ғажайып ғаламтор дүниеге қалай келіп еді?

NORAD, Arpanet және Балқаш

Сол күні Лос-Анжелестегі Калифорния университетінің қазіргі профессоры Леонард Клейнрок пен оның әріптестері, студенттер компьютерді қоршап тұра қалысты. Олардың арасында Стэнфордқа жүйе арқылы тұңғыш хабарлама жіберу құрметі Чарли Клайнға (кей жерде студент, кей жерде ғалым деп жазады) бұйырыпты. 1844 жылы алғашқы хабарын телеграф арқылы жіберген әйгілі Морзе «ғажап сенің құдіретің, құдайым» десе, Клайнның «бісмілләсі» LOGIN болатын. Оны Стэнфорд зерттеу университетінде Билл Дюваль қабылдап алуы тиіс еді. Алайда Чарли Клайн алғашқы екі әріпті ғана теріп үлгерді. Байланыс үзіліп қалды. Дәл осы үзілген хабарды көпшілік интернеттің алғашқы қадамы санайды. Бірақ The Gardian жазғандай, ғаламтордың бастау алу мерзімін тап басып айту мүмкін емес. Соған қарамастан адамзат 29 қазанды интернеттің туған күні ретінде атап өтеді. Бірақ ол бастапқыда Arpanet деп аталды.

Arpanet жылдам дамыды. Қазандағы тәжірибеде екі сервер қолданылса, желтоқсанда сервер саны төртеуге, 1972 жылы 37-ге жеткен. Одан кейін түрлі жүйенің басы бір арнаға тоғыстырылды. Осылайша, интернет пайда болды.

Бірақ Arpanet тұңғыш жаһандық жүйе болған жоқ. Ол іске қосылғанда Солтүстік мұзды мұхит тұсынан ракета шабуылына тойтарыс беруге арналған америка-канадалық NORAD (Солтүстік Американың әуе-ғарыш қорғаныс әскері) жүйесі жұмыс істеп тұрған. Одан басқа NORAD іске қосылмай тұрып КСРО-да 1959-1960 жылдары дәл сондай ауқымды болмаса да, желісіз жүйе болған көрінеді. Балқаш маңайында орналасқан жүйеде қуаты әртүрлі бірнеше машина өзара радиоарналар арқылы байланысып тұрған. Сол кезде тәжірибеге басшылық жасаған Всеволод Бурцевтің айтуынша («Информациялық технологиялар және есептеуші жүйе», №3, 2002 жыл), бұл жүйе 1 МГц жиілігінде жұмыс істеген. Ал ARPANET оның шаңына да ілесе алмайды екен: небәрі 56 КВт.

Сондықтан ARPANET-ті құраушылардың еңбегі – тұңғыш жаһандық жүйені ойлап табуында емес, оның таралуына жағдай жасауында.

«Күшік», «смайлик» және «спам»

12 жыл өткен соң жүйеде небәрі 213 компьютер болса, тағы 14 жылдан кейін онлайнда 16 млн адам есепке тұрды. Электронды хат дүниеге көп өзгеріс әкелді (қазір қағазға хат жазатындар бар ма екен өзі?). Пайдалануға жарамды тұңғыш веб-браузер 1993 жылы пайда болды. 1995 жылы Amazon.com кітап дүкені ашылды. 1998 жылы Google, 2001 жылы Wikipedia дүниеге келді.
Бүгінде интернетті пайдаланушылар саны 1,7 млрд адамнан асып жығылады.

1971 жылы Рей Томлинсон ARPANET жүйесі үшін электронды поштаны ойлап тапты. Өзіміз «күшік» деп жүрген @ белгісі арқылы ол пайдаланушының есімі мен компьютердің арасын ажыратты. 1976 жылы Елизавета патшайым алғашқы электрондық хат жазып жіберді. 1978 жылы бірінші спам пайда болды: Гарри Туерк деген пысықай жүйені пайдаланушыларға тұңғыш коммерциялық хат жіберген.

1982 жылы Скот Фалман хаттарда әзілден кейін қойылатын, тыныс белгілерінен құралған белгіні пайдалануды ұсынды. Оны қазір «смайлик» деп жүрміз. 1990 жылы интернет арқылы басқарылатын тұңғыш машина пайда болды. Ол не десеңіз, нан қуыратын құрал, яки кәдімгі тостер. Тұңғыш веб-камераның дүниеге келуі де асүйдің техникасымен байланысты.
1991 жылы еуропалық CERN физикалық зертханасы бәріне белгілі www - World Wide Web протоколын жасады. Компьютерлік вирустардың пайда болуы да сол жылы.

Ал біздің елімізде интернетке дербес компьютермен кіретіндер саны бүгіндері 1 млн 200 адам екен. Соңғы төрт жылдың ішінде осы саладағы табыс көлемі 100 миллионнан 400 миллион теңгеге дейін өсіпті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста